Денсаулықты нығайту үшін фитнес жиынтығы. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді Сабақ жоспары №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8Денсаулық және фитнес

Мектеп: ------

Сынып; Күні, Мұғалімнің аты-жөні:

11 05.2020

Қатысқандар саны:

11 ______

Қатыспағандар саны:

11 ________

Сабақ тақырыбы

Денсаулықты нығайту үшін фитнес жиынтығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.2.5.5 Өзінің және өзгенің шығармашылық қабілетін біріктіру нәтижелерін бағалау.

11.3.4.4 Өзгелердің денсаулығын нығайтуға бағытталған дене белсендігі көмегімен қауіпсіз сабақтар өткізу.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар денсаулыққа пайдалы фитнес жаттығулар жиынтығын құрастырады және тиімділігін бағалайды.

 Бағалау

 критерийлері

  • Оқушылар фитнес жаттығулар жиынтығын құрастырады және көрсетеді.
  • Өзінің және өзгенің шығармашылық қабілетін бағалайды.
  • Қауіпсіздік ережелерін қарастыра отырып, белсенді дене жаттығуларды көрсете отырып сабақ өткізу.

 Тілдік мақсаттар

 

Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

Денсаулық-Здорвье- Healths

Фитнес – Фитнес- Fitness

Физикалық қасиеттер (күш, төзімділік, жылдамдық, иілгіштік)-

Физические качества((сила, выносливость, скорость, гибкость)-

Physical qualities ((strength, endurance, speed, flexibility)

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • Физикалық қасиеттер (күш, төзімділік, жылдамдық, иілгіштік)
  • дайындық: төзімділік, интервал, ұзақтық, жылдамдық/ жылдамдық төзімділік

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

  • Қандай қиындықтарға тап болдыңыз және оларды шеше алдыңыз ба?
  • Сабақ үстінде қауіпсіздік үшін қандай іс-әрекеттер мен командалық іс-әрекеттерді қарастырдыңыз?

 Құндылықтарды

 дарыту

«Спортпен бірге өмір сүр».  Өзіңізді дұрыс қалыпқа келтіріп, тәніңіздің сұлу болуына ықпал ету. 

 Пәнаралық

 байланыстар

Биологи, химия пәні.( Кез келген жаттығудан нәтиже шығарудың 70 пайызы тамақтануға байланысты. Қалған отызы - зал мен жаттығулардан тұрады.Егер сіз күн сайын шұғылданып, дұрыс тамақтанбасаңыз, онда әсері болмайды.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Фитенс бойынша кіріспе:

Бастапқы білім

Оқушылар жеңіл атлетика және фитнеспен айналысу арқылы қозғалыс қабілеттерін еске түсіреді. Алдыңғы өткен бөлімдермен байланыстырып сабақтар құрастырады.

С а б а қ б а р ы с ы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5-8 мин

  • Оқушыларды сапқа тұрғызу
  • Сабақтың тақырыбын, мақсатын талдау.
  • Сергіту сәтін қолдану. (Кім жылдам) (сілтеме)

1 Саптық жаттығуларды қайталау(оң-ға, сол-ға, ай-нал, орнында қадам-бас т.с.с)

2. Спорталаңын айнала бір қалыпта 3-4 шеңбер айналым жүгіру (көлеміне байланысты). 

Оқушылар - жүгіру жаттығуларын орындайды:

  • Тізені жоғары көтеріп жүгіру 30-40м
  • Жылдамдықпен жүгіру 50-80м
  • Аяқты артқа лақтырып жүгіру 30-40м
  • Жылжымалы қадаммен жүгіру 30-40м
  • Секіру қадамдарымен жүгіру 30-40м
  • Жылдамдықпен жүгіру және серпінмен жүгіру 30-40м
  • Алмастырып жүгіру 30-40м

3. Жүгіргеннен кейін ағзаны қалыпқа келтіру.

Үлкен кең кеңістік, ысқырық, уақыт өлшеуіш.

Сабақтың ортасы

20-25 мин

  • Оқушылар фитнес жаттығулар жиынтығын құрастырады және көрсетеді.

Дескриптор: 3-4 фитнес жиынтық жаттығуларын ойластыру. Уақыт -5 мин ойлану, 5 мин тәжірибелеп көрсету.Мұғалімнің кері байланысы

(Т, ЖЖ, Э, ҚБ) Оқушылар жұптасып немесе топтасып зерттеу деректеріне негізделген он бес минуттық фитнес жаттығуларын ұйымдастырады. Оқушылар өз таңдауымен фитнес жаттығуларымен шынығу бойынша ең соңғы әдістер мен процедураларды зерттейді де, сабақ үшін және басқалардың орындауы үшін өз жоспарларын ұсынады. Содан соң жұптағы немесе топтағы оқушылар бір-біріне фитнес жаттығуларын көрсетеді және қалай әсер ететінін талқылайды. Топ шынығуды сынап, түрлі іс-әрекет түрлерін қосу мен түрлі әрекеттерді орындауды қолдауға бағытталған дәлелдерді қарастырады.

Сұрақ: Сіздер қандай қиындықтарға тап болдыңыз және оларды шеше алдыңыз ба?

Қалыптастырушы бағалау: Мұғалім кесте арқылы фигуралармен бағалау.

Оқушының аты-жөні

  • Оқушылар фитнес жаттығулар жиынтығын құрастырады және көрсетеді.

1

Өте жақсы

2

жақсы

3

қанағаттанарлық

  • Қауіпсіздік ережелерін қарастыра отырып, белсенді дене жаттығуларды көрсете отырып сабақ өткізу.

(Б, Т, Ф) «Пойыз» эстафетасы

2-3 команда қатысады, бірінші тұрған паровоз, қалғандары вагондар. Паровоз өз станциясына дейін, яғни алдағы белгіленген конус немесе фишкаға дейін жүгіріп айналып өтеді, артқа қайтады, өз командасын айналып жүгіріп өтеді, қолымен бір вагонды ілестіріп алып кетеді, онымен бірге станция мен өз командасын айналып жүгіріп өтеді, екінші вагонды ілестіріп алып кетеді және осылай вагондары біткенше станцияны жүгіреді.. Қай құрама станция сызығын бірінші кесіп өтеді сол жеңіске жетеді. Бірақ есепке алу соңғы вагон арқылы жүргізіледі. Топта берілген ойынды қалай өзгертуге болатынын және оны қарсылас топпен, қазылар алқасын құру арқылы, қалай ойнатуға болатынын талқылауға болады.

  • Қауіпсіздік өткізу бойынша басты мәселе

Бұл жаттығуды орындау кезінде соқтығысуларға жол бермеу үшін үлкен кең кеңістік керек екеніне мән беру. Оқушыларға лектің басында тұрған адам фишканы сол жақтан жүгіріп өту керектігін барлық командаға қатаң ескерту. Сонымен қатар паравоз рөлінде ойнайтын оқушы жақсы жүгіретін, физфикалық жағыныан шыдамды болу керек екенін ескерту. Өйткені ол ең көп айналым жасау керек. Ал соңына саралау арқылы физикалық дайындығы төмендеу оқушыны қою керек екенін ескертіп, осы мәселені оқушылармен бірлесе шешу.

Сұрақ: Сабақ үстінде қауіпсіздік үшін қандай іс-әрекеттер мен командалық іс-әрекеттерді қарастырдыңыз?

Қалыптастырушы бағалау: Мұғалім «үш ҚҚҚ» стратегиясы арқылы бағалайды. Қызық, Қиын, Құнды.

Үлкен кең кеңістік. Ысқырық, уақыт өлшеуіш,

Бағалауға арналған құрал-жабдықтар.

Үлкен кең кеңістік. Ысқырық, уақыт өлшеуіш, конустар, фишклар.

Бағалауға арналған құрал-жабдықтар.

Сабақтың соңы

5-6 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Оқушыларды шеңберге тұрғызып, 3-4 оқушыға доп лақтыру арқылы сабақтың мақсаты бойынша ақпарат алу

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

11 сынып

Кесте арқылы фигуралармен бағалау

Оқушының аты-жөні

1

Өте жақсы

2

Жақсы

3

қанағаттанарлық

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

11 сынып Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу