Дамытатын ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 69 сабақ.
3 сынып
№6 бөлім:Топтық ойындар элементтері
Сабақтың тақырыбы:
Дамытатын ойындар
Оқу мақсаты:
3.2.2.2 Әрекет мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жұмыс барысында өзіндік және командалық жұмыстың мағынасын түсіну. Көшбасшылық рөлдерімен алмасып, жұмыс істей бастау
3.1.4.4 Өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтау және басқалардың жаттығуларын орындау сапасын талқылау
Сабақ мақсаты:
Іс-әрекет барысында командалық жұмыстың мағынасын түсіну, көшбасшылық рөлдермен алмасып жұмыс жасау және өзінің, өзгенің жұмысын талқылау.
Бағалау критерийлері:
- Іс-әрекет барысында командалық жұмыстың маңызын түсінеді,
- Көшбасшылық танытып рөлдермен ауысып жұмыс жасайды,
- Өзінің және өзгенің жұмысын талқылайды, кемшіліктерді анықтайды.
Бұл бөлімде оқушылар командалық ойындар арқылы қозғалыс үйлесімдігін дамытады, дәлдік дағдыларын жақсартады. Түрлі дамытушылық ойындары арқылы командалық жұмыста көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Қозғалыс қызметтері арқылы шығармашылық қабілеттері дағдыларын дамытады. Баскетбол элементтері бар эстафеталарда оқушылар баламалы шешімдерді қимыл идеяларында, стратегиялар мен жоспарларда қолданады.
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.
Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.
Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.
Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары
Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру
Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру
Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру
Өкшені артқа лақтырып жүгіру
Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру
Артпен жүгіру
Тынысты қалыпқа келтіру
Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Оқу мақсатына қол жеткізу үшін, тақырыпқа сәйкес оқушыларға тапсырманы түсіндіру. Тапсырма болсын, қимылды ойындар болсын ең бастысы қауіпсіздік ережелерін ескеру керектігін түсіндіру.
«Доп жоғарыға» ойынын ойнату.
Алаңға үлкен шеңбер сызылады. Оқушылар шеңбердің ішінде жүреді. Ойынды бастаушы мұғалімнің белгісімен допты жоғарыға лақтырады. Сол кезде ойынға қатысушылар доптан қаша бастайды. Бастаушы допта қайта қағып алып, «ТОҚТА!» деп дауыс шығарды. Сол кезде ойыншылар тоқтап, бір орында тұрып қалады. Допты қағып алған бастаушы, өзіне жақын орналасқан ойыншыларды доппен ұрып, ойыннан шығара бастайды. Ойында рөлдерді ауыстырып, балама түрін қарастырып ойнатуға да болады.
«Допты лақтыр» ойынын ойнату.
Оқушылар тең екі топқа бөлініп, бірінші топ алаңда бір-біріне қарама қарсы сызыққа тұрады. Екінші топтың ойыншылары ортадан бір-бірлеп жүрулері тиіс. Сол кезде бірінші топ ойыншылары оған доп лақтырады. Ол ойыншы доптан қашуы тиіс. Барлық ойыншы ортамен жүріп өткенше бірінші топтың ойыншылары допты лақтырады. Кейін топтар ауысып ойын жалғасады.
Дискриптор:
- Ойында қауіпсіздік ережесін сақтайды;
- Көшбасшылық рөлдерді көрсетеді;
- Кемшіліктерді талқылап, ұсыныс айтады.
Қорытынды жасау. Бағалау.
Оқушылармен ойындарды талқылау. Ойын кезінде рөлдерді қалай игергендігін сұрау. Әр ойын кезіндегі оқушылардың кемшілігін, жетістіктерін жекелей атап өту. Оқушылардың ойындарды ойнау кезінде қимыл-қозғалыста болып, икемділік, ептілік дағдыларын жетілдірудегі жұмыстарын атап өту.
Дамыту ойынның екі аспектісі бар:
1. Танымдық – баланы неге үйреткеніміз келеді, ол үшін қандай тәсілдер қарстырамыз.
2. Тәрбиелік – әріптестіктің түрі, балаға үйрететін басқа адамдармен қарым-қатынас жасау формасы.
Дамыту (жетілдіруші) ойынның мақсаты: нақты білім беру емес, белгілі бір психологиялық қасиеттерді дамыту.
Қорытынды: Дамыту ойынында баланың еске сақтау қабілетін арттыру, ойлау қабілетінің жұмыс істеу және т.б., сондай-ақ белгілі бір әрекеттер жасау қажеттілігі, салыстыру, жалпылау, көрген-білгеніне жауап беру және сөйлеу қабілетінің қалыптасуы.
Дамыту ойындар
1-блок. Есте сақтау мен зейінді дамытатын ойындар
2-блок. Мәдениетін ойлауды жетілдіретін ойындар
3-блок. Шығармашылық қиялды дамытатын ойындар
4-блок. Психогимнастика, мимикалық жаттығулар
5-блок. Сөздік қорды дамыту
Күтілетін нәтиже:
- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;
- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;
- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;
- Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына, қимыл-қозғалыс ойындарына деген қызығушылықтың оянуы ;
- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу
Рефлексия. Сабаққа берілетін кері байланыс.
Бүгінгі өткізілген сабақтан оқушылардан кері байланыс алу. Сабақтан алған әсерлерін қағаздарға жазу немесе жесттер арқылы бағалауды сұрау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру