Дамытатын ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 69 сабақ.
Оқу мақсаттары:
3.1.4.4 Өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтау және басқалардың жаттығуларын орындау сапасын талқылау
Оқу бағдарламасына сілтеме
1.4. Өзінің және басқалардың дене қозғалыстарын, кемшіліктерін және әлеуетін анықтайды
Сабақ мақсаты:
Өзінің күшті және кемшілік жақтарын анықтайды;
Басқалардың жаттығуларды орындау сапасын талқылайды.
Бағалау критерийлері:
Өзінің кемшілік және күшті жақтарын анықтауды біледі;
Жаттығулардың орындау сапасын талқылауды түсінеді.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
- Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді біледі;
- Дене жаттығулары барысында ағзадағы өзгерістерді анықтап, қадағалайды;
Қозғалыс түрлерін атайды;
Жылдамдықты дамытудағы әсерін анықтайды;
Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін
жауап бере алады.
Топтық ойындарға түсінік
Ойыншыларды ойын әрекеттерін бірлесе орындау кезінде өзара құрметтеуге, өз істері үшін жауапкершілікке үйрету үшін ұжымдағы ойын рөлдерін жетекші дұрыс бөлуі тиіс. Құрдастар пікірі, белгілі болғандай, әрбір ойыншы мінез-құлқына үлкен әсер етеді. Қозғалмалы ойын қатысушысының белгілі бір рөльді орындау сапасына тәуелді жолдастарының мақтауына немесе, керісінше, қанағаттанбауына ие болады; осылайша балалар ұжымдағы ойынға ойыншылар алдында шұғыл шешім жасауды талап ететін, әртүрлі міндеттерді шешу пайда болатын бір ойыншының басқасына, бір команданың – екіншісіне қарама-қарсы әрекет ету тән. Топтық ойындар кезінде рөлдерге бөлу талас-тартысты ұмытып, ортақ мүддетуралы ойлауға, енжарларға белсенді болуға, беделі жоқтарға беделін көтеруге, тәртіпсіздерге тәртәпті болуға, жаңадан қосылған балаларға басқалармен тіл табыса білуге көмегін тигізеді. Демек, ойнау кезінде балалар арасындағы қарым-қатынас нығая түседі. Сонымен қатар ойын барысында бәсекелестік жағымсыз қарым-қатынас тудыруы мүмкін. Жағымсыз қылықтар арқылы, әртүрлі амал-айла көмегімен өз тобын жеңіске жеткізуге тырысады. Сол жағдайда педагогтің немесе жетекшінің міндеті – балалар арасындағы адамгершілік қарым-қатынасты талдап, дұрыс шешім қабылдап, тиімді әдіспен басқару. Ойын кезінде көмекші рөлдердегі балаларға жетекшілердің үстемдік көрсетпеуін, әрбір рөлдің әректте болуын, жағымсыз рөлдердің болмауын ескеру керек. ойын үнемі даму үстінде болады. Ойын ережесі қиындайды, ойын іс-әрекетінің эмоционалдылығы өзгереді, ойынға қатысушылар құрамында өзгерістер болып тұрады. Ойынның мақсатына жету кезіндегі тәсіл мен іс-әрекетті аяғына дейін білмеу себебінен ойынға қатысушылардың белсенділігі, қызығушылықтары артады. Ұжымдық қозғалмалы ойындардың жарытың сипаты мақсатқа қол жеткізу үшін ерлік пен бірбеткейлікті, шешімділікті көрінуін талап ететін ойыншылар іс-әрекеттерінің белсендіре алады. Алайда ойын шиеленісуі ойыншыларды бөліп-жармауға тиіс екендігін ескерген жөн. Ұжымдық қозғалмалы ойындарда әрбір қатысушы жалпы мақсатқа қол жеткізуге және кедергілерді жеңуге бағытталған жалпы, достық күш салу артықшылықтарына көрнекі көп жеткізеді. Ұжымдық қозғалмалы ойында қабылданған іс-әрекеттерді ережелер мен ерікті түрде қабылданған шектеу ойын ойнаушыларды тәртіпке де салады.
Бөлім мен тақырыпқа қысқша шолу
Бұл бөлімде денсаулықтың негізгі ұғымдарына, таң ертеңгілік гигиеналық гимнастиканы күнделікті орындау маңыздылығына шолу жасайды. Оқушылар гигиеналық таңертеңгілік гимнастика кешенін және жалпы дамыту жаттығуларын өздігінен құрастыруға мүмкіндік береді. Ол оқушыларды саналы түрде өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге ынталандырады. Аталған қабілеттер қозғалмалы ойындар және эстафеталар негізіндегі оқу тапсырмалары, жеке және топтық жаттығулар арқылы жетілдіріледі және бекітіледі.
Қыздырыну жаттыруғары (аяқ-қол бұлшық еттеріне жаттығулар)
Оқушыларды шағын топтарға бөлінеді де, өз топтарында шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындайды;
Әр жаттығудың ағзаға тигізер пайдасын түсінеді және көрсетеді, орындайды;
Денсаулыққа пайдалы қимыл-қозғалыстарды жасайды және құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланады.
Тапсырма
(Т, ЖЖ, ҚБ) Жүргізушілер бір-біріне қарама-қарсы 1,5 м қолдарынан ұстап, жоғары көтеріп қақпа жасап тұрады. Қалған қатысушылар «қақпаның артында басқа жағынан тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша барлық ойнаушылар «қақпа» арқылы үш санаққа өтуі керек. Төрт дегенде «қақпа» жабылады. (жүргізушілер қолдарын төмен түсіреді). Кім қашып үлгермейді, ол ұсталған болып және жүргізуші болып есептеледі. Егер ұсталғандар қақпада екеу болса, екеуі жүргізуші болып ауысады да ойын басқа жағынан жалғасады. Егер оқушылар саны көп болса 2-4 топқа және әрбіреуі өздерінің қақпасының жанында ойнайды. Мұғалім ойын барысында мұқият қадағалайды. Қақпа арқылы жүгіріп өткенде оқушылар бір-бірін итермеу керек. «Төрт» деп санағаннан кейін қақпада қалғандары жүргізушілердің қолын қақпаға өту кезінде үзуге болмайды. Егер қақпадан өткен адамдар саны 2-ден артық болса, онда соңғы болып келген жүргізуші болады. 2-4 қақпа кезінде ережені өзгертіп, кез келген қақпа арқылы қалғандары өтуге болады. Қақпаның жанынан жүгіріп кірген есептелмейді және олар жүргізуші болады. Мұғалімнің санау жылдамдығы баяу болу керек – әр санаққа шамамен 1-1,5 с.
«Қақпа».
Дескриптор:
- Ойын алаңыдағы қауіпсіздік ережесін сақтайды.
- Қорғаныстағы әдіс-тәсілдерді құрады және оны ойында қолданады.
- Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланады.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру