Жарыс ойынын ұйымдастыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 23 сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

Жарыс ойынын ұйымдастыру

Оқу мақсаты:

көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді көрсету және қолдана білу көрсете білу;

Пәнге тән лексика мен терминология:

Допты қабылдау, жалғау, ойынға қосу

Команда, көшбасшы, өзара көмек

Командалық жұмыс, шабуыл соққысы

Балама шешім, тактика, стратегия

Қозғалыс дағдылары, дене қасиеттері

Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы

Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді. «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Тапсырма 1

Сынып үш адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді. Ойыншылар үшбұрыш болып орналасады. Ойыншылардың біреуі, орта және жоғары тұрыс қалпында қалған екі ойыншыдан доп қабылдап, кері жалғайды. Серіктестері жалғаған екі доптарды кезекпе-кезек жоғарыдан қабылдап, жалғайды. Белгілі бір уақыттан соң осы әрекеттер қайталанады, бірақ доптар төменнен қабылданып жалғанады. Допты өзара ұшу қалпында ұзақ ұстаған үштік үздік болып есептеледі

Ойын кезіндегі тактиканы қолдану

Оң нәтижеге қол жеткізу үшін командалық жұмыс маңызды ма?

Қорытынды

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу