Күш пен шыдамдылық дамыту жаттығулары. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 56 сабақ.


5-бөлім Шаңғы/кросс/коньки дайындығы

Оқу мақсаты:

6.3.1.1. Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай білу

Сабақтың тақырыбы:

Күш пен шыдамдылық дамыту жаттығулары.

Сабақтың мақсаттары:

Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай білуге үйрету.

Бағалау критерийлері :

Шаңғы/кросс/коньки дайындығы кезінде өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай біледі.

Тілдік мақсаттар

Денсаулықты нығайтуға және шыдамдылықты дамытатуға бағытталған бірқатар дене жаттығуларын талқылап көрсете алады.

Мыналарды қамтиды:

Тынығу кезіндегі тамыр соғысы, жұмыс кезіндегі тамыр соғысы, қалпына келу кезіндегі тамыр соғысы

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сіздердің көңіл-күйлеріңізге және өздеріңізді жақсы сезінуге физикалық жаттығулар қалай әсер етеді?

Жоғарғы, орташа және төменгі қарқында орындалған жатығулардың айырмашылығын сіз қалай түсінесіз?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта алған күштік-жылдамдық дайындық және шыдамдылық бойынша алдын ала білімдері мен қозғалыс дағдылары бар.

1-ші тапсырма.

(С, ҚБ) Оқушыларға шаңғыны тарату.

Шаңғыны қолдарына ұстап алаңға бару.

Білім алушылар шаңғымен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Осыдан кейін білім алушылар келесі ЖДЖ орындайды:

1. Б.қ. н.т. қолымыз белімізде, аяқ иық деңгейінде, басымызды 1 дегенде алға 2 артқа 3 оңға 4 солға еңкейтеміз.

2. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінде басымызды оңға 4 рет солға 4 рет айналдырамыз.

3. Б.қ. н.т. қолымыз иығымызда, аяқ иық деңгейінде, иығымызды алға 4 рет артқа 4 рет айналдырамыз.

4. Б.қ. н.т. қолымыз кеуде тұсында аяқ иық деңгейінде 1 – 2 қолымызды артқа сермейміз. З – 4 оң жаққа сермейміз. Келесі З – 4 сол жаққа сермейміз.

5. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде 1 –артқа шалқаямыз, 2–алға иілеміз (қолымызды аяғымызға тигіземіз), 3–қолымызды жазып отырамыз, 4–б.қ.

6. Б.қ. н.т. оң қол жоғарыда сол қол төменде 1 –2 қолымызды артқа сермейміз. 3–4 қолымызды ауыстырамыз.

7. Б.қ. н.т. қол белде аяқ иық деңгейінде. 1 –2–3–4 белімізді оңға айналдырамыз, келесі 1 –2–3–4 солға айналдырамыз.

8. Б.қ. н.т. қол белде, аяқ иық деңгейінен алшақ. 1 –оң аяққа қолымызды тигіземіз. 2 –сол аяққа қолымызды тигіземіз. 3 – ортаға еңкейеміз 4 – Б.қ.

(Т, Ж, ҚБ) Осыдан кейін ауыспалы екі адымды жүріспен жүру техникасы еске түсіріледі.

Осыдан кейін білім алушылар ауыспалы екі адымды жүріспен шаңғыны таяқсыз тебеді.

Тапсырманы орындап болған соң жүріс техникасын талқылап, қателерін түзейді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында білім алушылар өз денсаулықтарына деген қауіп-қатерді анықтай біледі;

Екі рет сырғанау адымын дұрыс орындайды.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өз денсаулығына деген қауіп-қатерді қалай анықтауға болады?

ШАҢҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫ сабақтарында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

1. Киім ойдағыдай жылы болу керек. Міндетті жылы іш киім, тоқыма қолғап пен бөрік болуы керек. Желді күні кеудеше киген дұрыс.

2. Ұлтарақ салғанда, аяқты қыспауы үшін аяқ киімінің кең болғаны керек.

3. Аязды күндері оқушылардың денесін үсік шалғандай белгі байқалса, ол жердің айналасын қармен қызарғанша ысқылап, көмек көрсету қажет.

4. Шаңғының бекіткіші мен шарықтың дұрыс киілуіне әрдайым назар аударып отыру қажет.

5. Қалың қармен, мұздақты жерлермен, бұталар арасынан сақтықпен өту қажет.

6. Таудан төмен сырғанау тек қана мұғалімнің рұқсатымен, кезекпен белгілі арақашықтықты сақтай отырып жасалады. Тауға көтерілу арнайы белгіленген жерлерде ғана мүмкін, сондай – ақ таудан түсіп келе жатқандардың жолын кесіп өтуге тыйым салынады

(Т, Ж, ҚБ) Осыдан кейін ауыспалы екі адымды жүріспен жүру техникасы түсіндіріледі:

Бұл жүріс тегіс және қиялау көтерілулерде қолданылады. Қозғалыс екі рет сырғанау адымы және екі рет таяқпен итерілуден тұрады. Негізгі жүріс сырғанау адымы болып табылады. Сырғанау барысында шаңғышы бір аяғын алға шығарады және сол алға шыққан аяққа денесінің салмағы түседі. Шаңғышы бір аяғымен итерілуді бастағанда, екінші аяқ сермеледі. Аяқты сермеп қозғау аяқты итеру қозғалысымен тікелей байланысты. Итерілуден соң аяқ шаңғының үстінде 25-30см көтеріледі.

Ауыспалы екі адымды жүрісте маңызды элеметтердің бірі қолмен итерілу болып табылады. Қолмен итерілуді дұрыс орындау шаңғымен сырғанау кезенде және жылдамдықты арттыруға мүмкіндік береді. Шаңғының таяғын тірелу үшін қою сырғанаудан соң орындалады және қолдың шынтақ буынынан біршама бүгілген күйде жүзеге асады.

Осыдан кейін білім алушылар ауыспалы екі адымды жүріспен шаңғыны таяқсыз тебеді.

Тапсырманы орындап болған соң жүріс техникасын талқылап, қателерін түзейді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында білім алушылар өз денсаулықтарына деген қауіп-қатерді анықтай біледі;

Екі рет сырғанау адымын дұрыс орындайды;

Екі рет таяқпен итерілуді дұрыс орындайды.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Шаңғы/кросс/коньки сабақтарында жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Шаңғы жабдықтары

Қауіпсіздік ережесіне сілтеме:

http://nsportal.ru/shkola/fizkultura-i-sport/library/2015/02/27/instruktazh-po-tekhnike-bezopasnosti-na-zanyatiyakh

 

Шаңғы, коньки тебу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:

http://86.mchs.gov.ru/pressroom/news/item/2438588

Шаңғымен ауыспалы екі адымды жүріспен жүру техникасының интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=_V1IxVjqF5E&t=24s

https://www.youtube.com/watch?v=o3SybyWwAqA

https://www.youtube.com/watch?v=mFsx8LdXcok

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу