Т.Қ.Е.С. Қазақ ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


CАБАҚ ЖОСПАРЫ №2

Ұзақ мерзімді жоспар: 4-тарау: IV- бөлім

Қазақ ұлттық және ақыл-ой ойындары

апта

тоқсан

Күні:

Мектеп: Физика-математика бағыттағы Назарбаев

Зияткерлік мектебі

Сыныбы: 5

Сабақ:

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Мұғалімнің аты-жөні:

Агадилов Т.Д.

Сабақтың тақырыбы:

Т.Қ.Е.С. Қазақ ұлттық ойындары

Оқу мақсаттары:

5.2.7.7 Жарыс кезінде адал ойнау, патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсету және түсіндіру

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар өзін-өзі көрсетуді, ішкі бақылауды, үйлесім мен батыл, ашық, білімқұмар және көреген болу қабілеттерін дамыта алады.

Ойындар балаларға осы қасиеттерді алуға көмектеседі.

Оқушылар жүру амалдарын біледі , алдын ала дене,саусақ,көз жаттығуларын жасай алады.

Бағалау өлшемдері:

Ойын ережелерін біледі және түсінеді

Ойын барысында ұлттық ойындар ережелерін көрсетеді және түсіндіреді

Құндылықтар дарыту:

Шығармашылық қарым-қатынас дағдыларын дамыту, адал болу; Бір-бірін құрметтеу.

Пән аралық байланыс:

Математика,

Акт қолдану:

Тілдік оқу мақсаты:

Оқушылар:

топтық тапсырмалардың әр түрлі жағдайда негізгі қозғалыс дағдыларын талқылай алады.

Мыналарды қамтиды:

  • ұлттық ойындар, асық, еңкею тақтайлары, құрсау, пластмасса доптар, қоржын ,тоғызқұмалақ, атсырау, тұздық, отау
  • жеті тас,қақпа доп(гольф),сақина салу,ақ сүйек , жеті тас,
  • орамал тастау,тұмақ ұру,шалма жіппен ойнау,қанталапай,
  • теңге алу,жаяу көкпар,шекем тас, ләңгі, шілік ойыны,
  • түйілген орамал, арқан тарту, күрес,ақсерек пен көксерек,

САБАҚ БАРЫСЫ.

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

5 -минут

Сабақтың ортасы:

30 –минут

Сабақтың соңы:

5 - минут

Т.Қ.Е.С Оқушыларды қатарға тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен таныстыру. Орында (оңға,солға, кері) бұрылу. Оқушылардың жүрек соғысын көтеру үшін қолды жоғары көтеріп аяқ ұшымен, қолды белге қойып өкшемен жүру, алаң шетімен жүгіру және әнмен дене қыздыру жаттығуларын жасау.

Сергіту сәті: Тұрғын, үй, жер сілкінісі. Оқушылар екі-екіден қол ұстасып тұрады. Үшіншісі оқушы екі кісінің ортасында тұрады:

1.Жүргізуші «тұрғын» дегенде, ортадағы кісілер орнын ауыстырады.

2. «Үй» дегенде, қол ұстасқан кісілер ауысады.

3.«Жер сілкінісі» дегенде, барлығы ауысады.(мадақтау арқылы бағалау)

1

2-тапсырма: – «Жаяу көкпар» — ұлттық ойын.

Бұл ойын спорт залда, жазды күні, кең жазықта ойналады. Ойын өтетін жердің ұзындығы 50—60 метр, көлденеңі 25—30 метрден кем болмайды. Сол жазық алаңның бір шетіне шағын авто көліктін дөңгелегін қоямыз. Алаңның екінші шетінен де шағын авто көліктін дөңгелегін қоямыз.Бұны «Қазандық» деп атайды. Ортадан сызық сызылады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді де сол ортадағы сызықта сан құрып тұрады. Ойынды төреші ысқырық арқылы бастайды. Көкпарға салмағы 3(үш) кг доп қолданамыз. Төрешінің берген ысқырығы бойынша ойын басталады. Екі топтың ойыншысы ортада жатқан 3(үш) кг допқа (яғни көкпарға) қарай жүгіріп кім бірінші жеткен топ өзерінің ойыншыларымен бірігіп қарсы топтын қазандығына салу керек. Топтың қалған ойыншылары оған көмекке келеді. Ал қарсы топ,қорғанып салдырмауға тартып алуға тырысады. Көкпармен бірге алда жүгіріп бара жатқан ойыншы мәре сызығына қарай жақындайды. Қай топ көкпарды қазандыққа бірінші тастаса сол топ бір ұпай алады да ойын төреші арқылы көкпарды ортадан бастайды.Ойыншысы бірінші болып көкпарды жеткізген топ жеңімпаз атанады.

Қызу тартыс басталады. Ойынға қатысушылар айла-амал қолданып, алаңның ішінде бұлтарып қаша жүріп, өз тобының«Қазандыққа» бұрын әкелуін қарастырады. Бірақ белгіленген межелі жерден шығуға болмайды Егер белгіленген межелі жерден шықса, көкпар ортаға жеткізіледі , көкпарға таласу төреші арқылы басталады.Ойынға допты да пайдалануға болады. (бірін-бірі бағалау)

Сіздің міндетіңіз: жүгіріп бара жатып допты қазандыққа салу.Ойын қызметі барысында оқушылар «көкпарды» ұстап алу бойынша стратегия мен тәсілдерді қолдану қажет.

Тиым салынады: қатысушыны ұруға, арқасынан итеруге, бір біріне деген басқыншылық әрекетті қолдануға.

Топ бір ұпай алады. Қарсылас топ қарсыластардың жолын жауып, қарсылас топтың «қазандыққа» өтуге мүмкіндік бермей кедергілер құрастыруы қажет. Адал ойындағы адамгершілік құндылықтары туралы шағын топтарда талқылау.

Жіктеу: доппен жұпта ойнау, қолдарынан ұстасып, алаң бойынша қозғалу қажет. Жұптың мақсаты – «көкпарды» «қазандыққа»салу,лақтыру.

Сұраңыз: Қай әдіс-тәсіл бір-бірімен жақсы үйлеседі? Ойыншының арасынан дұрыс өтуді қалай орындау керек?

Оқушылар ұсынылған жаттығу өрнектерін топтарда талқылау және талдау мен баға беру.

(екі жұлдыз бір тілек)

Оқушылармен кері байланыс:

-нені білдім, нені үйрендім.

-нені толық түсінбедім.

Үй тапсырмасы-дене қаблеттерін дамыту жаттығуларына байланысты орнында секіру жаттығуын жасау.

Жаттығуды орындауға қажетті жабдықтар

Қазандық

Ашық сандық «Кері байланыс»

Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз

бір оқушыдан күтілетін нәтиже,дербес қолдау көрсету,уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып,сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады.(бақылау парағы, бас бармақ, мадақтау,бағдар шам,бірін-бірі бағалау)

Денсаулық және Т.Қ.Е.С. «Жаяу көкпар»- ұлттық ойын әдістері,сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлерін жақсарту.

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді?

2.0қушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

3 Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?

Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшілігне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойлған.

Жалпы оқушыларды бағалау:

Бірін-бірі бағалау,комплимент айту,

-екі жұлдыз бір тілек.

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға,үйренуге қатысты.)

1; Спорттық іс-шаралар ұйымдастыру әдістерін жетілдіреді

2;Өзін-өзі шыдамдылыққа,шымырлыққа,ептілікке баулиды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту және үйрену)

Қабілеті жоғары оқушылар ойын ережесіне сай жарыс өткізіп, меңгере алмай жатқан оқушыларды үйрету,түсіндіру жұмыстарға жұмылдыру.

қосымша №1 ( Бірін-бірі бағалау)

1.Жүргізуші «тұрғын» дегенде, ортадағы кісілер орнын ауыстырады.2. «Үй» дегенде, қол ұстасқан кісілер ауысады.

3.«Жер сілкінісі» дегенде, барлығы ауысады. Бағалау түрлері

1.Бақылау парағы, 2. Бірін-бірі бағалау, 3.Мадақтау арқылы,

4.Бас бармақты арқылы, 5.Сұрақ-жауап арқылы,6.Бағдаршам арқылы, 7. Екі жұлдыз бір тілек.

Бақылау парағы:

Аты жөні:

Ойынға

қатысты:

Диалогқа қатысты, ой пікірін ортаға салды

Жетті

талпынды

1.

2.

3.

  Сабақта қолдануға арналған қазақтың ұлттық ойын түрлері:

Бұқа тартыс Тұмақ ұру Жамбы ату

Екі жағы түйілген жіп. Алақанға оралған жіп. Астауша. Шаңырақ

Көпір. Шарбақ. Барлығы шалма ойыны деп аталады Шекем тас

Қақпа доп ойыны. Осыдан (Гольф)ойыны шыққан. Жеті тас ойыны.

Жетті талпынды деп 8-12 сыныптар бағаланады 5 сыныптар 7 сыныптар сияқты дискриптор құрып бағаланады

Бағалау критериі

Дискриптор

1

Ойын ережелерін біледі және түсінеді

Таңдаған ойын түрінің ережесін айтып бере алады

2

Ойын барысында ұлттық ойындар ережелерін көрсетеді және түсіндіреді

Таңдаған ойын түрінің ережесін ойын кезінде қолданады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу