Туризм деген не? Турист деген кім? Дүниетану, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар.

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім: Саяхат

Мектеп: Талдықорған қаласы

Физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты

Туризм деген не? Турист деген кім?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.4 Туризм

2.2.4.1 туризмнің негізгі түрлерін ажырату

 Сабақтың мақсаттары

 Оқушыларға туризм, турист жайында білім бере, туризмнің негізгі

  түрлерін ажыратуды үйрету.

 Бағалау критерийлері

Туризмнің негізгі түрлерін ажыратады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Туризммен байланысты, табиғат, климат және сәйкес табиғи құбылыстар тақырыбын бейнелейтін лексиканы оқып үйренеді.

 Құндылықтарды

 қалыптастыру

 

 

Салауатты өмір салты

 Пәнаралық байланыстар

Математика ,АКТ

 АКТ қолдану дағдылары

Білімленд сайтынан тест тапсырмаларын орындау

Бастапқы білім

Табиғи орта туралы айтарлықтай білімдері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

) Суреттермен жұмыс

Сурет жайында әңгімелесіп, ат қою тапсырылады.

Суреттер

Сабақтың ортасы

(Ұ)(Ө) -Демалыстың ең жақсы күндерін естеріне түсіріңдерші?

Әр оқушыға нөмір беріледі. Бір нөмірді атау.Нөмірі аталған оқушының жауап береді. Жауап бергеннен кейін оқушы басқа нөмірді атайды, сол нөмірлі оқушы жауап береді және т.с.с. жалғаса береді.

«Т!» Кестемен жұмыс.

Туризм деген не?

Турист деген кім?

Ой бөліседі. Мұғалім жауаптарын толықтырады.

Сөздік

Туризм –латын тілінде «шеңбер бойлай қозғалыс» деген мағынада. Туризм – адамның бос уақытында өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы.

Турист – саяхатқа шығатын адам. Турист – туризммен айналысатын адам.

Бейнекамера

Фотоаппарат

(Ұ) Оқушылар өздері білетін туризм түрлерін айтады. Мұғалім тақтаға жазады. Бірлесіп талқылайды.

(Ұ) Оқушылардан туристер тобына өздері тұратын жер мен өңір туралы не айта алатындарын ойлануды сұраңыз. Оларға зерттеу жүргізетіндерін және осы ауданға туристерді тарту үшін презентация дайындайтындарын айтыңыз.

(Ұ)(Т) Сыныпты топтарға бөліңіз. Оқушылардан туристерді қайда апаруға болатынын, ол жерде не көрсете алатындарын қайдан білуге болатынын талқылауды сұраңыз. Олардың жауаптарын тақтаға жазыңыз. Тізім мыналарды қамтуы тиіс:

  • Интернет
  • туристік/ақпараттық орталықтар
  • кітаптар, брошюралар, буклеттер, постерлер және басқа баспа материалдар
  • ауызша ақпарат – не білетіндері және бұл туралы не естігендері
  • жеке ақпарат – жергілікті көрнекі жерлерге барудың жеке тәжірибесі

(Ұ)(Ж) Топ қандай туризм түрін таңдайтынын анықтайды. Баруға болатын жерлердің және сол жерде нені көруге және не істеуге болатын тізімнен (мысал ретінде мұғалім жазбаларын қар.) элементтерді топтар арасында бөліңіз. Әр топтағы жұптар бір немесе бірнше тармақпен жұмыс істейді. Әр жұп өз тармағын(тарын) зерттейді және ол туралы өз ойларын жазады.

(Т)(Ө) Оқушыларға әр топ өздерінің тармақтары үшін туристік ақпараты бар таныстырылым дайындайтынын айтыңыз. Туристерге арналған ақпараттық постер нені қамтитынын және қалай жұмыс істейтінін оқушыларға көрсетіңіз және түсіндіріңіз. Постер атауды, суретті және мәтінді қамтуы тиіс.

Оның дизайнына әсер ететіндей өз ойыңызды ұсыныңыз:

  • мақсатты аудитория кім болып табылады;
  • постерде қамтылатын хабарлама;
  • ол қандай пішінде болады – суреттер, жазулар, мәтін, түс;
  • өлшем.

(Т) Өз зерттеулерінің нәтижесін пайдала отырып, әр топ нені қамтитынын таңдап және атауын, суреті мен мәтінін әзірлеп жұмыс істейді.

Топ бірлескен топтық жұмыстың зерттелген рәсімдерін қолданып, жұмысты оның мүшелері арасында бөледі.

(Ұ)(Т) Әр топ сыныпқа өз жұмысын көрсетеді.

(Ұ) (ҚБ) Сынып таныстырылым дайындаған уақытта не білгендерін талқылайды.

Баруға және көруге болатын жерлердің тізімі және ол жерде не істеуге болатынын жұптармен зерттеу үшін берілген тапсырмада төмендегілер қамтылған:

  • көркем галереялар
  • ғимараттар
  • ауылды жер
  • саяжай
  • ойын-сауық
  • халық әндері
  • ормандар
  • өнеркәсіп
  • жер бедері және пейзаж
  • ескерткіштер
  • мұражайлар
  • саябақтар
  • бұлақтар, өзендер және көлдер
  • қалашықтар және ауылдар
  • саяхат және көлік
  • тірі табиғат.

Бұл тізім кең болса да, ол оқушыларға қоршаған әлем туралы түсінігін дамытуға бағытталған диапазон және қызмет көлемі туралы кейбір көрініс береді.

Жұптық жұмыс

 Қазақстанда саған таныс қандай туристік нысанды білесің?

 Суретте қандай туристік нысандар бейнеленген? Туристерді сол жерге тарту үшін жарнама жаса.

Жарнама

ҮТ: Қазақстандағы танымал демалыс орындарын анықтау

Негізгі ерекшеліктер, қалалар және туристік назар аударарлық жерлер көрсетілген облыс картасы

Баспа, сол секілді сандық форматтағы өңір туралы ақпарат

Интернет сілтемелері бар компьютерлер

немесе қағаз, бор, қаламсаптар, қарындаштар, қайшы, желім

Кесуге арналған жергілікті өңір суреті бар үнпарақтар, брошюралар, журналдар

постерлер шаблоны

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізу

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу