Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 53 сабақ.


3 сынып

5 бөлім:Денсаулық және физикалық белсенділік.

Сабақтың тақырыбы:

Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару

Оқу мақсаты:

3.3.1.1. Дене жаттығуларының, сауықтыру пайдасы денсаулықты нығайтуға ықпал ететін көрсете білу және түсіну

3.1.4.4. Өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтау және басқалардың жаттығуларды орындау сапасын талқылау

Сабақ мақсаты:

Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын біледі және кемшіліктердің жақсарту сапасын талқылайды.

Бағалау критерийлері:

Дене жаттығуларының сауықтыру пайдасын біледі;

Кемшіліктерін анықтайды және жақсарту сапасын талқылайды.

Бөлім мен тақырыпқа қысқаша шолу

Оқушылар бұл бөлімде өздерінің денсаулығы мен физикалық белсенділігін арттыратын түсінігі үшін әр түрлі қозғалмалы ойындарға қатысады. Оқушылар дем алу жиілігі мен демді қалпына қалпына келтіру, физикалық салмақ салу процессіндегі өзгерістер аспектісін талқылайды. Тапсырмаларды ұсыну арқылы оқушыларыдың шығармашылық қабілеттерін байыту, оларға денсаулықтың мазмұндылығын және функционалды белсенділіктен хабардар ету. Негізгі физикалық қасиеттерін дамыту үшін оқушыларға қос қостан, топтағы көп көлемді әр түрлі физикалық қызметтер ұсынылады.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.

Орында жасалатын жаттығулар. Оңға, солға, айналу жаттығулары.

Жүру кезінде жасалатын жаттығу. Аяқтын ұшымен, өкшемен,аяқтың сыртқы қырымен, аяқтың ішкі қырымен, жартылай отырып,толық отырып жүру.

Жүгіру барысында жасалатын жалпы дене дамыту жаттығулары

Оң қапталман қолды алдыға айналдырып жүгіру

Кері бағытта сол қапталман қолды артқа айналдырып жүгіру

Тізені жоғарыға көтеріп жүгіру

Өкшені артқа лақтырып жүгіру

Қолды белге қойып,аяқты алдыға қайшылап жүгіру

Артпен жүгіру

Тынысты қалыпқа келтіру

Үлкен шеңбер бойына тұрып жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

«Дене жаттығулары кезінде өзін-өзі басқару»

«Күрке тауық» ойыны. Ойын басталар алдында оқушылар «лашынды» және «күрік тауықты» таңдайды. Қалған оқушылар «балапан» болады». Барлық ойыншылар сапқа бір-бірінің белінен ұстап тұрады, «күрік тауық» саптың басында тұрады. «Лашын» «күрік тауыққа» қарсы тұрады. «Лашын» соңғы тұрған «балапанды» ұстап алуға тырысады. «Күрік тауық» оңға, солға қозғала отырып өз «балапандарын» қорғайды. Ұсталған «балапан» «күрік тауыққа» айналады, ал «күрік тауық» «лашынға» айналады. Оқушылар әр рөлдегі өздерінің әрекетін бағалайды. Дискриптор:

Ойында белсенділік танытады;

Ойынды ережемен, мақсатқа сай ойнайды

Бағалау: Ойын барысында оқушыларды үнемі мақтау, мадақтау сөздері арқылы бағалап отыру. Рөлдерді ауыстыру барысында кемшіліктерді атап кету. Барлық ойыншыны бағалау.

Бағалау: Екі топтың тапсырманы орындаудағы іс-әрекеттерін бағалау. Оқушылардың шағын топтардағы жұмысын сапасын талқылау.

Сұраңыз: Сіздер көрсеткен жаттығулар қаншалықты денсаулыққа маңызды? Шағын топтарда ынтымақтастық маңызды ма?

«Қақпан» ойыны

Шарты: Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ аз да екінші топ коп. Аз топ қақпан, көбі - тышқандар болады. Қақпандағы балалар бір - бірінің қолдарынан ұстап жүреді. Тышқандар қашып ұстатпайды. Мұғалімнің белгісімен қақпандағы балалар қолдарын ұстап тұрады да, тышқандар шеңбер арқылы жүгіріп өтеді. Сонда мұғалімнің белгісімен «жап» дегенде балалар қақпанды жауып қалады. Осылай тышқандарды ұстап болған соң, орындары ауысады.

Күтілетін нәтиже:

- Негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеру;

- Қозғалыс үйлесімділігі мен нақтылықты меңгеру;

- Зерттеушілік дағдылардың пайда болуы;

- Спорт түрлеріне, дене жаттығуларына деген қызығушылықтың оянуы ;

- Талдау, таңдау, достық қарым-қатынас орнату мен біріккен іс-әрекет жасай білу

Қалыптастырушы бағалау жүргізу.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Дене жаттығуларын орындау кезінде өзін-өзі басқаруды реттеу.

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу