![]() |
|
![]() |
Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 84 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының №84 қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7 бөлім: Ойын арқылы дағдыларды жақсарту | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні | |
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Ойын кезінде алаңда бағдарлау дағдыларын оқып үйрену. | |
Оқу мақсаттары | 6.1.2.1. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау | |
Сабақ мақсаттары | Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындауды үйрету. | |
Бағалау критерийлері | Ойын кезінде түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын және кейбір жаттығулардағы реттілігін құрастырады және орындайды. | |
Тілдік мақсаттар
| Командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады. Мыналарды қамтиды:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу. | |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. | |
АКТ қолдану дағдылары | Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану. | |
Алдын ала білімі | Білім алушылар төмендегі сыныптарда және сабақтан тыс уақытта топтық ойындарда алған білімдері мен қабілеттерін және дағдыларын меңгерген. |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы (тайм-менеджмент) 0-8мин | Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады. | Үлкен бос кеңістік.
| ||
Сабақтың ортасы (тайм-менеджмент) 9-22мин
23-34мин
| (С, ҚБ) Білім алушылар жүгіру жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған ЖДДЖ орындайды. (Т, ЖЖ, ҚБ) Осыдан кейін келесі тапсырмалар беріледі. «Дәл соққы». Ойыншылар 10—12 м қашықтықта, қабырғада белгіленген нысанаға (диаметрі 1 м шеібер) допты тигізу мақсатында, оны аяқпен ұру әрекетін орындайды. Әр ойыншы өзінің едәуір мықты аяғын пайдаланып, допты 3—5 рет ұрады. Нысанаға көбірек дәл тигізе алған ойыншы жеңімпаз болады. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Тапсырма кезіндегі қимыл-қозғалыс реттілігін қандай? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? (Т, ЖЖ, ҚБ) Осыдан кейін келесі тапсырмалар беріледі.
А) Таяқшалардың арасынан жүгіріп өтіп, допты әріптесінен алып қақпаға соғу; Ә) Арнайы шеңберлерден әртүрлі тәсілмен басып өтіп допты қақпаға енгізу; Б) Допты әртүрлі кедергілерден айналып өтіп, қақпашыны әртүрлі тәсілдермен алдап допты қақпаға енгізу. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Тапсырма кезіндегі қимыл-қозғалыс реттілігін қандай? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? | Үлкен бос кеңістік, ысқырық, футбол доптары, фишкалар. Қауіпсіздік ережесіне сілтеме: https://gigabaza.ru/doc/105337.html Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s Ғаламтор ресурстарына сілтеме: Қимыл-қозғалысқа арналған ойындар https://infourok.ru/podvizhnie-igri-s-elementami-futbola-1461767.html Үлкен бос кеңістік, ысқырық, футбол доптары. Ғаламтор ресурстарына сілтеме: Қозғалмалы ойындар. Допты беру техникасы интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=gXC95dD5cGY&t=2s | ||
Сабақтың соңы (тайм-менеджмент) 35-40 мин | Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді. Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады. | Рефлексия парағы | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Ойын кезінде түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын және кейбір жаттығулардағы реттілігін барлық білім алушылар орындайды деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушыларға түрлі қимыл-қозғалыс реттілігін іс жүзінде орындау кезінде сыныптастарына орындалу жолдары бойынша ақыл-кеңес беруді ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Өзін-өзі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023