Мамандықтар жәрмеңкесі. Дүниетану, 4 сынып, қосымша материал.
Сабаққа әдістемелік нұсқаулықтар
1.«Тақтадағы графити» кіріспе тапсырма. Оқушылар тақтаның әржерлерінде бөлім тақырыбы бойынша кез келген сұрақ жазады. Бұл оқушылар алдағы уақытта жауап алғысы келетін сұрақтар болуы мүмкін. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар бар білімдерді жаңғыртады, ақпаратты талдайды, жаңа сабақ тақырыбын анықтайды.
2. Сабақтың мақсатын анықтау (ұжымда). Сабақ тақырыбын оқушыларға хабарлаңыз, олар бағалау критерийлерін анықтай отырып, сабақтың мақсатын болжайды.
3. Ойлан.Тапсырманы орындау алдыңғы бөлімдердің материалына негізделе отырып, топтарда жүргізіледі. Оқушылар оқулықтағы мәтінмен танысады, кесте мәліметтерін оқиды. Содан кейін әрбір топ мамандық атауымен стикер алады, бұл мамандықтың қай өңірде кең таралғанын анықтайды, картада тиісті орынға стикерді бекітеді. Оқушыларға өз шешіміне түсініктеме беру қажет, осылайша өңірлердің табиғи жағдайлары мен шаруашылық қызмет түрлерінің тәуелділігі туралы қорытынды жасалады.
4. Анықта.Келесі тапсырма оқушылардың назарын жергілікті материалға аударады. Сол топтарда оқушылар біздің өңірде қандай мамандықтар қажет екенін анықтай отырып, жұмысын жалғастырады. Және ең сұранысқа ие бес мамандық рейтингісін құрайды. Содан кейін жалпы рейтинг құру керек: бір топ өз рейтингін оқиды, қалған топтар әлі аталмаған мамандықтарды қосады. Оқушылармен барлық мамандықтар өңірде бар ма, олардың қаншалықты танымал екенін талқылаңыз. Қорытынды рейтинг қорытындысында 5 мамандықтан тұруы керек.
5.Кел танысайық. Ыбырай Жақаевтың өмірбаянымен танысу "Білемін-Білгім келеді-Білдім" кестесін толтыру негізінде құрылады. Оқушылар фотосуретті қарап, нақты білетін ақпаратты хабарлайды. Содан кейін "білгім келеді"деген баған үшін сұрақтар жазады. Осыдан кейін оқушылар оқулықтағы мәтінмен, карточкадағы қосымша материалдармен танысады, кестенің 2 бағанының сұрақтарына жауап береді, 3 баған толтырады. Жұмысты қорытындылай келе, оқушылар Еңбек адамы қоғамның құрметіне лайық екенін түсінуі керек және бұл сыйластықты мемлекет көрсетіп, үздіктерді марапаттайды.
6. Зертте. Келесі тапсырманы орындай отырып, оқушылар "Зерттей" және "Байқап көр" айдарларының ақпаратын біріктіреді. Топтарда басынан бастап Оқушылар облыстың ірі өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының тізімін құрайды. Олар өз білімдерін және қосымша ақпаратты газеттерден, интернет-сайттардан ала отырып пайдалана алады. Содан кейін жеребе тастау әдісімен әр топ бір кәсіпорынды таңдап, жоспарды пайдалана отырып, оған сипаттама береді, деректерді кестеге енгізеді. Оқушылар "бос орын" терминімен танысып, өз кәсіпорнының қандай кәсіптің жарнамасын мамандықтар жәрмеңкесіне жасай алатындарын
ойластырады. Топтар өз жұмысын сыныпқа таныстырады. Жұмысты "үш шапалақ" әдісі арқылы бағалауға болады.
7. "Болашақ мамандықтар рейтингі". Сабақты қорытындылай келе, оқушылар стикерге өңірдегі сұранысқа ие болашақ мамандығының атауын жазады. Стикерлерді тақтаға бекіте отырып, болашақ кәсіптердің рейтингісін жасайды.
Теориялық материал:
Табиғи жағдайлар, пайдалы қазбалар қорлары, халықтың зияткерлік әлеуеті өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы құрылымына және өңірдің дамуына әсер етеді. Республиканың солтүстік және шығыс өңірлері өнеркәсіптік кәсіпорындармен ұсынылған, оңтүстік облыстардың табиғи жағдайлары ауыл шаруашылығы өнімінің жылына екі өнімін алуға мүмкіндік береді. Оқушылар "Менің Отаным-Қазақстан" бөлімінде табиғи жағдайлар мен шаруашылық қызмет түрлерінің тәуелділігін зерттеді. Бұл сабақта белгілі бір аймақта және осы аймақтың еңбек адамдарына баса назар аударту қажет.
Өнеркәсіптің күрделі құрылымы бар, өнеркәсіпте көптеген салалар бар. Қазақстанда өнеркәсіптің 150 саласы ұсынылған. Тамақ өнеркәсібі келесі бағыттардан тұрады: ет, нан пісіру, ұн тарту, май-ірімшік пісіру. Қазақстанның оңтүстігінде, қызылша өсіру аймақтарында қант өнеркәсібі дамыған.
Жеңіл өнеркәсіп тоқыма, тігін, үлбір, тері-аяқ киім саласынан тұрады.
Қазақстанда көліктің барлық түрлері ұсынылған:темір жол, автомобиль, авиациялық, құбыр, өзен және теңіз. Сәйкесінше осы көлік салаларының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тиісті салалар дамыған. https://cyberpedia.su/12xf369.html
Қазақстанның әр өңірінде жұмысшы кәсіптердің үздік өкілдеріне құрметпен қарайды, олардың еңбегін құрметтейді. Әр мамандық бойынша "үздік ..." төсбелгілері мен құрметті атақтары бар. Саланың немесе жеке кәсіпорынның үздік қызметкерлерінің тізімін компаниялардың/кәсіпорындардың сайттарынан табуға болады.
"Білемін-білгім келеді-білдім" кестесі сын тұрғысынан ойлауды дамытудың тәсілі болып табылады. Бұл танымдық үдерісте кері байланысты дамытуға бағытталған интерактивті әдістемелік тәсіл. Ол туралы Чикагодан профессор Донна Огл тұсаукесерінен кейін 1986 жылы алғаш рет сөз сөйледі. Бұл зерттелетін материалды құрылымдау мен жүйелеудің өте ыңғайлы тәсілі. Оқу үрдісінде ЖХҚ кестесін қолдану кезінде екі жақты белсенділік жүреді: мұғалім тарапынан да, оқушылар тарапынан да. Кестені толтыру барысында оқушылар таныс және жаңасын бір-бірімен салыстыруды, белгілі ақпаратқа сүйене отырып, өзінің танымдық сұраныстарын анықтауды үйренеді.
http://pedsovet.su/metodika/priemy/5725_zhu
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?