Өз ойындарын қайта қарау және көрсету. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 93 сабақ.


 Дене шынықтыру сабағының №93 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7 бөлім: Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өз ойындарын қайта қарау және көрсету.

Оқу мақсаттары

6.1.6.1. Қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерге сезу дағдыларын түсіну және қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерді сезу дағдыларын түсіндіру және қолдануға үйрету.

Бағалау критерийлері

Қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерді сезу дағдыларын түсінеді және қолданады.

Тілдік мақсаттар

 

Командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

  • қауіпсіздік ережесі, жарақат, қауіптің алдын алу
  • пас, допты беру
  • дәлдік, соққы
  • үйлесімдік, реттілік
  • тактика, стратегия

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай?
  • Футбол сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?
  • Тапсырма кезіндегі қимыл-қозғалыс реттілігін қандай?
  • Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?
  • Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар төмендегі сыныптарда және сабақтан тыс уақытта топтық ойындарда алған білімдері мен қабілеттерін және дағдыларын меңгерген.

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-8мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

9-22мин

 

 

 

 

 

 

 

 

23-34мин

 

(С, ҚБ) Білім алушылар жүгіру жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған ЖДДЖ орындайды.

(Т, ЖЖ, ҚБ) Осыдан кейін келесі тапсырма беріледі.

Сынып үш командаға бөлінеді. Ойыншылар бір сапқа жалпы старт сызығына тұрады. Олардың арасының ара-қашықтығы 4-5 м. Әрбір ойыншының аяғының астында доп болады. Старт-мәре сызығының 15 м, 20 м, 25 м қашықтықта үш сызық сызылады. Оларға бұрылу бағанасы (әр ойыншының алдына) орнатылады. Мұғалімнің белгісі бойынша ойыншылар допты алға жүргізеді. Бірінші сызыққа жеткен кезде, олар 180 градусқа бұрылып, кері қайтады. Старт сызығына келген кезде олар қайта айналып, допты екінші сызыққа алып барады, одан кейін бастапқы старт сызығына келеді. Ойынды бірінші аяқтаған ойыншы командаға бір ұпай алып келеді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • - Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • - Қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерді сезу дағдыларын түсінеді және қолданады.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Берілген тапсырмада қандай стратегиялар мен тактикаларды қолдандыңыздар? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

(Т, Ж, ҚБ) Футболға арналған арнайы жаттығулар:

Футболға арналған арнайы жаттығулар:

  • Допты баспен соғу;
  • Допты қақпақылдау(жонглирование);
  • Доппен фишканы өту қарсыласқа тебу;
  • Доппен фишканы барып, қайтып әріптеске тебу;
  • Доппен фишканы өту, допты артпен жүргізіп қайту.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Футбол сабағы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;
  • Қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерді сезу дағдыларын түсінеді және қолданады.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру тәсілдері қандай? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Допты ұстап алу үшін қандай тактиканы қолдандыңыз? Доппен орын ауыстыру кезінде қандай айла-тәсілдер қолдандыңыз?

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, футбол доптары, фишкалар.

Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:

https://gigabaza.ru/doc/105337.html

Футбол добын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережесі:

https://vzsf.ru/tehnika/tehnika-vedeniya-myacha/

Үлкен бос кеңістік, ысқырық, футбол доптары, фишкалар.

Допты тоқтату техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=B6XoEuTKzwI

https://www.youtube.com/watch?v=qewHqQ-Ai_w

https://www.youtube.com/watch?v=kP8m_vje_Js

https://www.youtube.com/watch?v=SJjeHk8qHWQ

Допты қақпақылдау

https://www.youtube.com/watch?v=VVSdK-J77_A

https://www.youtube.com/watch?v=zQ22tAcwdl4

https://www.youtube.com/watch?v=WIMeajstUBk

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Рефлексия парағы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерді сезу дағдыларын барлық білім алушылар түсінеді және қолданады деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға қимыл-қозғалыс белсенділігімен байланысты қиындықтарды жеңу және қауіп-қатерді сезу дағдыларын қолданадану кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Бірін-бірі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу