Поликонденсация реакциясы. Химия, 11 сынып, презентация.


Поликонденсация реакциясы

Оқу мақсаттары:

11.4.2.21 поликонденсация реакциясының теңдеуін құру;

1.4.2.22 поликонденсация реакциясы арқылы алынған полимерлердің гидролизге ұшырайтынын және биологиялық ыдырайтынын түсіну;

Сабақ мақсаттары:

- поликонденсация реакциясының теңдеуін жазуды;

- поликонденсация және полимеризация реакцияларын салыстыруды;

- кейбір полимерлердің гидролиз теңдеуін жазуды;

- полимерлерді алыну тәсіліне қарай ажырата алуды үйрену.

Блиц-сауалнама:

- полимер деген не?

- полимерлерге мысал келтіріңіз.

- қандай белгілеріне қарап полимерлерді біріктіруге болады?

- мономер деген не? полимердің қарапайым буынынан мономердің қандай айырмашылығы бар?

- қазіргі замандағы полимердің алатын орны қандай?

- полимерлерді қолданудан қандай мәселелер пайда болды?

Қара жәшіктің ішінде қандай полимерден жасалған зат жатқанын табыңыз:

Поликонденсация реакциясы деген не?

Поликонденсация реакциясы бұл мономерлерден полимерлер түзілу реакциясы. Реакция нәтижесінде полимермен қоса төменмолекулалы қосылыс (көбінесе, су) түзіледі.

Фенолоформальдегидті полимерлер (смолалар) — фенолдың формальдегидпен поликонденсациясының өнімі болып табылады.

Фенолдың поликонденсациясы

Фенолдың формальдегидпен поликонденсация реакциясы нәтижесінде фенолформальдегидті смола түзіледі:

Тапсырма 1.

Берілген теңдеуді блок схема түрінде жазыңыз ( функционалдық топтарды химиялық символдар түрінде, ал молекуланың қалған бөлігін шаршы немесе дөңгелек түрінде салыңыз).

Мысалы:

Тапсырма 2.

Полиэфирлерді модельдеу: PET

Жұпта этиленгликоль мен терефталь қышқылының модельдерін жинаңыз

Содан соң спирттің құрамындағы сутекті және қышқылдың құрамындағы гидроксиль тобын алып тастап, оларды өзара байланыстырыңыз.

Не пайда болды?

Содан соң барлық жұп жасаған модельдерді біріктіріп, ұзын тізбек алыңыз.

Тапсырма 3.

Крахмалдың түзілу реакция теңдеуін жазыңыз.

Крахмалдың түзілу реакция теңдеуі

Поликонденсация реакциясына кері қайтымды процесс жүруі мүмкін бе?

Тапсырма 4.

Қалай ойлайсыздар, барлық полимерлер биоыдырамайтын болып табыла ма?

Қазіргі кезде биоыдырайтын немесе қайта өңдеуге болатын жаңа пластик түрлері жасалып шығарылуда, сондықтан біз қайтадан қағаз пакет пен картон орамаға оралуымыз мүмкін бе?

Тапсырма 5.

Поликонденсация және полимеризация реакцияларын салыстырыңыз (ұқсастықтары мен айырмашылығы). Полимеризация реакциясында мономер молекулалары қалай бірігеді, поликонденсация процесінде ше? (π-қос байланыстың үзілуі нәтижесінде, екі топтың әрекеттесі нәтижесінде).

Қосымша тапсырма:

Нейлон 6,6 полимерінің түзілу реакциясының теңдеуін жазыңыз.

Үй жұмысы:

полимерлердің пайдасы мен зияны туралы постер дайындаңыз.

Рефлексия жүргізу

:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?