Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 52 сабақ.


3 сынып

5 бөлім:Денсаулық және физикалық белсенділік.

Сабақтың тақырыбы:

Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару

Оқу мақсаты:

3.3.1.1. Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және түсіну

3.1.4.4. Өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтау және басқалардың жаттығуларды орындау сапасын талқылау

Сабақ мақсаты:

Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын біледі және кемшіліктердің жақсарту сапасын талқылайды.

Бағалау критерийлері:

Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын біледі;

Кемшіліктерін анықтайды және жақсарту сапасын талқылайды.

Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу

Оқушылар бұл бөлімде өздерінің денсаулығы мен физикалық белсенділігін арттыратын түсінігі үшін әр түрлі қозғалмалы ойындарға қатысады. Оқушылар дем алу жиілігі мен демді қалпына қалпына келтіру, физикалық салмақ салу процессіндегі өзгерістер аспектісін талқылайды. Тапсырмаларды ұсыну арқылы оқушыларыдың шығармашылық қабілеттерін байыту, оларға денсаулықтың мазмұндылығын және функционалды белсенділіктен хабардар ету. Негізгі физикалық қасиеттерін дамыту үшін оқушыларға қос қостан, топтағы көп көлемді әр түрлі физикалық қызметтер ұсынылады.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

«Сергіту сәті» ұйымдастыру үшін тақырыпқа сай қимыл-қозғалыс ойынын ойнату. Яғни, оқушылардың икемділік дағдыларын жетілдіру.

Қыздырыну жаттығуларын қызықты қимыл ойындары арқылы ұйымдастырады. Мысалы: «Қуып жет!» Оқушылар екеуден жұптасады, ұл және қызбен. Белгіленген алаңда жұбымен бірге қашады және қуады. Ажырамаулары тиіс. Ажырап кеткен жұп қарсыластарын қуатын болады. Сәлден кейін, ұсталынған жұптар қосыла береді. Соңында үздік жұп анықталып, сол жұп ЖДЖ орындатқызады.

Дискриптор:

Жұппен жұмыс жасауда ептілік таныту;

Ережені бұзбай ойнау.

Оқушылар тыныс алу жаттығуларын орындайды. Екі топқа бөлініп ЖДЖ орындайды.

«Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару»

Оқушыларды тең екі топқа бөлу. Осы топтарға дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын білетін жаттығулар кешенін көрсету тапсырмасын беру. Яғни, суреттер бойынша карточка тарату арқылы жаттығулардың кешенін көрсету керек. Жаттығулардың сауықтыру пайдасын түсіндіріп кету.

№1 топ

Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін жаттығулар кешенін көрсетіңіз. (Оқушылар шағын топта талқылап, жаттығу кешенін барлығы бірдей көрсетеді.)

№2 топ

Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасы бар жаттығулар кешенін құру, көрсету. (Оқушылар шағын топта талқылап, жаттығу кешенін барлығы бірдей көрсетеді.)

Бағалау: Екі топтың тапсырманы орындаудағы іс-әрекеттерін бағалау. Оқушылардың шағын топтардағы жұмысын сапасын талқылау.

Сұраңыз: Сіздер көрсеткен жаттығулар қаншалықты денсаулыққа маңызды? Шағын топтарда ынтымақтастық маңызды ма?

Уақыт қалса, «Кенгуру» ойынын ойнату.

Ойын шектелген алаңда өткізіледі. Ойыншылар аяқтарын бірдей қалыпта ұстайды. Алаңның сыртында аяқтарын бірдей қалыпта ұстаған екі бастаушы орналасқан. Дабыл бойынша олар алаңға секіріп шығады және осындай тәсілмен қозғала отырып, ойыншыларға жақындауға және олардың біреуін ұстауға тырысады. Басқа ойыншылардың қашуға құқығы бар, тек қана кенгуру тәсілімен . Бастаушылар ұстаған ойыншы жаңа «кенгуруға» айналады және басқа ойыншыларды ұстап бастайды. Соңғы ұсталған қатысушы жеңімпаз болып жарияланады.

Ойынды допсыз ойнатуға да болады

Күтілетін нәтиже:

- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;

- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

- Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына деген қызығушылықтың оянуы ;

- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу

Қалыптастырушы бағалау жүргізу.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Дене жаттығуларын орындау кезінде өзін-өзі басқаруды реттеу.

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу