Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 54 сабақ.


5-бөлім – Денсаулық және физикалық белсенділік

Тақырыбы: Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару

3-сынып

Оқу мақсаттары:

3.3.1.1 Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және түсіну

Оқу бағдарламасына сілтеме

3.1. Денсаулық пен салауатты өмір салтының дене белсенділігіне маңыздылығын түсінеді

Сабақ мақсаты:

Өзінің күшті және кемшілік жақтарын анықтайды;

Басқалардың жаттығуларды орындау сапасын талқылайды.

Бағалау критерийлері:

Өзінің кемшілік және күшті жақтарын анықтауды біледі;

Жаттығулардың орындау сапасын талқылауды түсінеді.

Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:

- Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді біледі;

- Дене жаттығулары барысында ағзадағы өзгерістерді анықтап, қадағалайды;

Қозғалыс түрлерін атайды;

Жылдамдықты дамытудағы әсерін анықтайды;

Психологиялық, физикалық жүктемелерге еркін

жауап бере алады.

Адамның денсаулығы қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудыңжаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюісалауатты өмір салтын сақтау қолдауда

Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық денсаулық. 

Денсаулық бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну

Жекебас тазалығының ережелері

- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса

- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу

- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа

- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу

- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл.

Бөлім мен тақырыпқа қысқша шолу

Бұл бөлімде денсаулықтың негізгі ұғымдарына, таң ертеңгілік гигиеналық гимнастиканы күнделікті орындау маңыздылығына шолу жасайды. Оқушылар гигиеналық таңертеңгілік гимнастика кешенін және жалпы дамыту жаттығуларын өздігінен құрастыруға мүмкіндік береді. Ол оқушыларды саналы түрде өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс қабілеттерін дамытуға, жетілдіруге ынталандырады. Аталған қабілеттер қозғалмалы ойындар және эстафеталар негізіндегі оқу тапсырмалары, жеке және топтық жаттығулар арқылы жетілдіріледі және бекітіледі.

Қыздырыну жаттыруғары (аяқ-қол бұлшық еттеріне жаттығулар)

Оқушыларды шағын топтарға бөлінеді де, өз топтарында шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындайды;

Әр жаттығудың ағзаға тигізер пайдасын түсінеді және көрсетеді, орындайды;

Денсаулыққа пайдалы қимыл-қозғалыстарды жасайды және құрал-жабдықтарды дұрыс пайдаланады.

Тапсырма

(С, Ж, ҚБ) (С, Т, ҚБ) «Балықшы және балықтар». Бастаушы екі жұп таңдалынады. Дабыл бойынша бастаушылар қолдарынан ұстап, алаңдағы ойыншыларды аулап бастайды. Біреуін ұстап алғанда ұсталынған ойыншы шеңберде қалатындай етіп қолдарын жалғауы керек. Енді үшеуі бірге қалған ойыншыларды аулайды. Өздерінің «ауына » көп ойыншы аулаған жұп жеңеді. Ойын таза ауада немесе спорт залында өткізіледі. Ойын кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы оқушылардың есіне салу.

Сұраңыз: Осы ойын арқылы қандай дене қасиеттерін дамытуға болады? Ойыннан кейін шаршаудың қандай белгілерін сезіндіңіз?

«Балықшы және балықтар» ойыны.

Дескриптор:

- Ойын алаңыдағы қауіпсіздік ережесін сақтайды.

- Өз идеясын ортаға салып, сыни пікірін айтады.

- Ойынның ережесін біледі.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Рефлексия

Дескриптор:

- Шеңбердің сыртындағы қауіпсіздік ережесін сақтайды.

- Допты тигізетіндей стратегия жасайды.

- Ойынның ережесін біледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу