Халық айтса – қалып айтпайды. Дүниетану, 3 сынып, презентация.


Халық айтса –қалып айтпайды

12 сабақ

3 бөлім “Уақыт”

Адасқан сөздерден

сөйлем құра

Қарлығаштар, жауады. су үстін, ұшса, жел, бауырлай соғып, төмен, жаңбыр

Талқылау

Қандай тұжырым шықты?

Тұжырымның ғылыми негізі бар ма?

Тұжырымды кім айтты деп ойлайсың? Ғалымдар ма әлде көпті көрген халық па?

Болжам деп нені айтамыз?

Тағы қандай ауа-райына қатысты халық болжамдарын білесіңдер?

Сабақ мақсаты

Сен:

Ауа-райын халық болжамдарына сүйеніп анықтайсың;

Қолайсыз ауа-райы жағдайында қауіпсіздік ережелерін құрайсың.

Халық болжамдары:

- Жәндіктер, ұсақ шыбындар, қоңыздар кешке қарай айналып ұшса ауа-райы жақсы болады.

- Күндіз және кешке қарай балықтар суда шоршыса жауын-шашынсыз тұрақты ауа-райы болады.

- Желсіз күні орман іші шулы болса , құбылмалы ауа-райы болады.

- Қарлығаштар су үстін бауырлай, төмен ұшса, жел соғып, жаңбыр жауады.

- Орман іші тыныштала қалса, күн күркіреп жаңбыр жауады.

Видеоақпаратты талдау

- Қолайсыз ауа-райы сипаттары қандай?

-Пайда болу себебі қандай?

-Мұндай ауа-райы жағдайында өзіңді қалай ұстайсың?

- Төтенше жағдай қызметкері болсаң жұртқа қандай кеңес берер едің?

Сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=K2YbXdY8teU

Жаднама құрастыру

Қадамдар:

Қыс мезгілінің қолайсыз ауа-райына арналған жаднама құрап жаз;

Жұпта талқылап, ортақ пікірді жазыңдар;

Топта талқылап, топтан бір жаднама ұсыныңдар.

Толтыру парағы:

«Қос жазба күнделігі» тапсырмасы

РЕФЛЕКСИЯ

Саулнамаға жауап бер

Сонымен:

Сен:

Ауа-райын халық болжамдарына сүйеніп анықтадың;

Қолайсыз ауа-райы жағдайында қауіпсіздік ережелерін құрастырдың.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу