Ойындағы шығармашылық белсенділік. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 89 сабақ.


Ойындағы шығармашылық белсенділік

Оқу мақсаттары

8.1.5.1 кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу;

8.2.8.1 түрлі қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді көрсету және салыстыра білу;

8.1.6.1 қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және жауап қайтара білу дағдыларын жақсарта білу;

« Шаттық шеңбер» стратегиясы .

«Бір қақпаға доп салу».

Сынып 4 командаға бөлінеді. Екі команда футбол алаңының бір жартысында, қалған екеуі екінші жартысында ойнайды. Әр ойын алаңында бір команда – шабуылшы, екіншісі – қорғаушы. Ортадағы сызықтан ойынды бастаған шабуылшылар допты қақпаға салуға тырысады. Қорғаушылар бұған жол бермеуге жұмыстанады.

Шабуыл уақытын шектеуге болады, мысалы 3 минутқа, одан кейін доп қарсылас командаға беріліп, командалар орындарымен ауысады. Егер командалар қақпаға допты тепсе, оларға бір ұпай беріледі, егер қақпаға сала алса, 3 ұпай беріледі. Шабуылдан кейін командалар орындарымен ауысады. Көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Дескриптор

-ойын кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

-ойын ережесін біледі;

-допты қақпаға тебе алады;

- қарсыласына ойында құрмет көрсете алады;

Сұрақ?

Допты дұрыс беру үшін қандай дағдыларды жақсарту керек?

Бұл тапсырманы орындау барысындан қандай қозғалыс дағдылары дамиды?

Рефлексия:

Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу