Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 53 сабақ.


5-бөлім – Денсаулық және физикалық белсенділік

Тақырыбы: Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару

3-сынып

Оқу мақсаттары:

3.3.1.1 Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және түсіну

Оқу бағдарламасына сілтеме

3.1. Денсаулық пен салауатты өмір салтының дене белсенділігіне маңыздылығын түсінеді

Сабақ мақсаты:

Жаттығулардың сауықтыру пайдасын, денсаулықты нығайтуға ықпал ететіндігін көрсетеді және түсінеді

Бағалау критерийлері:

Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын, денсаулықты нығайтуға ықпал ететіндігін көрсетеді;

Жаттығулардың сауықтыру пайдасы, денсаулықты нығайтуға ықпал ететіндігін түсінеді.

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

- Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді біледі;

- Дене жаттығулары барысында ағзадағы өзгерістерді анықтап, қадағалайды;

Қозғалыс түрлерін атайды;

Жылдамдықты дамытудағы әсерін анықтайды;

Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін

жауап бере алады.

Адамның денсаулығы қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудыңжаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюісалауатты өмір салтын сақтау қолдауда

Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық денсаулық. 

Денсаулық бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну

Жекебас тазалығының ережелері

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса

- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу

- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа

- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу

- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл.

Бөлім мен тақырыпқа қысқша шолу

Бұл бөлімде денсаулықтың негізгі ұғымдарына, таң ертеңгілік гигиеналық гимнастиканы күнделікті орындау маңыздылығына шолу жасайды. Оқушылар гигиеналық таңертеңгілік гимнастика кешенін және жалпы дамыту жаттығуларын өздігінен құрастыруға мүмкіндік береді. Ол оқушыларды саналы түрде өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге ынталандырады. Аталған қабілеттер қозғалмалы ойындар және эстафеталар негізіндегі оқу тапсырмалары, жеке және топтық жаттығулар арқылы жетілдіріледі және бекітіледі.

Қыздырыну жаттыруғары (аяқ-қол бұлшық еттеріне жаттығулар)

Оқушыларды шағын топтарға бөлінеді де, өз топтарында шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындайды;

Әр жаттығудың ағзаға тигізер пайдасын түсінеді және көрсетеді, орындайды;

Денсаулыққа пайдалы қимыл-қозғалыстарды жасайды және құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланады.

Тапсырма

(С, Т, К, ҚБ) «Кенгуру». Ойын шектелген алаңда өткізіледі. Ойыншылар аяқтарын бірдей қалыпта ұстайды. Алаңның сыртында аяқтарын бірдей қалыпта ұстаған екі бастаушы орналасқан. Дабыл бойынша олар алаңға секіріп шығады және осындай тәсілмен қозғала отырып, ойыншыларға жақындауға және олардың біреуін ұстауға тырысады. Ана ойыншылардың қашуға құқығы бар, тек қана кенгуру тәсілімен. Бастаушылар ұстаған ойыншы жаңа «кенгуруға» айналады және басқа ойыншыларды ұстап бастайды. Соңғы ұсталған қатысушы жеңімпаз болып жарияланады. Аяқты бірге ұстау керектігін балалардың есіне салу қажет. Қос аяқпен алға, артқа, жанына қозғалуға болады. Оқушылардың күн тәртібін, тәңертеңгі жаттығуды үйде орындауын және олардың денсаулықты нығайтудағы пайдасын талқылау.

Кенгуру ойыны.

Дескриптор:

- Ойын алаңыдағы қауіпсіздік ережесін сақтайды.

- Қос аяқтап алға, артқа, жанына секірулер жасайды.

- Ойынның ережесін біледі.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия

Дескриптор:

- Шеңбердің сыртындағы қауіпсіздік ережесін сақтайды.

- Допты тигізетіндей стратегия жасайды.

- Ойынның ережесін біледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу