алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Қазақ ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар №5

Бөлім ұзақ мерзімді жоспары: 4-бөлім Қазақтың ұлттық ойындары

Мектеп: НЗМ ФМБ. Тараз қаласы.

мерзімі:___________

Мұғалімнің аты: Ногайбеков Н.М.

сынып: 5 « »

Қатысқаны: Қатыспағаны

Сабақ тақырыбы

Қазақ ұлттық ойындары

Оқыту мақсаты, осы сабақта қол жеткізетін (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.3.3 Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша, біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтау

 Сабақ мақсаты

Әр-түрлі физикалық әрекеттерді пайдаланып, қазақтың ұлттық ойындарды ойнай алады

 Бағалау өлшемдері

Қазақтың ұлттық ойындары ережесін біледі

Біріккен әрі тиімді жұмыс көрсетеді

Ойын кезінде әр-түрлі физикалық әрекеттерде дағдыларды түсініп қолданады

 Тілдік мақсаттар

 

Мыналарды қамтиды:

  • стратегия, тактика, жүріс
  • рөлдер: ойыншы, төреші
  • команда, қарсылас, шабуылдау, қорғаныс
  • ережелер, бағалау, адал ойын
  • «Көкпар»

«Ақсүйек»

 тәрбиелеу құндылықтар

Құрмет, жауапкершілік, коллаборативті мәдениет, өмір бойы оқу

 Пән аралық байланыс

Математика, Қазақстан тарихы

АКТ қолдану

Ғаламтордан мәліметтер алу

 Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сынып бойынша білімін сұрау не білетінін сұрақ арқылы анықтау.

Сабақ барысы

Жоспарланған кезеңдері

Сыныпта Жоспарланған іс-шаралар

Ресурсы

Ұйымдастыру кезеңі 10-12 мин.

Оқушылармен сәлемдесу,бүгінгі сабақтың тақырыбымен және бағалау критериімен таныстыру.Сабақ барысындағы немесе дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда, активити «сокыртеке» «сақина салу» ойынын ойнату.

Жүгіріп орындалатын жаттығулар жиынтығы.

бірінші топ құрал жабдықсыз орындалатын қарапайым жаттығулар кешенін құрады, сынып болып орындайды. (қол мен иық буындарына, мойынға және денеге, аяққа және жалпы денеге арналған);

екінші топ құрал жабдықпен орындалатын жаттығулар кешенін құрады, сыныпқа ұсынады (нығыздалған доппен, гантелмен, секіргішпен,гимнастикалық орындықта, гимнастикалық қабырғада, акробатикалық жаттығулар).

Оқушылардан сұрау - Әр түрлі бұлшық еттер топтарын жаттықтыратын жаттығуларды неліктен орындау қажет? (оқушылардың жауаптарын тыңдау, жауаптарына қарай бағалау)

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. Аумақты белгілеу үшін фишкалар/конустар.

Негізгі бөлім

28-30 мин

1-тапсырма

(Т, Тәж, Ф) Оқушыларға теориялық мәліметтер беру. Мынадай ойын түрі бойынша: Жаяу көкпар, ақсүйек, аңшы мен үйрек, жеті тас, бес тас, арқан тартыс, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, асық ату, ләңгі осы ойындарды түсінгенін басмармақ әдісі арқылы бағалау.

«Көкпар»

2-тапсырма

(Ж, Т, Ф) Ойынның алғашқы балама нұсқасы: ойынға - екі команда қатысады. Ойын алаң ортасынан басталады. Қарама қарсы жақта қазандық орналасқан. (қаз т. аудармасы. «котел»). Ысқырық бойынша «көкпар» ие болу жарысы басталады.Жеңіске жеткен капитан, ойынды бірінші болып бастайды. Ол өзінің командасындағы мүшелерге «көкпарды» беріп, «қазандыққа» жүгіріп барып, оны «қазандыққа» лақтыру керек.

Команда бір ұпай алады. Қарсылас команда қарсыластардың жолын жауып, қарсылас командаға «қазандыққа» өтуге мүмкіндік бермей кедергілер құрастыруы қажет. Адал ойындағы адамгершілік құндылықтары туралы шағын топтарда талқылау.

Ойыншыларды қошеметтеу, сырттай бақылау

3-тапсырма

«Ақсүйек»

Бастаушы ақсүйекті басқаларға көрсетпей жасырады. Ойыншылар қай жаққа жасырғанын көрмей тұрады. Жасырып болғаннан соң, бастаушы: «Ал, іздеңдер»  деп бұйырады. Бәрі іздейді. Ақ сүйекті тапқаны: «Мен таптым!» деп айқайлайды да, ақ сүйекті жоғары көтеріп көрсеткеннен кейін сөреге қарай жүгере жөнеледі. Қарсыластары оны қуып жетіп ұстап алуға тиіс. Ұсталып қалса, ол ақсүйекті өзін ұстаған ойыншыға береді. Ол әрі қарай жүгіреді. Сөйтіп ақ сүйекті қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе, қарсы топтағылар жеңілген  есебінде ән салып береді. Ойын осылайша жалғаса береді.

Сұрақ-жауап

Қандай қиындықтар болды?

Шешу жолдары?

Оқушыларды орындаған жаттығуларына қарай талдау және бағалау. Өзін-өзі бағалау парағы,

Жүгіруге арналған жол және кең таза кеңістік.

Фишкалар конустар,мұғалімге ысқырық, бор, секундомер

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық. Аумақты белгілеу үшін фишкалар/конустар.

https://www.youtube.com/watch?v=FfFZmY4Fm9I

«Көршіңізге айтыңыз стратегиясы»

Қорытынды

5 мин

Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында ПОПС – формуласын қолдану арқылы оқушылардан кері байланыс алу, ол ПОПС – формуласындағы белгіленген төрт жағдаят бойынша оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазу сұралады

Қосымша

ПОПС – формуласы

П

позиция

О

негіздеме

П

мысал

С

Ой тастау

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

нәтижесін есепке алу арқылы

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Бақылау парағы, сұрақ жауап , бақылау,кері байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы ұлттық ойындар сабағындағы қауіпсіздік ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Бағалау өлшемдері

Бағалау өлшемдері

Дескрипторы

Ойын ережесін біледі

Көкпар, ақсүйек ойындары ережесін тізбектейді

Біріккен әрі тиімді жұмыс көрсетеді

Ойын жағдайындағы әдіс-тәсілді көрсетеді

Ойын кезінде әр-түрлі физикалық әрекеттерде дағдыларды түсініп қолданады

Сыныптасы қолданған әдіс-тәсілді бағалайды, ойын жағдайында әдіс-тәсілді жақсартуға ұсыныс береді.

Кері байланыс.

ПОПС – формуласы

Қосымша

Менің ойымша жүгіру....

Негіздеу

Себебі ....

Мысал келтіру

Мен оны дәлелдей аламын....

Ой тастау

Қорытындылай келе мен былай дер едім...

Бағалау парағы: оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін бақылау арқылы бағалау

Оқушының аты - жөні

Тапсырма 1

Тапсырма 2

Тапсырма 3

Сұраққа жауабы

1

2

3

4

5

6

7


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы