Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау. Дене шынықтыру, 6 сынып, дидактикалық материал. 29 сабақ.


Дидактикалық материал 6 сынып

Гимнастика сабақтарында қолданылатын қауіпсіздік ережелері.Белгілі бір спорт жабдығында гимнастикалық жаттығуларды бірнеше оқушы бір мезгілде орындауда жарақаттанып қалудан сақтану керек. Мысалы, 2, 3 бала бірден барып кермеге асылуға болмайды;Спорт құралдарында (үлкен және кіші ағаш ат, бөрене, керме, шығыршық, арқан, гимнастикалық қабырға т. б. жаттығу орындағанда) секіргенде жерге міндетті түрде екі аяқпен тізені бүгіп түсу керек;Спорт жабдықтарында жаттығуды орындамас бұрын міндетті түрде олардың дұрыстығын тексеріп алу керек.Тексерілмеген спорт жабдықтарында жаттығулар орындауға болмайды;Мұғалімнің немесе әріптесіңнің көмегінсіз спорт құралдарында күрделі жаттығулар орындауға болмайды;Дене шынықтыру жаттығулармен шұғылданатын, спортпен айналысатын бала әр уақытта басқаларға үлгі болу керек.1. Денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайтындығы есте ұстаңдар.2. Гимнастикалық құрал - жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек.3. Жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды.4. Секіріп түсетін жерлерге гимнастикалық төсеніш төсеу қажет.5. Спорт жабдықтарынан (ат, бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек.6. Біріңнен соң бірің жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау кезінде ара қашықтық қатаң сақталсын.7. Гимнастикалық құрал - жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттілігін ұмытуға болмайды. Құрал - жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтарын бекітілуі мұқият тексерілсін.8. Арқан бойымен төмен түскенде екі қолымен кезек ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек.9. Гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды.10. Гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.

Тапсырмалар:

  • Денені жинақтап еденде отыру.
  • Тіреле отырып денені жинақтап, сол қалыпта санақ арқылы жинақталу.
  • Арқада жатып, қолды жоғары созып,жəй жинақталу.
  • Тұрған күйде екі аяқтың арасын ашып, отыра жинақталу.
  • Тіреле отырып жинақталу,сол қалыпта 3-5 секунд отыру.
  • Отырған қалыпта жинақталып артқа қарай тоңқалағасып, бастапқы қалыпқа оралу.
  • Тіреле отырып қолды сермеу арқылы жинақталып артқа қарай тоңқалағасып бастапқы қалыпқа келу.
  • Тұрған қалыптан екі аяқ екі жақта алға қарай еңкейіп қолды жерге тіреп алға қарай тоңқалағасу.
  • Тұрған қалыптан екі аяқ екі жақта алға қарай еңкейіп қолды жерге тіреп алға қарай жауырынды жерге тигізіп тоңқалағасу.
  • Тұрған қалыптан екі аяқ екі жақта алға қарай еңкейіп қолды жерге тіреп алға қарай тоңқалағасып тіреле отыру.
  • Екі жəне үш рет алға қарай тоңқалағасу.
  • Алға қарай жылдам тоңқалағасу 3 немесе 4 секунда 3 рет тоңқалағасу.

Домалаулар.

Орындау техникасы. Домалаулар – бұл дененің белгілі бөліктерімен бас арқылы аударылусыз еденге ретпен жанасу қозғалыстары. Домалауларды тоңқалаң асуды үйрету кезінде бастапқы жаттығулар ретінде қолданады. Бағдарламамен топталуда алға жəне артқа домалаулар қарастырылған. (72 сурет), тіземен таянып тұрып жанға қарай бүгіліп, ішпен жату.

 Оқытудың реттілігі:

  • Топталып отырған қалпынан арқамен артқа-алға домалау.
  • Топталып отырған қалпынан артқа домалау жəне домалау арқылы алға оралу, бастапқы қалыпқа.
  • Таянып отырып топталып артқа домалау жəне алға домалау арқылы топталып отыру.
  • Таянып отырып топталып артқа домалау жəне алға домалау арқылы бастапқы қалыпқа келу.
  • Ішпен жатып бүгіліп алға жəне артқа домалаулар. Ішпен жатып бүгілу, басты артқа шалқайту жəне жамбаспен таянып жату қалпына ену. Қолдарды шапшаң бүгіп, алға қарай домалау жəне оларды жазу арқылы артқа домалау.
  • Таянып тіземен тұрып топталып жанға қарай домалаулар. Білекпен, иықпен, бүйірмен, арқамен, келесі бүйір мен иықпен еденге жанаса домалау, топталып жəне керісінше қозғалыспен бастапқы қалыпқа оралу.
  • Таянып отырып жанға қарай домалау жəне бастапқы қалыпқа оралу.
  • Əртүрлі қалыптағы (жоғарыда, артқа ұсталған, иыққа əкелінген) қолдармен бүгіліп алға жəне артқа қарай домалаулар.

Орындау талаптары. Келтірілген домалаулардың ішіндегі анағұрлым күрделісі таянып отырудан таянып отыруға домалау. Бұл элементті жақсы меңгеру үшін оны алдымен бастапқы қалып, төсенішке арқамен қарап таянып отырумен беруге болады, мұнда аяқтар еденде төсеніштің қасында тұрады, бұл бастапқы қалыпқа оралуды жеңілдетеді. Домалауларды орындау кезінде топталудың дұрыстығы мен тығыздығына көңіл бөлген дұрыс.

Қимыл-қозғалысты оқытудың жаңа əдісіне тоқталамыз, ол жоспарланған оқытумен тығыз байланысты жəне оның негізі бөлімі болады.Бұл алгаритмді əдіс. Профессор Л.Н.Ланданың пікірі бойынша тек теорияда қолданылмай, қимыл-қозғалыспен байланысты денешынықтыру қозғалыстарына қолданылады.

Алгаритмді əдісте оқыту материалы бөлімдерге бөлінген жəне жаттығуышы осы бөлімдерден жол табады.Алғашқы бөлімді меңгергеннен кейін екінші бөлімге көшеді.Мұғалімнің бақылауымен жазылған қимылдар оқылады жəне гинастикалық жаттығулар жасалады.

Балаларды жəне жасөспірімдіерді алгаритмді əдіспен үйреткен тиімді.Қозғалыс дағдысы тез əрі сапалы қалыптасады.(қатесіз дəл жəне жеңіл) Бұл əдіспен жаттығуды үйреткен кезде барлық оқушылар материалды бірдей ұғыды немесе қимыл-қозғалысты нашар меңгерген оқушылар болмайды.Оқылатын материалды барлық оқушы меңгереді, бірақ жеке қабілеттеріне байланысты əртүрлі мерзімде.

Алгаритмдік əдісті пайдаланып жоспар құрғанда мына талаптарды ескеру қажет. 1.Оқу материалы барлық қатысушыға түсінікті болу үшін, əрбір қимылды дəлдікпен баяндау керек.

2.оқытудың берілген немесе басқа да сатысында алгоритмдік əдіс түсінікті. Бір қимылды үйрету үшін немесе басқада ұқсас қимылдарды бір сатыға жатқызады. Барлық оқу тапсырмалары бір –бірімен байланысты жəне қарапайымнан күрделіге қарай баяндалады.

Алгаритмдік əдіспен оқу материалын оқу тəртібі олардың бір-бірімен байланысын анықтайды. Оқу тапсырмасының алғашқы бөлімінде денешынықтыру сапасын арттыру үшін, меңгерілетін қимыл-қозғалысты дұрыс орындау үшін жаттығулар беріледі.Бір жағдайда тек бұлшықет күшін дамытатын , екінші жағдайда майысқақты жаттықтыратын жаттығулар ұсынылады.

Оқу тапсырмасының екінші бөлімінде қол-аяқтың қимыл қозғалысын қарастырады.

Оқу тапсырмасының үшінші бөлімінде үйренген жаттығуларды жетілдіреді.Мыс: аяқты сермеу қозғалысы, акробатикалық жаттығулар жəне кейбір секіру жаттығуларын орындар алдындағы жəй секірулер.

Оқу тапсырмасының төртінші бөлімінде осы аталған жаттығулар кеңістікте,уақыт жəне бұлшықет күшін бағалау үшін орындайды.

Меңгерілген жаттығудың мөлшері жəне дəлдік дəрежесі координациялық күрделігіне байланысты. Кей кезде сермеу амплитудасын немесе денені бүгу жəне иілу дəрежесін, қозғалыс жылдамдығын бұлшықет күшінің дəрежесін бағалау жеткілікті болады. Күрделі жаттығуды орындағанда жəне жаттығу техникасының негізін құраушы қимыл-қозғалысты орындағанда жіктеу кешенін қолданған жөн.

Бесінші бөлімде-қимыл-қозғалыс жаттығуларына ұқсас жаттығуларды қарастырады. Соңында əртүрлі техникалық амалдарды қолданып жеңілдетілген қимыл-қозғалысты үйретеді.

Бөлінген оқу материалының жүйесін жақсы меңгеру керек жəне оқығанда бірізділікті қалыптастыру керек.

Балаларды жəне жасөспірімдерді қимыл-қозғалысқа үйреткенде алгоритмдік əдісті міндетті түрде қолдану керек пе? Əрине, жоқ. Олардың көбін қалыптасқан əдіспен де оқытқан жөн. Ондай жаттығулар: саптық, жалпы дамыту, жеке қолданбалы жаттығулар, асылу жəне тірелеу жаттығулары.

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақ күні

Мен тапсырманы орындадым: …...

Менің түсінгенім: ……

Енді менің қолымнан келеді: ……

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақ күні

Мен тапсырманы орындадым: …...

Менің түсінгенім: ……

Енді менің қолымнан келеді: ……

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.Гимнастикалық гимнасикалық маттар.«Қарлығаш» элементі интернет ресурсына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=B4LeP8g1NiE Комбинацияларды құрастыруға арналған жаттығулардың интернет ресурстарына сілтеме: https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D1%83%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B6%D0%BD%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8Fhttps://www.youtube.com/watch?v=UWLc-hpND2g https://www.youtube.com/watch?v=zpO-y4VTE60 «Мектептегі гимнастиканың теориясы мен əдістемесін үйрету негіздері » https://inside.wksu.kz/dmdocuments/%D0%9C%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD_%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу