Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 102 сабақ.


8-бөлім Жүгіру секіру лақтыру дағдыларын жақсарту

Оқу мақсаты:

6.3.1.1. Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай білу

Сабақтың тақырыбы:

Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.

Сабақтың мақсаттары:

Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай білуге үйрету.

Бағалау критерийлері :

Жеңіл атлетика сабақтары кезінде өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай біледі.

Тілдік мақсаттар

Жеңіл атлетикадағы қызметінің және қозғалыс түсінігін талқылап көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу

екпін алу, лақтыру

кіші доп, граната

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?

Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақытта жеңіл атлетика және денсаулық түсініктері жөнінде дағдылары бар.

Тапсырма

Осыдан кейін кіші допты лақтыру кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен техникасының орындалуы түсіндіріліп, көрсетіледі.

Үйренген әдіс бойынша оқушылар екі топқа бөлініп, алаңның екі шетіне орналасады. Өздерінің саптарындағы оқушылармен арақашықтықтары 3м, ал қарама қарсы тұрғандарынан 15-20м арақашықтықта орналасады да, мұғалімнің белгісі бойынша доп лақтыруды орындайды. Тапсырманы орындар болған соң талдау жүргізіледі.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Кіші допты лақтырудағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және жаттығулардағы реттілігін құрастырады;

- Кіші допты лақтыру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Допты дұрыс ұстайды: үш саусақпен (бас бармақ, сұқ саусақ, ортан терек.) Аяқ иық деңгейінде, дене салмағы аяқтың ұшына түскен;

- Доп ұстаған қол иықтың алдында, шынтақ буынында бүгулі, ал екінші қол төмен түскен қалыпта;

- Жүгіріп екі адым жасағаннан кейін лақтыратын қолын артқа түзу созып, лақтыру сызығына жақындайды;

- Аяқты қайшылау әдісін дұрыс орындайды. Оң аяғын бүгіп оң жамбасын сол жақ алға бұрады.

- «Керілген садақ» әдісін дұрыс орындайды. Денені бұрып, соңғы күш салуды дұрыс орындайды.

- Допты лақтырғаннан кейін белгі сызығын баспайды.

- Жеңіл атлетика сабақтарында білім алушылар өз денсаулықтарына деген қауіп-қатерді анықтай біледі;

- Спорттық жабдықтарды лақтыру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Тапсырма

Осыдан кейін «Лақтыр және жүгір» ойынын ойнайды. Оқушылар 2 командаға бөлінеді, олар, өз кезегінде, екіге бөлініп, 6-8 м-де орналасқан сызықтарда бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бір жақтағы бірінші қатысушыларға доп беріледі. Белгі бойынша қатысушылар доп жерден қарғып түсіп, қарсы тұрған қатысушыға түсетіндей етіп, 3-4 м арақашықтықтағы белгіге қос қолдап басынан асыра лақтырады. Допты қағып алған қатысушы оны сол әдіспен кері лақтырады және т.с.с. Лақтырғаннан кейін оқушы келесі жаққа жүгіріп өтіп, саптың соңына тұрады. Мұғалім техникадан ауытқу үшін айып ұпайларын есептеп, лақтырулардың дұрыстығын қадағалайды. Бастапқы қалыпқа тезірек оралған және азырақ айып ұпайын алған команда жеңеді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Тапсырма кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;

- Жеңіл атлетика сабақтарында білім алушылар өз денсаулықтарына деген қауіп-қатерді анықтай біледі.

Сұраңыз: Сыныптастарыңызға әдістің дұрыс орындалуы бойынша қандай ақыл-кеңес бере алдыңыздар? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Лақтыру техникасын қалай жетілдіруге болады?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік. Фишкалар, конустар, бор, өлшеуіш, рефлексия парақшалары.

Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:

http://osh92.ru/publ/4-1-0-126

https://www.youtube.com/watch?v=s2iFz4CD_7s

https://www.youtube.com/watch?v=WAX97LbQfYI

Кіші допты лақтыру интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=3sPBOU-Cxfc

Қозғалмалы ойындар интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=135

https://azbyka.ru/deti/sbornik-podvizhnyh-igr-dlya-detej

http://pedsovet.su/dosug/podvizhnye_igry_dlya_detey

Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу