Секіруді дамытуға бағытталған жаттығу түрлері. Дене шынықтыру, 8 сынып, сабақ жоспары. 5-6 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жеңіл атлетика

Мектеп: Көкшетау қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Секіруді дамытуға бағытталған жаттығу түрлері

Оқу мақсаттары

8.1.3.1. Дене қасиеттерін жетілдірудегі түсіну және көрсету үдерісі

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Белгілі мақсатты атлетикалық жаттығуды орындауда бірлескен жұмыс жүргізулері керек.

 Жетістік критерийлері

Түрлі жаттығу қарқыны, оның әсері және энергия жүйесімен байланысын дамыту және тәжірибелеу

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

жеңіл атлетикадағы қозғалыс дағдылары жайлы өз білімдерін салыстыра және көрсете алады

Кілт сөздер мен тіркестер.

қауіпсіздік, тәуекел

Диалог / жазылымға арналған пайдалы сынып.

Оң нәтижеге қол жеткізу үшін жүгірістеріңді бәсеңдете немесе жылдамдата аласыңдар ма?

 Құндылықтарды дарыту

  • Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.
  • Орындалған тапсырма НЗМ құныдылқтарын қолдайды.

 Пәнаралық байланыстар

Математикамен байланыс: бағыт, кеңістік, уақыт, баға.

 АКТ қолдану дағдылары

Фото және видео пайдалану

Бастапқы білім

Бұл бөлімде оқушылар бірқатар жеңіл атлетикалық жаттығуларды орындау кезінде жеке қозғалыс техникаларын жақсартумен жұмыс істейді. Секіру, лақтыру техникаларын жақсартады, әсіресе жүгіру техникасын мұқият зерттейді. Оқушылар шағын топтарда бірлесе жұмыс істеп, дайындық жаттығуларын ойлап шығарады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-15

Сабақтың ортасы

16-35

Сабақтың соңы

36-40

(Б, К, Ж, Тәж) Сапқа тұру.

Рапорт тапсыру.Сабақтың тақырыбын хабарлау.

Орыннан оңға, солға бұрылу.Техника қауіпсіздігі

Саптық жаттығулар. Ж.Д.Ж. қозғалыста

Ж.Д.Ж.бір орында. Аяқты артқа бүгіп жүгіру

Тізені жоғары қөтеріп жүгіру. Оң жақ иықпен адымдап секіру. Сол жақ иықпен адымдап секіру

Әрбір адымда секіріп жүгіру

(Б, ЖЖ, Ж, Ф) Сыныпты шағын топтарға бөлу, секіру жаттығуларын орындау:

- жылдам жүгіру кезінде әрбір бесінші қадамда жоғары итерілу;

- қолды сермеп екі аяққа қонумен оң (сол) аяқпен итеріліп орнынан ұзындыққа секіру;

- қолды сермеп, 10-12 см биіктікке (гимнастикалық мат) орнынан ұзындыққа секіру;

- қолды сермеп, бір аяқпен итеріліп, үш қадамнан екпін алып ұзындыққа секіру;

- қолды сермеп, екі аяққа қонумен екпін алып қосарлы секіру;

- қолды сермеп кейіннен ұзындыққа секіруді орындаумен тереңге секіру (гимнастикалық орындықтан);

- қолды сермеп, бір аяқпен итеріліп, кейіннен ұзындыққа секірумен тереңге секіру.

(Б, Т, Ж, Ф) «Өзеннен секіріп өту»

Сынып екі командаға бөлінеді. Оқушылар сөре сызығының артына бағанға тұрады. Сөреден 8 м-ден кейін екі параллель сызықпен екі метрлі ені бар шартты өзен белгіленеді, содан соң 8 м кейін әрбір бағанның алдына бұрылыс бағаны қойылады. Бағыттаушының белгісі бойынша ойыншылар бұрылыс бағанына қарай жүгіреді, екпін алып өзеннен секіріп өтеді, бағанды айналып, өзеннен сол тәсілмен өтіп, кері қайтады және эстафетаны келесі ойыншыға береді.

Әрбір өзеннен өтпеу үшін клмандаға 2 айыппұл ұпайы есептеледі.

(Б, ф) Оқушылар отырындар. Бұл жүрек соғысы жиілігімізді баяулатып, ойымыз бен денемізді тыныштандыруға мүмкіндік береді. Әдемі отырған кезінде оқушыларды иығынан түртіп, оларға ақырын аяқтарының ұшымен есік жанына барып тізіліп, шығып, сыныпқа қайтуға дайындаңыз.

Үлкен бос таза кеңістік. Мұғалімге секундомер . мен ысқырғыш, түрлі түсті белгілер мен конуста

Бос кең кеңістік. Әр оқушыға және мұғалімге секіргіш

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Шараны ашу және жабуда дифферинцация.
  • Қабілеттілігі жоғарырақ оқушылардан топта қиын болған жұмысты сұраңыз
  • бақылау, тыңдау, сқрақтар.
  • оқушылар әрекет барысында қажетті қауіпсіздік үшін ойынды тоқтатты ма?
  • Оқушылар ыгнталандыру деген не және оны барлық топта қолдану туралы білді ме?

Ғылыммен байланысы – жене мен денсаулық, жаттығу белсенділігі, жүрек/демалу жиілігі, дене қызуы, терлеу, қорғаныс.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу