Қозғалмалы ойындар. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім: Қазақ ұлттық ойынындары

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қозғалмалы ойындар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме).

8.2.4.1. Бірлескен жұмыстағы патриоттық сезімнің маңыздылығын түсіндіру.

 

 

 Сабақ мақсаттары

1.Барлық оқушылар келесіге қабілетті:

Командалық жүгіру ойыны кезінде патриоттық сезімнің маңыздылығын түсініп айтп береді.

2.Оқушылардың көпшілігі келесіге қабілетті:

Ойын барысында қимыл-қозғалыс белсенділігін арттырады командалық прогресске жауап береді.

3. Кейбір оқушылар келесіге қабілетті:

Ойын барысында, өзінің және өзгелердің дағдылары мен балама идеяларын қолданып сынай және бағалай алады.

 

 

 Бағалау критерийлері

- Қауіпсіздік ережесін сақтайды

- Қозғалмалы ойын барысында патриоттық сезімнің маңыздылығын анықтап айтып береді.

 

 Тілдік мақсаттар

қазақ ұлттық және қозғалыс ойындары арқылы әр түрлі дене жаттығулары бойынша қозғалыс дағдыларын талқылай және көрсете алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • салт-дәстүр, тұрмыс
  • дала, «бәйге»
  • қамшы, орамал
  • салт атты

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Осы ойын дағдылары ынтымақтастық дағдысына жәрдемдесе ме және олар нені дамытады?

 

 Құндылықтарды дарыту

 

Осы сабақта кіріктірілген оқу бағдарламасындағы құндылықтар мен ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту арқылы іс-әрекеттерді сипаттау,және сыныптасына деген көмек көрсету,жауапкершілікті арттыру.

 Пәнаралық байланыстар

Тілді дамыту, қарым-қатынас, талқы, зерттеу дағдылары. Сабақты физика, биология пәндерімен байланыстыру.

 

 АКТ қолдану дағдылары

Қыз қуу ойнына байланысты сілтеме. https://www.youtube.com/watch?v=1pCj1RUFPLM

Бастапқы білім

Оқушылардың «Дене мәдениеті» мектеп бағдарламасының алдыңғы бөлімдерінен және сабақтан тыс уақытта қазақ ұлттық ойындары арқылы шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлау дағдылары бар.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10-минут

Дайындық бөлімі: Сергіту сәті «Шапшандық белгісі»

Сәлемдесу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Жаңа сабақ жоспарын түсіндіру,оқу мақсатымен бағалау критерилерімен таныстыру. Жаттығулар. Бұрылыстарды біркелкі орындау. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Кең тыныс алу.

Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.

Мұғалім үшін уақыт өлшегіш ысқырық.

Сабақтың ортасы

25-минут

(ЖЖ,Ф,Тәж) Оқушылар қазақ салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын пайдаланып, ұсынылған материалдар бойынша қозғалыс ойындары туралы әңгімелеседі.

Топтарда оқушылар қыз қуу ойнына қажетті озық әдістер мен дағдыларды қарастырады. Оқушылар бөлінген жұп бойынша ақылдасып әдістерін қарастырады.

Ойын кезінде жұптар аланға шығады қыз алаңды айналып жігітттен қашады жігіттін мақсаты қызды қуып жетіп қолындағы орамалды алу керек, жігіт жете алмаса қыз жігітті қуып жетіп (жұмсақ затпен)дүре соғу керек. Жеке және жұптық біліктілік пен сенімділікті жақсарту үшін бүкіл ойын бойы өз ойларын білдіру және талқылау. Ережеге сайкес мұғалімнін бұйрығымен ойынды бастайды.

Дескрипторлар

- ойын кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды,әділ ойын ойнайды.

- қыз қуу ойынында патриоттық сезімді және ұлттық рухты көтеретін ойын екенін анықтайды.

- ойын барысында ұлдар мен қыздар арасындағы физикалық мүмкіндіктерін анықтайды.

Әр жаттығу үшін кең, таза кеңістік, ысқырық,секундомер, гимнастикалық таяқша.

Сабақтың соңы

5-минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады.

Бос кеңістік.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілетті оқушыларды күрделірек тактикаларды ойлап тауып ойын барысында қолдана алалады және физикалық қаблеті сәл төмендеу оқушыларға көмек көрсете білу.
  • Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

Бағалау критерилері және дескриптор бойынша оқушыларды бағалау

  • Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен спорттық киімді қатаң талап ету міндетті.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу