Отбасының берекесі бәрінен де қымбат. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- «Алтын шеңбер» стратегиясы (ұжымда)
Талқылау кезінде оқушылардың назарын рухани құндылықтарға аудартыңыз.
Рухани құндылықтар:
• жауапкершілік,
• сүйіспеншілік,
• кешірім,
• отбасына қамқорлық жасау және қызмет көрсету,
• шыдамдылық,
• өзара түсіністік,
• құрмет,
• қарым-қатынас,
• қолдау,
• адалдық және шынайылық,
• сенім және т.б.
- «Бақыт деген не?» (жеке, ұжымда)
Оқушылардың жауаптарына негіздей отырып, тақтада "бақыт" сөзіне қатысы бар барлық ұғымдардың тізімін жасаңыз. Оларды маңыздылығы бойынша сұрыптауды сұраңыз. Мысалы: демалыс, мансап, отбасы, балалар, ақша және т. б. "Отбасы бақыты" ұғымын енгізіңіз. (Отбасы мүшелерінің барлығы бір-бірін жақсы көретін, құрметтейтін және бағалайтын отбасыны бақытты деп санауға болады).
- Рөлдік ойында оқушыларға сахналауды бағалау критерийін дайындау ұсынылады. Оны дайындауда қиындық туса оқушыларға келесі бағалау критерийлерін ұсыныңыз: "тақырыпты ашу", "өзектілік", "әртістік", "ерекшелік", "тартылу", "уақытты тиімді пайдалану".
- Шығармашылық тапсырма (жұпта)
Оқушыларға «Отбасылық бақыт құпиясы» тақырыбында постер-кластер құруды ұсыныңыз. Сабақта тапсырма негізгі болып табылады, сондықтан оқушыларға осы тақырып бойынша барлық білім мен тәжірибені қолдану қажеттілігі туралы еске салыңыз. Олармен бағалау критерийлерін талқылаңыз: бақытты отбасы белгілерін анықтайды. Барлығы "белгілер" сөзінің мағынасын түсінгеніне көз жеткізіңіз. Бағалауды "Галерея" стратегиясының көмегімен жүргізіңіз: барлық постерлер сынып бөлмесінің қабырғаларына ілінеді және оқушылар стикерлермен кері байланыс қалдырады. Бағалау қорытындысын шығарып, бақытты отбасы белгілерін көрсететін үздік жұмыстарды атаңыз.
- Рефлексияға арналған тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Ол үшін дидактикалық материалдан дайын үлгіні таратыңыз. Тапсырманы орындау алдында жақсылап ойлануды сұраңыз. Кейін кестені толтырады. Оқушылардың рефлексия нәтижелерін келесі сабақты жоспарлау кезінде ескеріңіз.
- Пайдалы сілтемелер
https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/biz-birgemiz
Отбасы туралы ән-жыр:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?