Табиғи апаттар дегеніміз не? Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім «Жанды табиғат»

Мектеп:

Мерзімі: 1-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғи апаттар дегеніміз не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.2.2

Қолайсыз ауа-райы табиғи климаттық жағдайларда өзін- өзі ұстау ережелерін құрастыру

3.2.3.2

Геологиялық және табиғи – климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • Табиғи апаттар ұғымын түсінідіре алады;
  • ауа райы мен климаттық жағдайлардың адам өміріне әсерін түсіндіре алады;
  • ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыра алады.

Бағалау критерийлері

  • адам өміріне ауа райы мен климаттық жағдайлардың әсер ету дәлелдерін келтіреді;
  • ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстаудың негізгі 3 ережесін құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • ауа райы адамдарға қалай әсер ететінін 1 минут үзбей баяндайды;
  • Табиғи апат түрлерін атай алады;
  • ауызша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады

Терминология:

  • табиғи апаттар;
  • Табиғи ортадағы қауіп-қатер

Пайдалы сөз тіркестер:

Адам өмірі мен қызметі ауа райына және климаттық ....

Табиғи апаттық жағдайда ең басты қағида- ...

Құндылықтарды дарыту

Қауіпсіздік – ауа райының қолайсыз жағдайындағы қауіпсіздік ережелерін құрастыру арқылы жүзеге асады;

Сыйластық – бір-бірінің жауабын мұқият тыңдау барысында көрініс табады.

Пәнаралық байланыстар

География: табиғи апаттар;табиғи ортадағы қауіп-қатерлер

ұғымдары талданады;

Қазақ тілі:оқушылар табиғи апат түрлерін кірме сөздер ретінде қарастырып, дұрыс жазылуын үйренеді

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушыларда қолайлы, қолайсыз табиғи жағдайлар туралы

түсінік бар Ауа райының қолайсыз құбылыстарын біледі. Қауіпсіздік ережелерін құру тәжірибелері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-7

8

  • Топқа бөліну «Жау, жау, жаңбыр»

Оқушылар өздерін жауын тамшылары ретінде сезініп, сыныпты аралап жүреді. Ұстаздың «жау жау жаңбыр» деген сөздерін естігенде, дайын тұрған 4 топ парталарының қай орны бос соған тез жайғасады. Мақсаты: тамшы ауада қалмай тез «жерге» жетіп, бос орынға отыру. «Жау, жау жаңбыр» әнін қосып қоюға, бірге айтуға болады.

  • Ассоциация құру Талқылау және ой білдіру (жеке, топта, ұжымда)

Оқушыларға «ТАБИҒИ АПАТ» ұғымына ассоциация құру ұсынылады. Ол үшін ең алдымен оқушылар параққа өздері жеке орындайды, кейін топта кең ассоциация құрып, плакатқа түсіреді. Әр топ жұмыстарын бір-біріне көрсетіп салыстырады.

  • Сабақ мақсатын анықтау
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

-табиғи апат ұғымын түсінідіреміз;

-ауа райы мен климаттық жағдайлардың адам өміріне әсерін түсіндіреміз;

-ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастырамыз.

Слайд№1

Караоке ән Жау,жау жаңбыр

https://www.youtube.com/watch?v=iOClEPWg8hw

4плакат, маркерлер

Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз

Слайд№2

Слайд№3

Сабақ ортасы

9-19

20-27

28-34

  • «Ойлаудың 6 қалпағы» стратегиясы (топта)

Табиғи – климаттық апаттар туралы білімдерін толықтыру мақсатында бейнефильм көрсетіледі.

Көрсетілім алдында 4 топқа 4 түсті қалпақ таратылып беріледі (6 қалпақтың ішінен таңдатуға болады)

Оқушылар қалпақ түсіне қарай видеоақпаратты талдайды.

  • «Дебат» әдісі (топта)

Бірінші топ «Жауын-шашын пайдалы», екінші топ «Жауын шашын - зиянды», үшінші топ «Күн саулесі пайдалы», төртінші топ «Күн сәулесі - зиянды» (Жел-пайдалы, жел – зиян т.с.с) деген көзқарасты қорғайды. Әр топ өз көзқарастарын өмірден мысалдар келтіре отырып дәлелдейді.

Бағалау критерийлері:

  • адам өміріне ауа райы мен климаттық жағдайлардың әсер ету дәлелдерін келтіреді;
  • «Жаднама жаса» тапсырмасы(жеке немесе жұпта)

Оқушылар «Табиғи – климаттық апаттар туындаған жағдайдағы адам өмірінің қауіпсіздік ережелері» жаднамасын құрастырады.Алдын ала жаднаманы бағалау үшін, бірлесіп, ортақ критерилер құрастырады.

Бағалау критерийлері:

  • ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстаудың негізгі 3 ережесін құрастыра алады.

6 түсті қалпақ

Видеокөрсетілім

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=yEWHbJXirpI

Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз

Слайд№5

Табиғат құбылыстарының қима суреттері (дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд№6

Жеке парақтар

Слайд №7

Сабақтың соңы

35-40

  • Рефлексия «Тілші микрофоны»
  • ауа райы адамдарға қалай әсер ететінін 1 минут үзбей баяндайды;

Бағалау критерийлері:

  • адам өміріне ауа райы мен климаттық жағдайлардың әсер ету дәлелдерін келтіреді;

Микрофон

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Анықтама құра тапсырмасында оқуда кедергісі бар оқушыларға тірек сөздер беруге болады. Қабілеті жоғары оқушыларға өз бақылауларына, ата-аналарынан алған мәліметтерге, жаңалықтардан алған білімдеріне сүйеніп отырып «Сақтан!» тақырыбында насихат плакатын әзірлеу ұсынылады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

«Жаднама жаса» тапсырмасында ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстаудың негізгі 3 ережесін құрастырады. Оқушылар барлық білім мен тәжірибесін осы тапсырманы орындауда көрсетеді. 3 ережені дұрыс толық жаза білген оқушылар сабақ мақсатына жетті деп бағаланады. Сонымен қатар «Тілші микрофоны», «Дебат» әдістері де оқушылардың түсінігін тексеру және бағалау мақсатын көздейді. Әр тапсырма барысында сапалы кері байланыс беру маңызды.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.

Оқушылардың топпен жұмыс барысында еркін жүріп-тұруы денсаулықтарына пайдалы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу