Спорт түрлеріндегі қозғалмалы ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 44-45 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар 44-45

Келісілді

«Дене шыныктыру және АӘД» ӘБ жетекшісі

Каукеев А.К.________

Ұзақ мерзімді жоспар

5-бөлім: Командалық ойындарда бірлескен оқу

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бакишев Д.М

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Спорт түрлеріндегі қозғалмалы ойындары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме).

8.2.2.1. Көшбасшылық дағдыларды қолдана отырып, бірлесе жасаған жұмыстағы жауапкершілікті бөліп беру

Сабақ мақсаттары

Командалық ойындарда жүйелі тактика мен стратегияны көрсету.

Дене күші мен қозғалыс координациясын дамыту

Бағалау критерийлері

- Қауіпсіздік ережесін сақтайды

- Оқушылар жұппен және топпен жұмыс жасайды, командалық бірлесу әрекеттерін жүзеге асырады;

- Жаттығулар жинағын орындағанда көшбасшылық дағдыларды көрсету

 

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі:

- допты жүгіріп алу жүру;

- шабуылдау, қорғаныс, қарсыласу;

- тактика, стратегия;

- алдату қозғалыстары;

- допты қуу;

- допты тартып алу;

Құндылықтарды

  дарыту

Жалпы ұлттық құндылықтар мен мектеп құндылықтарын дарыту.

  Пәнаралық

  байланыстар

Физика, Математика

Акт қолдану:

Бұл сабақта АКТ қолдану жүзеге асырылмайды

Бастапқы

білім

Оқушылардың алдыңғы сабақтардан және мектептен тыс қызметтен алған командалық ойындар туралы білімдері мен дағдылары бар. Оқушылар командалық ойындардағы қарым-қатынас дағдыларын дамытады және ойын барысында сыни ойлауды жақсартуға ерекше назар аударады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10-15-минут

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсаты таныстыру.

Спорттық ойындардағы қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін тексеру.

Сыныпты түрлі түсті тастар арқылы 2 топқа бөлу.

Қыздырынуға арналған эстафеталық ойындар:

  • « эстафеталық поезд»
  • « допты жалғау»

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Мұғалім үшін ысқырық

Сабақтың ортасы

20-25-минут

Оқушылар бөлінген топтар бойынша тапсырмалар орындайды:

1) Допты алып жүру.

2) Қарама-қарсы тұрып допты беру түрлерін орындайды.

3) Допты кедергілерден өтіп,себетке салу

«Орын ауыстыру арқылы допты қуу».

Сынып екі топқа бөлініп 10 м. арақашықтықта қарама-қарсы бір қатарға сап түзеп тұрады. Қатардағы оқушылардың ара қашықтығы 3-4 м. болу қажет және 1-ші 2-шіге саналады, бірдей сандағы оқушылардың арасында бөлек сандағы оқушылар тұруы керек. Екі топтағы 1 нөмірлер бір команда құраса 2 нөмірлер екінші команданы құрайды. Екі қатардың да шеткі ойыншыларында доп болады және оларды шеңбермен белгілеп қоямыз. Мұғалімнің белгісі бойынша диагоналмен допты қарсы тұрған ойыншыға жалғау керек және соның орнына тұру үшін жүгіреді, ал, допты қағып алған ойыншы диагоналмен келесіге жалғайды ойын солай жалғасады. Доп ең шеттегі тұрған ойыншыға жеткен кезде ол допты алып жүру арқылы қарсы сапты айнала жүгіріп белгіленген орынға бірінші болып жету керек. Ойын аяғында ойыншылар өздерінің бастапқы орындарынан табылу керек. Бастапқы сапты қай топ бірінші жабдықтайды сол топ жеңіске жетеді.

Дискриптор

- Қауіпсіздік ержесін сақтайды.

- Тапсырма бойынша ойыншылар өз рөлін дұрыс орындайды.

- Допты алып жүру және қағып алу,беру әдістерін орындайды.

Әр бір іс-әрекет үшін үлкен бос кеңістік.

Баскетбол доптары,

шығыршық,фишкы

Сабақтың соңы

5-минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Не үйренгендерін және қандай қозғалыстың қиын немесе жеңіл болғанын сұрайды

Бос кеңістік.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз:бір оқушыдан күтілетін нәтиже,дербес қолдау көрсету,уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып,сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

Дене ептілігі і жоғары топ оқушыларына қиындатылған жаттығу түрін ұсыну

Тапсырманы орындау барысында мұғалім оқушыларға тактикалық әрекет жөнінде еске салып отырады, қолдануға шақырады және жетістіктерді ауызша мадақтап отырады. Тапсырмалар орындалып болған соң оқушылар бірін-бірі тактиканы білу, қолдану сияқты көрсетілген дескриптор бойынша бағалайды.. Алынған нәтижелер бір-бірлерімен жалғанып сәйкесінше кері байланыс беріледі.

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу