Спорт түрлеріндегі қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары. 41 сабақ.


Қысқамерзімді жоспар № 41

7 бөлім: Командалық ойындағы белсенді іс әрекеттер

Мектеп: Атырау қаласындағы ХББ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні: Чунышкалиев К У

Күні: 13.02.2023ж.

Сыныбы: 11

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Спорт түрлеріндегі қозғалмалы ойындар

Оқыту мақсаты

11.1.5.1 Қозғалыс белсенділігіне байланысты қиындықтар мен тәуекелдерді жіктеу

КДМ

Топтық жұмыс әдістерін қолдану арқылы дене жаттығуларын орындауды талдау және бағалау дағдыларын дамыту

Сабақ мақсаттары

Спорттық және қозғалмалы ойындар арқылы жеке қозғалыс дағдыларды жетілдіріледі

Командада әрекет ету арқылы бірлескен жұмысқа үйренеді

Бірлескен жұмыста қиыдықтар мен тәуекелдерді талдайды және бағалайды

Бағалау критерийлері

Допты тура беру, жалғау, лақтыруды көрсетеді;

Ойыншы қиындықтарды талдайды,тәуекелдерді бағалайды.

Миссия, пайымдау, құндылықтар

Миссиясы:

Өзгеріске дайын тұлғаның зияткерлік-шығармашылық әлеуетін және жаһандық құзыреттілігін дамыту

Құндылықтары:

  • Құрмет
  • Ашықтық
  • Патриотизм және жауапкершілік
  • Еңбексүйгіштік және шығармашылық
  • Адалдық
  • Отбасы құндылықтары мен дәстүрлер
  • Денсаулық және әл-ауқат
  • Жаһандық азаматтық

Ұстанымы:

Оқушылар бойындағы адамгершілік, көшбасшылық және патриоттық сезімдерді дамыта отырып, оларға жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз етеміз. Мектеп түлектері әлемді жақсартуға дайын, сыни тұрғыдан ойлайтын Қазақстанның әлеуметтік жауапкершілігі мол белсенді азаматтары.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Командалық ойындардағы өздерінің дағдыларын сипаттайды, талқылайды және көрсетеді.

Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі:

  • оқу ойыны
  • дриблинг
  • командадағы өзара қарым-қатынас
  • жарыс
  • кеңістікте бағдарлану
  • шабуыл мен қорғаныстағы командалық жұмыс
  • тәсіл, стратегия
  • лақтыру, ұсыну, допты жүргізу техникасы
  • допсыз және доппен қозғалу
  • жүгіру, жылдамдықты өзгерту, бағыт
  • пас, допты лақтыру
  • ойын қисыны
  • себетке доп тастау
  • ойыншыны қорғау
  • допты лақтыру

Талқылау үшін сұрақ:

  • Қорғаушы - ойыншыны алдап кету үшін қандай тәсілді қолданасыз?
  • Екі шабуылдаушы екі ойыншыға қарсы ойынында допты лақтыруды қай мезгілде жасау қажет?

Пән аралық байланыс

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады.

Бастапқы білім:

Оқушылар сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда алдыңғы сыныптарда алған білімдері бойынша командалық спорттық ойындардағы білімдер мен дағдыларға ие (бұл тарауда баскетбол).

Жоспар

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

5 мин.

8 мин.

2 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.

Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеттер. Сұрақ-жауап арқылы спорт түрлеріндегі қозғалмалы ойын, жеке дағдылар туралы ақпарат анықталады.

Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттарымен таныстырады. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға тартады. Сұрақтарға жауап береді. Сыныптың алдына сұрақ қояды:

  • Спорт түрлерінің элементтері бар қозғалмалы ойындар дегеніміз не?
  • Қандай рөлдер болуы мүмкін?

Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды. Сыныппен бірге сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін талқылайды, мұғалімнің бағыттаушы сұрағына жауап іздейді.

Баскетбол төрешісінің қимылдарын ажыратады.

Тапсырмаларды орындау кезіндегі дене жарақаты қауіпінің алдын-алу үшін қыздырыну жаттығуларын орындайды (жүру, жүгіру, қайталап жүгіру, бір орындағы ЖДЖ-ын орындайды).

Бағалау: Мұғалім ауызша кері байланыс береді. Ерекшеленген сұрақтар мен жауаптарды атап өтеді.

Әрбір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік.

Сабақтың ортасы:

10 мин.

15 мин.

(С, Т, ҚБ) «Шеңбердегі қорғаушылар».

Мақсаты: Топтық, жеке жұмыстар арқылы жеке дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: Мұғалім нұсқаулық жүргізеді, оқушылармен сұхбат өткізеді, оқушылар топпен жұмыстанады.

Мұғалім әрекеті:

Бөлімді игеру барысында қауіпсіздік шараларының сақталуына баса назар аударады;

Сабақ тақырыбы мен мақсатын толық түсіндіреді;

Мүғалім ойын ережелерін түсіндіреді;

Оқушылардың ойын кезінде жеткілікті күш салуын қамтамасыз етеді;

Жұптық, топтық диалог орнату үшін келесідей сұрақты талқылауды ұсынады:

  • Берілген ойынның ережесін қалай күрделендірер едіңіз?
  • Команданың ойынын жақсарту үшін не істеуге болады?

Оқушы әрекеті:

Қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша нұсқаулықты тыңдайды.

Сабақ тақырыбы мен оқыту мақсаттарына қатысты сұрақтар қояды.

Төмендегідей тәртіппен тапсырманы орындауға тырысады:

Баскетбол алаңында үш топ ойнайды.

Ойынның дамыту дағдыларын таратпа қағаздар арқылы анықтайды.

Ойын мазмұны:

Алаңға бірінен бірі үлкен 3 шеңбер сызылады. №1 команда үлкен шеңбер сыртына, №2 команда ең кіші шеңбердің ортасына, ал, №3 команда орташа шеңбердің сыртына орналасады. Белгі бойынша №1 команда мен №2 команда допты бір біріне әртүрлі тәсілдермен лақтырып береді, ал №3 команда доптарға тосқауыл болып лақтыруға кедергі жасайды. Берілген уақыт ішінде қойылған тосқауыл саны ұпайға теңестіріледі. Ойын 10-15 мин жалғасады. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады. Оқушылар бірлескен жұмыстағы өздерінің жеке дағдыларын талқылап, бағалайды.

Дескриптор:

- допты әртүрлі тәсілмен береді;

- допты беру, қабылдау барысында қолдар мен аяқтардың қимылын талапқа сай орындайды;

Үлкен бос кеңістік.

Ысқырғыш, баскетбол доптары, бор немесе конустар, секундомер.

Мазмұн мен ережелер:

http://fizkult-ura.ru/node/32392

Сабақтың соңы:

10 мин.

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басында мұғалім сұрағына жауап береді.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік бағалау арқылы білім бекітеді.

Бос кеңістік.

Кері байланыс түрлеріне сілтеме:

https://www.google.kz/search?q=%D0%BA%D0%B5%D1%80%D1%96+%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D1%81+%D1%82%D2%AF%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwiNp97jmfjZAhUsyqYKHaBNCzgQ_AUICigB&biw=1366&bih=613#imgrc=w73NC0bDGVFQJM:

Қосымша ақпарат

Саралау:

Бағалау:

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Жоспарланған тапсырмаларды ұлдар да, қыздар да орындайды.

АМТ мен денсаулығына байланысты сабақтан босатылған оқушылар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды, сыныптастарының нәтижелерін тіркеп отырады, өзіндік бағалауды жүргізеді.

Теориялық білімді тексеру.

Оқушылардың бірін-бірі және өзіндік бағалау тәжірибеленеді.

Тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар өздері қол жеткізген немесе қиындық тудырған критерийлерді анықтайды, бөліседі.

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау

Жалпы оқушыларды бағалау:

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу