Жарыс ойынын ұйымдастыру. Дене шынықтыру, 8 сынып, презентация. 22 сабақ.


Жарыс ойынын ұйымдастыру

кең ауқымдағы дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын анықтау және бағалай білу;

Оқу мақсаты:

Сыныпты үш топқа бөлу. Әр топ 1, 5, 6 ойын аймақтарына бір лекке түзеледі. Мұғалім 4 ойын аймағында тордың үстінен тұғырға мініп допты шабуылдау соққысымен 1, 5, 6 ойын аймақтарына бағыттайды. Оқушылар кезекпен ойын аймақтарына шығып допты қабылдайды. Оқушылар тордың үстінен соғылған доптарды астынан және үстінен қабылдау дағдыларын көрсетулері керек. Допты көп рет қабылдаған топ жеңіске жетеді.

Сыныпты бір алаңда үш ойыншы ал екінші алаңда екі ойыншы болатындай етіп топтарға бөлу қажет.

Екі ойыншы алаң жанындағы шабуылдау сызығы бойына орналасудан бір-біріне допты жалғауды орындай отырып, қарсы алаңның шабуылдау сызығына торға қарсы орналасқан екі (үш) ойыншыны бақылайды. Мұғалімнің белгісінен кейін үш ойыншының біреуі торға жүгіреді, ал допқа иелік етуші жұптың біреуі тезарада допты «бос орынға» (торға жүгірген ойыншы орны) бағыттауы керек. Бос орынға көп рет доп түсірген жұп жеңіске жетеді.

Волейбол ойынының ережелері.

 Волейбол ойыны аумағы  9∕18м алаңда өткізіледі. Ортаңғы сызық алаңды екіге бөліп тұрады. Ортаңғы сызықтың  үстіне екі бағанға керілген волейбол торы орнатылады. Жасөспірім  ербалаларға арналған тордың биіктігі – 220 см. қыздар үшін 210 см. болады. Ойынға әрқайсысына 6 ойыншыдан болады. Ойынға диаметрі 65 – 68 см. салмағы      250 г – дық доп пайдаланылады. Бір команданың ойыншылары үштен артық қол тигізуіне болмайды. Бір ойыншы допқа екірет қол тигізуі рұқсат етілмейді. Ойын барысында доп қай алаңға түссе, сол команда осы жолы ұпайдан ұтылған болып есептеледі. Жасөспірімдер ойыны 3 немесе 5 кезеңнен тұрады.

Ұшып келе жатқан допты қабылдау

Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Қорытынды

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілералыптар (Ергежейлілеротырды, алыптартұрды).

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу