Қазақ ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 21 сабақ.
Сабақ жоспары № 21
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Қазақ халқының дәстүрлі ойындары Мектеп: | Күні: Сынып: 8 Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сабақ тақырыбы: Қазақ ұлттық ойындары | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.6.1 жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсету және салыстыра білу; | |||||
Сабақ мақсаттары | - жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін салыстыра біледі - жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсете алады | |||||
Бағалау критериі | -жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін көрсетеді; -жарыс кезінде төрелік ету ережелерін салыстыра алады. | |||||
Тілдік мақсаттар | - қазақ ұлттық және қозғалыс ойындары арқылы әр түрлі дене жаттығулары бойынша қозғалыс дағдыларын талқылай және көрсете алады. Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Талқылау үшін сұрақтар Сіз үшін жарыс ойындары кезінде төрелік ету ережелері қаншалықты қиынға соқты? | |||||
Құндылықтарды дарыту | (Өмір бойы үздіксіз білім алу) Оқуға деген сүйіспеншілікті білуге құмарлық, шығамашылық пен оқылатын материалға сыни қарау, қарым-қатынас пен мінезді, денені және ақыл-ойды үздіксіз дамыту арқылы бойға сіңіру. Оқушылардың өз бетімен оқуға болысатын дағдылары мен қабілеттерін дамытуды қамтиды. (Ынтымақтастық) Жылы қарым-қатынасты орнату, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру мен құрылымдық ұстанымды дамыту, қарым-қатынас орнату кезіндегі сыни ойлау қабілеті. (Академиялық шындық) Басқа адамдардың ойлары мен идеяларын құрметтеу, академиялық шындықтың ұстанымдарын сақтау, плагиатқа және ақпараттың көзін көрсетпеуге төзбеушілік. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, өзін- өзі тану пәнімен байланыстыру. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Қазақ ойындарына сілтеме: | |||||
Бастапқы білім | Ұлттық ойындар туралы мағлұматтар. | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-7 7-8 |
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Күтілетін нәтижелер Оқушылар қазақ тұрмысының тарихы туралы, салт-дәстүрлер туралы, қазақ халқының бос уақытты қалай өткізгені туралы білім алады. Бұл бөлім туған өлкеге деген сүйіспеншілікке баулуға арналған, қозғалыс дағдыларын және ойындардағы комбинацияларды жетілдіреді. Ойындардағы тактикалар мен стратегияларды құрастырады және әзірлейді. Ойын қызметін, сыни ойлауды пысықтайды, қазақ ұлттық ойындарының негізінде әр түрлі ойындар ойлап шығарады. II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. ЖДЖ орындайды.(жүру, жүгіру, бір орында орындалатын жаттығулар т.б) «Тасбақалардың жүгірісі» Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады. Жүлдегерге сыйлық беріледі. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||
Сабақтың ортасы 10-20 20-30 | (К.ҚБ) Орамал тастамақОқушылар шеңбер жасап тұрады. Бастаушыоқушыларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек.Оқушылар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді. (Т.Ж.ҚБ) Белбеу соқОйыншылар екі - екіден жұптасып шеңбер жасап тұрады. Бір белбеуді алып екіншісін қууға тиіс.Қашып жүрген бала шеңбердегі жұптасып тұрған екі баланың алдына келіп тұрады. Артық қалған үшінші бала қаша жөнеледі. ойыншы оны қуып жетіп белбеумен соғады да, өзі де бір жұптың алдына тұра қалады. Оның орнына келесі ойыншы шығып, ойынды жалғастыра береді. Белбеу ең соңында кімде қалса сол ойыншы жеңіліске ұшырайды да өз өнерін көрсетеді. Дескриптор : -ойын кезінде қауіпсіздік ережесін біледі. - ойында көшбасшылық қызмет атқарады. -ойында жеңіске жетуге, іс әрекет көрсете алады. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға екі жұлдыз бір тілек арқылы бірін бірі бағалайды. Мұғалім сұрақ қояды: Топтағы қарым-қатынасты сақтай отырып, бір-біріне баға береді. Бұл ойын қандай физикалық қасиеттерді дамытады? Бұл ойындар ынтымақтастық дағдысын дамытуға жәрдемдесе ме және олар қандай дағдыларды жетілдіреді? Мұғалім сабақ мақсаттарына қол жеткізген соң уақыт қалған жағдайда спорт ойындарын ұсынады. (Футбол, волейбол, баскетбол т.б) | Қазақ ойындарына сілтеме: http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор. | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді. Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
|
|
| ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру