Спорт түрлеріндегі қозғалмалы ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары.


дене шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім: Командалық ойындарда дағдыларды жетілдіру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Спорт түрлеріндегі қозғалмалы ойындары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.5.1. Әр түрлі құрал жабдықтарды пайдалана және қозғалыс әрекетін орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді сезіну

8.1.1.1. Спецификалық қозғалыс әрекеттерін жинақтау және пайдалану

 Сабақ мақсаттары

Қатысушылар тапсырмаларды түсініп жұптарға бөлінеді, қабырғаға, өз алдына,

жоғарыдан беру, қабырғадан жоғары беру жаттығуларын орындап ойынға кіріседі.

 Жетістік критерийлері

Оқушылар тактикалық пен стратегиялық жаттығуларды орындай алады, бағалай алады және анықтай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

командалық ойындарда қандай дағдылар дамитыны жайлы түсінікті сипаттай және көрсете алады

 Құндылықтарды

  дарыту

Арнайы спорттық қозғалыс дағдылары мен қатысты қабілеттерді және негізгі қимыл қабілеттері мен қатысты қабілеттерді жетілдіру.

 

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, психология, жас өспірімдер физиологиясы.

 АКТ қолдану дағдылары

Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану.

Бастапқы білім

Оқушылардың алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ сабақтан тыс іс-шаралар кезінде алған командалық ойындарға қатысу бойынша тәжірибесі бар.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау: Дайындықбөлім:12-15 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Спорттық алаң, фишкалар, конустар, мұғалімге арналған ысқырық.

Сабақтың ортасы

(Б, Т) Мұғалім қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізеді.

Оқушылар топта қауіпсіздік техникасының негізгі талаптарын, жарақаттану себептерін және спорт ойындарында өзара көмек пен өзін-өзі сақтандыру тәсілдерін меңгеруді талқылайды.

(Б, Ж, Ф) Оқушылар жұптарда допты жоғарыдан беруді орындау техникасына пысықтау жаттығуларын орындайды (волейбол):

- минималды арақашықтықта допты қабырғаға жоғарыдан беру;

- допты минималды биіктікке өз алдына жоғарыдан беру;

- жақын арақашықтықта қабырғадан жоғары беру (қабырғаны бойлай қозғалып, жүрелеп отырып және тұрып, көзбен көріп бақылаусыз);

- ойыншыдан ойыншыға жоғары беру.

Б, Ж, Ф) Оқушылар жұптарда допты төмен беру-қабылдауды пысықтап жаттығу орындайды (волейбол):

- әріптесінің дәл лақтыруымен допты төмен беріп қайтару;

- допты қабырғаға лақтыру, допты қабырғаға бағыттап, қолды төсеу, қабырғадан допты қағып алу;

- әріптесінің дәл емес лақтыруынан төмен беруді орындау (доп лақтырылады: алға немесе ойыншы арқылы, ойыншыдан солға немесе оңға);

- ойыншыдан ойыншыға допты төменнен беру.

Б, Ж, Ф) Оқушылар жұптарда допты төмен беру-қабылдауды пысықтап жаттығу орындайды (волейбол):

- әріптесінің дәл лақтыруымен допты төмен беріп қайтару;

- допты қабырғаға лақтыру, допты қабырғаға бағыттап, қолды төсеу, қабырғадан допты қағып алу;

- әріптесінің дәл емес лақтыруынан төмен беруді орындау (доп лақтырылады: алға немесе ойыншы арқылы, ойыншыдан солға немесе оңға);

- ойыншыдан ойыншыға допты төменнен беру.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырық, фишкалар, әр түрлі доптар, волейбол доптары, борлар

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырық, бор, әр түрлі доптар, волейбол доптары

Волейбол ойнау техникасы бойынша ресурс:

http://bmsi.ru/doc/df55adad-02bd-4a92-8342-323fb1fd5d6c

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Оқушалардан бұл жаттығуда қандай тәуекел бар екенін және оны қалай азайтуға болатынын сұрау.

Оқушылар таңдаған тірек-қимыл дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жаттығуларды барынша біркелкі орындау.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары. Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу