Дене мүшелері деген не? Дүниетану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

8 бөлім «Дені саудың, жаны сау»

Тақырып: «Дене мүшелері деген не?»

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Талдықорған қаласы

4 тоқсан 1 cынып

Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.4.5.1 Жеке бас гигиенасының пайдасы мен маңыздылығын түсіну, мысалы, қол жуу, тіс тазалау, тырнақ алу, тамақтану алдында қол жуу.

1.1.5.1 Өз көзқарасы мен пікірін қарапайым түрде білдіру

1.4.5.4 Оқу, ойын әрекетінде қауіпсіздік тәртіп ережелерін білу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар білу керек:

Адамның дене мүшелерін ажырата білу, гигиеналық тазалық,

денсаулық күту, дене мүшелерінің қызметі

Көпшілігі: дене мүшелерін атау, білу, көрсету, ажырату.

Дене

Дене мүшелерін

Кейбір оқушылар:

Дәрігерге қаралу, гигиеналық тазалық денсаулық сақтау үшін маңызды екенін түсіну.

Алдыңғы сабақта

Тағам және сусын бөлімі бойынша «Қазақстанда жасалған» тақырыбын қарастырдық

Тілдік мақсаты

Басқаларды тыңдап, диалогқа қатыса отыра үйдегі және мектептегі өмір туралы айту, сонымен қатар, осы тақырыптар бойынша сөздік қорын дамыту.

Жоспар

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер

Кіріспе бөлім

5 минут

Негізгі бөлім

33 минут

Қорытынды бөлім

2 минут

) Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалімнің нұсқаулығымен бірнеше дене жаттығуларын орындау. Дене жаттығулырын орындау кезінде «сынып» сөзі бірге айтылғанда ғана орындау керектігін ескерту.

  • Сынып оң қолыңды жоғары көтер;
  • Сол қолыңды көтер;
  • Оң аяғыңды көтер;
  • Сынып сол аяғыңды көтер;
  • Сынып қолыңды беліңе қой;
  • Оңға иіл;
  • Сынып солға иіл.

Сабақтың негізгі бөлімі бойынша бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу,қызығушылықтарын ояту мақсатында әр топтан бір оқушыдан төрт оқушы шығып, кеспе әріптерден «Денсаулық» сөзін құрастыру қажет.

(Ұ,Т) әр топтан бір оқушы шығып түсті кеспе әріптерден бірлесе «Денсаулық» сөзін құрастырады. Бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтап алғаннан кейін оқушылар жұптаса дене мүшелерін атайды.

) Жұппен жұмыс. Оқушылар жұптаса отырады.«Робот» ойынын жұпта орындайды.

Ол үшін оқушылар бір-біріне қарама- қарсы тұрады немесе отырады. Бір-біріне мұқият қарап, кезек бойынша дене мүшелерін атайды. Содан кейін әр оқушы өз әріптесінің нұсқауын анық орындауы тиіс. м/ы: оң қолыңды алдыға соз.

Тапсырмаларды дұрыс орындау нұсқаудың

анық берілуіне байланысты екенін ескерту.

Әр оқушы кезектесіп, екі рөлді де орындауы

қажет. Жұппен жұмыс орындап болғаннан кейін, оқулықтың 78-бетінде берілген дене мүшелерн дұрыс атай алғандықтарын тексеру және өздері білмейтін дене мүшелерінің атауларын білу мақсатында оқулықпен жұмысты орындатамын.

) Оқулықпен жұмыс. 78-бет

Оқулықтан дене мүшелерін меңгеріп болғаннан кейін, белсенді жұмыс түрі екі топқа бөліну арқылы ұйымдастырылады. Оқушының бойына сәйкес әзірленген екі постер беріледі. Дене мүшелерінің атаулары жазылған қима қағаздарды екі топқа беремін

(ОТ) Топпен жұмыс. «Біздің ұқсастығымыз неде?» тақырыбына екі топқа бөлініп постер әзірлеу. (екі топқа бөлінген топтағы оқушылар топ арасынан бір оқушыны постерге жатқызып дене пішінін 1-топ алдынанан қарағанда, 2-топ артынынан қарап тұрған адам пішінін сызуды тапсыру)

Тақырыппен байланыстыра және дене мүшелерін және олардың қызметін есте сақтау үшін төмендегі сергіту сәтін орындатамын.

(Ұ) Сергіту сәті

Аяқ та екеу, қол да екеу

Көз жанары, ол да екеу

Екеу қас та,құлақ та

Жүрек жалғыз бірақта.

-Екі көзің не үшін керек?-Жақсыларды көру үшін.-Екі қолың не үшін керек?-Елге көмек беру үшін.-Құлақ деген не үшін керек ?-Ақыл кеңес тыңдау үшін.-Тіл мен жағың не үшін керек?-Ақиқатты айту үшін.-Ал аяғың не үшін керек?-Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.

Сергіту сәтінен кейін оқулықтың 79-бетінде берілген суретке оқушылардың назарларын аударамын.

) Оқулықпен жұмыс 79-бет

(ОТ) Рольдік ойын «Дәрігердің қабылдауында» диалог құру.

(МК) Ауырып қалған жағдайда дәрігерге қаралу қажет.

Дәрігер кеңесі:

- Тамақтанар алдында қол жуу;

- Көкөністер, жемістерді жуып жеу;

- Әр жексенбі күндері жуынып, тырнақты алу;

- тамақтан кейін ауызды шайқау, күніне екі рет тісті тазалау;

- Өз бетімен емделуге болмайды.

Алған білімдерін тәжірибеде қолдану үшін оқушылар жұмыс парағындағы тапсырманы орындайды.

(Ұ) 55-, 56- жұмыс парағымен жұмыс орындау.

(Қ) Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға үлестірме парақшалар жазылған «Дұрыс жауабын тап» тапсырмасын беру.

Жауабын «иә» немесе «жоқ» деп белгілеу қажет.

Бас – дене мүшесі.

Денсаулық – теңдессіз байлық.

Үнемі спортпен шұғылданатын адамдар жиі

ауырады.

Жаттығу денсаулықты нығайтады.

Рефлексия. «Баспалдақ»

1-баспалдақ: Еш нәрсе түсінбедім, орындай алмаймын.

2-баспалдақ: Түсіндім, бірақ өзіме сенімді емеспін.

3-баспалдақ: Жаңа тақырыпты түсіндім, өзім орындай аламын.

Кеспе әріптер

«Дүниетану» оқулығы

2 постер, түрлі – түсті маркерлер, дене мүшелерінің атаулары жазылған қима сөздер.

Мектеп дәрігері, дәрігердің ауру адамды қарауға арналған аспаптары.

Дүниетану пәнінен жұмыс дәптері

Қосымша ақпарат.

Ажырату - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз?

Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Пәнаралық байланыстар

Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі

АКТ байланыстары

Құндылықтар байланысы

  • Қол шапалақтау, марапаттап отыру, ойын тыңдау. Қабілетті оқушыларға тапсырманы орындауды ұйымдастыруына ықпал ету.
  • Жұппен жұмыс кезінде сұрақтар қою, нұсқаулық беру, нұсқауды дұрыс орындау
  • Математика

Адамның дене мүшелерінің саны

  • Өнер

Постерге топтан бір оқушыны жатқызып, дене пішінінінің суретін слу.

Қалыптастырушы бағалау

Дүниетану

8 бөлім «Дені саудың, жаны сау»

Тақырып: «Дене мүшелері деген не?»

4 тоқсан

1 сынып

ОБ сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған ұсыныс

1.5. Әлеуметтік бағдарлау

(қоғам)

1.1.5.1 Өз көзқарасы мен пікірін қарапайым түрде білдіру

Оқу мақсатын жеңілдету үшін мұғалім сұрақтар қояды. Оқушылардың тілдесуінде идея айту, талдау, тізімдегі идеяларды белгілеу болуы қажет.

Тапсырма 1.

«Дұрыс жауабын тап» Әр сөйлемнің жанындағы кестеге «иә» немесе «жоқ» деп белгіле.

Бас – дене мүшесі.

Оң қолымда бес саусақ бар

Денсаулық – теңдессіз байлық.

Үнемі спортпен шұғылданатын адамдар жиі ауырады

Жаттығу денсаулықты нығайтады.

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Сыни ойлау және коммуникация

Берілген тапсырманың 4 – н дұрыс белгілей алады

Қалыптастырушы бағалау. 1 сынып

8 бөлім «Дені саудың, жаны сау»

Тақырып: «Дене мүшелері деген не?»

Оқушының аты – жөні---------------------------------------------------------------------

«Дұрыс жауабын тап» Әр сөйлемнің жанындағы кестеге «иә» немесе «жоқ» деп белгіле.

Бас – дене мүшесі.

Оң қолымда бес саусақ бар

Денсаулық – теңдессіз байлық.

Үнемі спортпен шұғылданатын адамдар жиі ауырады

Жаттығу денсаулықты нығайтады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу