Табиғи жағдайлардың ауыл шаруашылығына әсері. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4сынып
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 бөлім:«Менің Отаным Қазақстан» Күні: Сынып: 4 | Мектеп Модератор: Аргунова Т.В. Қатысқандар саны: Қатсыпағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Табиғи жағдайлардың ауыл шаруашылығына әсері | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.2.3.1 өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар -ауыл шаруашылығына табиғи жағдайлардың әсерін талдайды. | ||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: -шаруашылық іс әрекеттің табиғи жағдайларға тәуелділігін түсіндіре алады; Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Егіншаруашылығы мен мал шаруашылығы табиғи жағдайларға қалай тәуелді? Жазуға арналған сұрақтар: -мал шаруашылығы салалары және оларды даму себептері; - өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған жарнамалық ұран. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек адамына құрмет, ауыл шаруашылығы еңбегінің күрделілігі мен маңыздылығын түсіну қалыптасады. Еліміздің әлемдік экономикалық мәселелерді шешуге жаһандық қатысын түсінуі дамиды. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі: сөйлеу дағдысын дамыту; Жаратылыстану: Қазақстанның өсімдік және жануарлар әлемі. Картамен жұмыс. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылардың картографияда қолданылатын физикалық карта және шартты белгілер туралы, Республиканың өсімдіктер мен жануарлар әлемі алуан түрлілігі, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінің жер бедері мен табиғи жағдайлары туралы білімдері бар. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-5 6-8 |
-Табиғи жағдайларға не жатады? Оқушылар топта "табиғи жағдайлар"тақырыбы бойынша кластер құрып жұмыс істейді. Бұл тапсырма бар білімді жаңғыртуға бағытталған. Жұмыстарды тексеру шеңбер бойынша, топтан топқа беріліп жүргізіледі.
| А3 форматтағы ақ парақтар, топтардың санына қарай түрлі түсті маркерлер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №2 Слайд №3 | |||
Сабақ ортасы 10-13 14-18 19-25 25-38 |
-Картаны қарастырыңдар. - Біздің өлкеміздің жер бедері қандай? - Біздің өңірдің климаты қандай? - Біздің облыста қандай өсімдіктер өсіріледі? - Мұнда қандай жануарларды өсіруге болады? - Қызылорда облысында күріш неге өсіріледі? Оқушылар алған білімдері мен карта мәліметтеріне сүйене отырып,мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
- Оқулықтағы мәтінді оқыңдар және "экспорт" және "экспорттық өнім"деген сөздерді қолданып логикалық тізбек құрастырыңдар. Оқушылар топта жұмыс істейді. Қағаз парағына жоғары өнім мен өнім экспорты арасындағы себеп-салдарлық байланысты белгілей отырып, сөздер тізбегін жазады. Бағалау критерийлері: -оқушылар ұғымдар тізбегін жасайды: бидай - жоғары өнім –экспорт – экспорттық өнімі. 5. Зерттеу жүргіз(жұппен) -Елімізде дамыған мал шаруашылығы саласын атаңдар. Оларды картадан көрсетіңдер. - Қазақстанда осы жануарларды неге өсіретінін түсіндіріңдер.Маралдар мен түйелерді өсіру үшін қажетті жағдайларды анықтаңдар. Зерттеу нәтижесін кестеге жазыңдар. Оқушылар жұппен жұмыс істейді. Әрбір оқушы мал шаруашылығының бір саласын атайды және Қазақстанның нақты осы өңірде оның даму себебін дәлелдейді. Осылайша алынған деректер кестеге енгізіледі. Бағалау критерийлері -оқушылар мал шаруашылығының негізгі салаларын атайды; - өңірдің табиғи жағдайлары мен мал шаруашылығы саласы арасындағы байланысты, оның ішінде маралдар мен түйелерді өсіру үшін қолайлы аймақтарды анықтайды. 6. «Жарнама агенттігі» ойыны (топта) -Біздің өлкемізде өндірілетін мал шаруашылығы өнімдерінің жарнамасын жасаңдар. Немесе біздің облыста өсірілетін жидектердің, жемістердің, көкөністердің суреттерінен фотоколлаж жасаңдар. Жарнамалық ұран ойлап табыңдар. Оқушылар топта жұмыс істейді, өз қалаулары бойынша жарнамаға арналған өнімдерді таңдайды. Дайын өнімді сыныпқа ұсынады. Бағалау критерийлері: - оқушылар өз өлкесіндегі мал шаруашылығы және/немесе өсімдік шаруашылығы өнімдерін дұрыс анықтайды; | ҚРФизикалық картасы, ҚР ауыл шаруашылығының картасы (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №4-5 А4 ақ парақ Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Дәптерлеріндегі кесте (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №6 А3, А4, А5; форматтардағы ақ парақтар,өсімдік шаруашылығы өнімдері бейнеленген журналдардан немесе фотосуреттерден жасалған қиықтар, желім, қайшы, маркерлер, бояулар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №7 | |||
Сабақтың соңы 39-40 | «Шығу рұқсаттамасы» стратегиясы Оқушылар өздеріне қатты ұнаған жарнамалық постерге стикерлерін жабыстырады.Стикерлерді ең көп жинаған постер үздік деп танылады. | Стикерлер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №8 | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Аса қабілетті оқушыларға зерттеу жүргізу кезінде кестеде мал шаруашылығы салаларын көбірек көрсетуді; өз өңірінің ауыл шаруашылығы өнімдері үшін жарнамалық ұран құрастыруды ұсынуға болады: | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады. "Шығу рұқсаттамасы" стратегиясы топтық жұмыстың нәтижесін бағалауға, сабақта алған білімдерін жинақтауға мүмкіндік береді. Сабақта адамның шаруашылық қызметін талдай білуді, себеп-салдарлық байланыстарды орната білуді дамытады. Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалаңыз: - Біздің облыста ауыл шаруашылығының қандай салалары дамыған? - Неге стикермен осы жұмысты атап өттіңіз? - Біздің еліміз қандай ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды? | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында,қайшымен және желіммен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?