Қауіпсіздік ережесі. Төменгі сөре және сөрелік екпін. Дене шынықтыру, 8 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.
Әдістемелік нұсқаулық №2 сабақ
Жүгіру кезінде табанды түзу сызыққа қоюын қадағалаңыз. Немесе қосарланған сызыққа қою қажет. Бастапқы кезде бір орында тұрып жасап, содан кейін сәл ғана алға жылжу арқылы орындатыңыз.
1 тапсырма
«Қарсы жүгіріс». Екі команда А және В сөре сызықтарының сыртына тізбекке тұрады. А және В сызықтары С-мәре сызығынан 10 м қашықтықта орналасады. Белгі бойынша командалардың бірінші номерлері бір уақытта сөреден шығып, С мәре сызығына жүгіреді. Бірінші болып келген жүгіруші, командасына 1 ұпай әкеледі. Оқушылармен оқу тапсырмасын орындап болғаннан кейін, топтарда орындау техникасын, денені қыздыру мен қалыпқа келтіру техникаларын талдауды өткізіңіз. Тапсырманы қайтадан өткізу.
Нұсқаулық
Осы тапсырманы өткізгенде, оқушыларға жарысу қызықты болу үшін, сыныптағы оқушылардың дене дайындығына байланысты бөліңіз. Тапсырманы өткізер алдында оқушыларға жүгіріп шығу мен қашықтықта жүгіру техникасын естеріне салыңыз. Берілген тапсырма, сөреден шығу техникасы мен сөрелік екпінді дамытуға бағытталғанын түсіндіріңіз. Талдауды өткізгеннен кейін, екінші рет өткізер алдында, оқушыларды басқа кезектілікте қойып немесе қатысушыларды орналастыруды, жұптармен қашықтықты жүгіріп өту кезектілігін оқушылардың өздеріне ұсыныңыз,
Сұраңыз: Берілген оқу тапсырмасы қандай дене қасиеттерін дамытады? Ұсынылған ойын кезінде қандай пайдалы қасиеттер байқалды?
Сөреден шығу қозғалысы қалай болады?
Бірінші адым кезінде алдыңғы аяқтың табаны сөре сызығынан 20-40 см, жерге, өте жақын қойылады. Алдыңғы тірегіштегі аяқтың серпілуі аяқталғанда дене мен бас бір сызық деңгейінде болуы қажет. Тірегіштен бір бағытта. Зор
күшпен серпілу – сөрелік қозғалысты үдетуге көмектеседі.
Адымның ұзындығы 40 см, жерге дейін өсіп отыруы керек. Осы кезде қолдың жедел қимылы қозғалуға əсерін тигізеді. Адымның ұзындығының өсуіне қарай жылдамдық та артады.Жылдамдықтың жоғарылауы арқылы дене бірте бірте түзеле береді. Сөреден шыққаннан кейін денені ертерек түзету, қозғалыс жылдамдығын баяулатады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру