Ойындағы шығармашылық белсенділік. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 87 сабақ.
Ойындағы шығармашылық белсенділік
8.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу;
8.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу;
8.1.6.1 қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және жауап қайтара білу дағдыларын жақсарта білу;
Оқу мақсаттары
Күтілетін нәтижелер:
-оқушылар ойын тактикасында проблемаларды шешу кезінде қолданылатын тактикалар туралы білімдерін жетілдіреді.
- шабуылдағы үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын көрсету кезінде жеке және жұптық тапсырмаларды қолданады.
- шабуыл және қорғаныс жасау кезіндегі әдістерді бекіту үшін қолданады.
–ойын белсенділігіне және стратегиясына талдау жасап, ойындардағы шығармашылық белсенділігін дамытады.
Үздік қақпашы болу оңайға түспейді. Қақпашы ол ең соңғы ойыншы. Оның қимылынан команданың жетістігі байқалады.
Ойынға кірген кезде қақпашы басталар кезде екі жақтан да ойыншыларын бақылауы керек, содан кейін өз орнына тұруы керек. Өйткені қақпашылардың ойыншылары бақылауға мүмкіндіктері мол.
Үздік қақпашылар қорғаушыларға жиі ақыл-кеңес береді. Өйткені қақпашылар ойыншылардың артында және бүкіл алаңды жақсы көріп тұрғаны айдан анық.
Футболдағы қақпашының ойнайтын да, шабуылдайтын да кездері болады. Оның допты ойыншыға дәл беруі жақсы жетістік әкелуі әбден мүмкін.
Футболшының алаңда негізгі қаруы ол техника екені белгілі. Техникасы жақсы ойыншы өзі бірнеше қарсыластарды алдап өтеді. Соның арқасында қақпаның алдында қауіпті жағдай жасайды.
Қазіргі футболда ойыншылардың техникасы бір-сыпыра көтерілді. Жеңіске ұшырай беретін командалар жиі кездеседі. ол техниканың және тактикалық ой сананың жетіспеуінен болады. Мысалы, егер ешкім бөгет жасамаған және асықтырылмаған ойыншы допты өз әріптестерінің басынан асырып қарсы жаққа беріп қойса, ол тактикалық ойдың кемістігі.
Техникасы жақсы дамыған комадалардың жеңілуі де жиі кездеседі. өйткені тактикасы өте төмен.
Оқушылар топтарда жұмыс жасап, «тең емес» құрамдағы шабуыл мен қорғаныc ойындарын үйренеді. Оқушылар командалық ойындарға тек қана шабуыл не қорғаныс командасында қосымша ойыншылар бар болса ғана қатысады, осылайша ойында белгілі қиыншылық туындайды. Әр команда қорғанып жатқан командаға «шабуыл жасайды». Командалар қорғаныс не шабуыл позицияларын бес әрекеттен кейін ауыстырып, ойынды қайталайды.
Сұрақ
-Ойын үшін қандай стратегия мен тактиканы құрастырдыңыз?
-Жаңа командалық ойынның артықшылығы мен кемшілігі неде?
-Командалық ойынды қалайша жақсартуға болады?
-Сіздің рөліңіз қандай болды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру