Жеке және топтық белсенділік арқылы жүгіру қабілеттері. Дене шынықтыру, 2 сынып, сабақ жоспары.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене

шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім: Денсаулық және физикалық белсенділік.

Ортақ тақырып: Саяхат.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметов Б.С.

Сынып: 2

Қатысқандар cаны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жеке және топтық белсенділік арқылы жүгіру қабілеттері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.3.1 Дене қасиеттерін дамытуға қарапайым жаттығуларды орындау және түсіну.

 Сабақ мақсаттары

Әр түрлі қимыл-қозғалыстарды, қарапайым жүгіру жаттығуларын орындау, денсаулыққа оң әсер ететін күнделікті жаттығулар кешенін орындаудың маңыздылығын білу, жаттығуларды тиісінше ретімен орындай білу.

 Бағалау критерийлері

Қарапайым әр түрлі жүгіру жаттығуларын орындайды, сауықтыруға пайдасын, денсаулықты жақсартатын, дамытатын жаттығулар кешенін орындай алады және маңыздылығын, пайдасын түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Тіл туралы сындарлы ойлауды ынталандыру (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушыларды тілді нақты қолдануға жігерлендіру, оқу тілінде ілгерілеуді бағалау). Мысалы: жүгіру, асықпай баяу жүгіру, жүру, жай жүріс.

 Құндылықтарды дарыту

 

  • Ойын барысында өзгелер көзқарасына құрмет және жеке, жұпта, командада жұмыс істеу қабілеті.

 Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану, жас өспірімдер физиологиясы.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Алдын ала білу керек

Оқушыларға осы бөлім бойы шығармашылық таныту, салауатты өмір салтына бағытталған өздерінің, басқа оқушылардың идеяларына қатысу ұсынылады.

Жоспарлардағы әрекеттер.

Б = бүкілсыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс.

Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері.

Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 8-10 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар. Мәнерлі жүрістер.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды, бұлшық еттерді негізгі қимыл-қозғалыстарды орындауға дайындау.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық.

Сабақтың ортасы

(Д, К, Ф) Барлық ойыншылар шеңбер бойы жұп болып тұрады, бір ойыншы екінші ойыншының артында тұрады. Барлығының қолдары төмен түсірілген. Шеңбер бойына жүргізуші де тұр. Оның артында серігі жоқ. Ол бірінші сызықтағы ойыншылардың біреуінің көзіне қарап, көзін қысуы керек. Ол оқушы өз орнынан жүгіріп барып, жүргізушінің артына тұрады. Оған кедергілер пайда болуы мүмкін, себебі екінші сызықтағы ойыншы жүргізушіге ерекше назармен қарайды және серігіне көзін қысқанын көрсе, оны ұстап қалуы мүмкін. Егер ол мұны жасап үлгерсе, жүргізуші тағы да көзін қысуы керек, мұны осы әрекеті нәтижеге жеткенге дейін жасай береді. Егер екінші сызықтың ойыншысы уақтылы жауап қатпаса, бірінші ойыншыны ұстап алмаса, ол жүргізугі болады, яғни бірінші сызыққа тұрады және өзі көзін қысып бастайды. Ойын ұзаққа созылуы мүмкін.

Доптар, мұғалімге арналған ысқырық, кең ойын алаңы.

Көшедегі ойындар:

http://kidportal.ru/igri/na-ulitse/str3.html

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім жеңіл атлетикалық тапсырмаларда, әдеттегі қателерге, жетістіктерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі тапсырмаларда балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын дамытуға нұсқаулар беру, бақылау. Басқа да тәсілдерге байланысты, баламалы нұсқаларды пайдалану.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының үйлесімділігін көрсетеді. Жүгіру жаттығуларын барынша белсенді орындау, жеңіл атлетиканы жалпылау. Жүгіру тапсмырмаларының күрделі тұстарына мән беру. Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қайталап, орындалуын өз бетінше, нұсқаларын көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Тапсырмалар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Күрделі тапсырмаларды орындауға бейім болу. Талаптарға сай орындалуына көңіл бөлу.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Жабдықтардың талапқа сай болуын қамтамасыз ету.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу