Күш пен шыдамдылық дамыту жаттығулары. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 57 сабақ.
5-бөлім Шаңғы/кросс/коньки дайындығы
Оқу мақсаты:
6.1.4.1. Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіну және түсіндіре білу
Сабақтың тақырыбы:
Күш пен шыдамдылық дамыту жаттығулары.
Сабақтың мақсаттары:
Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінуге және түсіндіре білуге үйрету.Бағалау критерийлері :
Шаңғы/кросс/коньки дайындығы кезінде қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді және түсіндіре біледі.
Тілдік мақсаттар
Денсаулықты нығайтуға және шыдамдылықты дамытатуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылап көрсете алады.Мыналарды қамтиды:Тынығу кезіндегі тамыр соғысы, жұмыс кезіндегі тамыр соғысы, қалпына келу кезіндегі тамыр соғысыТалқылауға арналған сұрақтар:Сіздердің көңіл-күйлеріңізге және өздеріңізді жақсы сезінуге физикалық жаттығулар қалай әсер етеді?Жоғарғы, орташа және төменгі қарқында орындалған жатығулардың айырмашылығын сіз қалай түсінесіз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алған күштік-жылдамдық дайындық және шыдамдылық бойынша алдын ала білімдері мен қозғалыс дағдылары бар.
1-ші тапсырма.
(С, ҚБ) Білім алушылар кросс дайындығы кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.Осыдан кейін білім алушылар келесі ЖДЖ орындайды:1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз.2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз.3. Б.қ. н.т. қолымыз иығымызда, аяқ иық деңгейінде, иығымызды алға 4 рет артқа 4 рет айналдырамыз.4. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 – 2 қолымызды артқа сермейміз. З – 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З – 4 сол жаққа сермейміз.
5. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде 1 –артқа шалқаямыз, 2–алға иілеміз (қолымызды аяғымызға тигіземіз), 3–қолымызды жазып отырамыз, 4–б.қ.6. Б.қ. н.т. оң қол жоғарыда сол қол төменде 1 –2 қолымызды артқа сермейміз. 3–4 қолымызды ауыстырамыз.
7. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде. 1 –2–3–4 белімізді оңға айналдырамыз, келесі 1 –2–3–4 солға айналдырамыз.
8. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа қолымызды тигіземіз. 2 –сол аяққа қолымызды тигіземіз. 3 – ортаға еңкейеміз 4 – Б.қ.
(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар 1000-1500 метр қашықтықты жүгіріп өтеді. Қашықтықта жүгіру қарқынын білім алушылар өздерінің физикалық дайындығына байланысты таңдайды. Білім алушыларға ұтымды жылдамдықты таңдай білуді үйрену маңызды.
Мәрелік жылдамдық, оның ұзақтығы білім алушының жекелей дене дайындығына байланысты болады.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді және түсіндіре біледі.
Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді қалай анықтауға болады?(Т, Ж, ҚБ) Білім алушылардың командалары алаңның шет жақтарында бір-біріне бетпе-бет орналасады. Алаңның ортатасында орталық сызығы сызылады. Белгі бойынша командалардың ойыншылары орталық сызыққа секіріп (бір орыннан екі аяқпен) барады. Бірінші секіргеннен кейін, оның секіріп түскен жерін сызықпен белгілейді. Секіруді орындаған ойыншы өз командасына оралады. Оның секіріп түскен жерінен команданың келесі ойыншысы секіреді. Егер соңғы ойыншы орта сызығынан өтсе, онда оның командасы жеңіске жетеді.
Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді және түсіндіре біледі.
Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді қалай анықтауға болады?
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Ысқырық, фишкалар, бор, эстафеталық таяқшалар.Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:http://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2015/02/27/instruktazh-po-tekhnike-bezopasnosti-na-zanyatiyakh Физикалық жаттығудың адам ағзасына әсері интернет ресурсына сілтеме:http://vahe-zdorovye.ru/novosti/vliyanie-fizicheskix-uprazhnenij-na-organizm-cheloveka Секіру жаттығуларының кешеніне сілтеме:http://fialka63.narod.ru/Pryshki.htmНазарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру