Қауіпсіздік ережесі. Жалпы дамытуға арналған жаттығулар. Дене шынықтыру, 4 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Гимнастиканың негізгі элементтері.

Ортақ тақырып: Мәдени мұра.

II -тоқсан

Күні:

Мектеп:

Сынып: 4

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі. Жалпы дамытуға арналған жаттығулар.

Оқу мақсаттары

4.3.4.1 денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру үшін тиісті реакцияларды таңдау және қолдану.

4.3.2.1 дене қызметімен айналысқан кезде, денені қыздыру және босаңсыту қажеттілігін көрсету және талқылау.

Сабақ мақсаттары

Дене дамуына ықпал ететін қозғалыстар мен тапсырмалар кезінде қиындықтарды, тәуекелдерді анықтау сонымен қатар еңсеру амалдарын қолдану және денені қыздыру жаттығуларын жүйелендіру, орындау. Жаттығулардан кейін босаңсу, демді ретке келтіру қажеттілігін пайдалану.

Бағалау критерийлері

  • ЖДЖ орындағанда қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды, еңсеру амалдарын үйлесімді пайдаланады.
  • Денені қыздыру және босаңсыту жаттығуларын, қозғалыстарын жүйелі орындайды, реттілігін ұстанады, үйлесімді көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқудың тілдік мақсаты.

Білім алушылар:

Жалпы дамытатын жаттығулар (ЖДЖ), бастапқы қалып, негізгі тұрыс.

Пәндік лексика және терминология.

Мыналарды қамтиды:

  • композициялық элементтер: кеңістік, іс-әрекеттер, динамика;
  • байланыс, идея, іс-қимылдар, жүйелілік.

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықта неге бағыну керектігін айта аласың ба?

  • ептілік, тепе-теңдік, үйлесімділікке байланысты түсінікті қалыптастыру.

Құндылықтарды дарыту

Өзінің және өзгелердің физикалық қасиеті мен жетістіктеріне құрмет пен әділдік сезімі дамыған сенімді тұлға және әлеуметтік жауапты азамат болуға қажетті дағдыларды ықпалдастыру;

Пән аралық байланыс

Қазақ тілі, дүние тану.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану. Мектептегі гимнастика сабағы сілтеме; http://gimnastikasport.ru/detskaya/uprazhneniya-dlya-shkolnikov.html

Бастапқы білім

Осы бөлімдың тапсырмалары оқушылардың қол, аяқ күшін дамытуға, буындары мен тұтастай алғанда дененің икемділігіне бағытталған.

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақ кезендері

Сабақтағы іс-әрекеттер

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 минут

(Б) Оқытушы сыныпта жарақаттанудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді.

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Жаттығуларды барынша біркелкі реттілікті сақтап орындау, қандай да бір бұлшық еттің, буынның қозғалысына тиімді әсер ету. Гимнастикалық таяқшаны пайдаланып жаттығулар кешенін құрастыру, орындау амалдары. Жаттығуларды негізгі бөлім бойынша арнайы бағытта орындату. Мойынға арналған жаттығулар тізбегі. Арнайы қозғалыстар үшін әр түрлі бұлшық еттерді дайындау жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату.

Үлкен, бос ойын кеңістігі. Нұсқама жүргізуді есепке алу журналы.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

25 минут

(ЖЖ, К, ҚБ) Оқушылар жұптарда (құралмен немесе құралсыз) белгілі бір бұлшық ет топтарына арналған ЖДЖ кешенін құрастырады. Көрсетілу кезінде барлық сынып орындайды.

(Б, Тәж, К, ҚБ) Білім алушылар ЖДЖ-ын волейбол добының көмегімен орындайды.

I жаттығу.

Б. қ. - н. т.

1 - доп кеуденің алдында;

2 - допты алдыға созу;

3 - аяқтың ұшына тұрып, допты жоғары көтеру;

4 - Б. қ.

II жаттығу.

Б. қ. - екі аяқтың арасын ашу,

допты басқа қою.

1 - денені солға бұру;

2 - Б. қ.;

3-4 - денені оңға бұру.

III жаттығу.

Б. қ. - екі аяқтың арасын кең етіп ашу,

1 - сол аяққа отырып, допты алдыға қарай созу;

2 - Б. қ.;

3 - оң аяққа отырып, допты алдыға созу;

4 - Б. қ.

IV жаттығу.

Б. қ. - екі аяқтың арасын кең етіп ашу,

допты жоғару көтеру.

1 - бүгіліп барып еңкею,

қолды жан-жаққа созу;

2 - Б. қ.;

3-4 - допты бастың айналасынан беру.

V жаттығу.

Б. қ. - екі аяқтың арасын тар етіп ашу,

1 - допты еденге ұру;

2 - допты ұстап алу;

3 - допты жоғары лақтырып, қолды шапалақтап жіберу;

4 - Б. қ.

Үлкен доппен орындалатын

(Б, Тәж, К) жаттығулар кешені:

Б. Қ. – терең отыру, доп еденде өзінің алдында. Көтерілу, тік тұру, иілу, доп тік қолда жоғарыға, допқа қарау, сол аяқты шұлыққа артта қалдыру. Б. Қ. Дәл солай, тек оң жаққа. Б. Қ. 4 – 8 рет қайталау

Б. Қ. – аяқтары бірге, доп түсірілген қолдарда.

Алдыға иілу, тізе астындағы допты сол қолдан оң қолға ауыстыру. Б. Қ. Дәл сол, бірақ допты сол қолға ауыстыру. Б.Қ. 4 – 8 рет қайталау

Б. Қ. – аяқтары бірге, доп түсірілген қолдарда.

Добы бар қолды жоғарыға – оңға; оң аяқты оңға шұлыққа қалдыру. Б. Қ. Дәл солай, тек оң жаққа. Б. Қ. 4 – 8 рет қайталау.

(ЖЖ, ҚБ) Гимнастикалық орындықта орындалатын тепе-теңдік сақтау тапсырмаларын ұсыну.

(ЖЖ, ҚБ) «Қарлығаш» (кез келген аяқта) — тізерлеу — алдыға домалау — арқаға жату қалпынан «көпір» — арқамен жату қалпынан бастың ар жағындағы еденге аяғын тигізу — тұру және т.б.

Гимнастикалық төсеніште орындалатын жаттығулар кешені.

Төсенішке отырып аяқтың арасын ашып оң, сол аяққа ентелеп қолды созып тигізу жаттығуларын орындау. Төрт тағандап тұрып, басты төсенішке тигізіп, мойынды қыздыру жаттығуларын қайталату. Оң сол аяққа отырып, жанға иілу, созылу, қыздырыну жаттығуларымен таныстыру және орындату амалдарын қарастыру.

Білім алушылаардың санына тең воллейбол доптарының саны.

ЖДЖ кешендері берілген сайтқа сілтеме:

https://koncpekt.ru/nachalnye-klassy/raznoe/691-kompleksy-fizicheskih-uprazhneniy-s-1-9-klass.html

Білім алушылаардың санына тең үлкен доптарының саны. https://www.youtube.com/watch?v=60GNTR9CRGs

Білім алушылардың санына байланысты гимнастикалық төсеніштер, екі білім алушыға бір гимнастикалық төсеніш.

Сабақтың соңы:

5 минут

Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында білім алушылар рефлексия жүргізіледі: Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім бірлескен, жекелеген тапсырмалар кезінде, әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Білім алушылар таңдаған белгілі тапсырмаларда балалардың қызығушылықтарын қолдап, оңтайлы қозғалыс дағдыларына әдістер ұсынылады.

Үйге тапсырма

Гимнастика бөліміндегі ҚЕ білу. ЖДЖ игеруді жетілдіру.

Дене қабілеттерін дамыту жаттығуларын орындау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының реттілігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша біркелкі орындау. Бірлескен тапсырмалардың мағынасын ашу. Орындалуын сапасын, анықтау.

Қабілеті жоғары оқушылар қозғалыс әрекеттерін қайталап, сынып алдында орындалуын өз бетінше көрсету.

Білім алушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Дағдыларын дамытуға ынталану. Қозғалыс әрекеттерін белсендендіру. Жаттығулар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалардың орындалуына, күрделендіруге байланысты қойылған.

Оқушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, әр түрлі деңгейлі тапсырмалардың орындалуына қол жеткізді.

Әр тапсырмаға, ойынға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі жаттығулардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау, қозғалыс үйлесімділігін, техникалық ережесін назарда ұстау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген оқушыларға үйлесімділігін, дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жүйелі жаттығулар жинағына, қозғалыс әрекеттерінің шартына, сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін, ынтымақтастық белсенділігін анықтау.

2: Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі, дене өзгерістерін бақылау.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап, деңгейлі тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Тапсырмалардың және жаттығулардың айырмашылығы, нұсқалары күрделендіру.

2: Негізгі дене жаттығуларының орындалу үйлесімділігі. Әр-түрлі қозғалыс дағдыларының мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив)

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың белсенділігін, ынтымағын ұстану. Негізгі дене жаттығуларын орындалуына, әр-түрлі қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға тапсырмалар беру, ұсыну, әдістерін қарастыру. Денені қыздыру және босаңсыту әдістері бойынша сұрақтар қою. Танымдылығын дамыту.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу