Арендер және оның туындылары. Ароматты қосылыстарға тән электрофильді реакциялар. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.2 А Көмірсутектер және олардың табиғи көздері

Мектеп: Павлодар қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбай А.

Сынып:11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Арендер және оның туындылары

Ароматты қосылыстарға тән электрофильді реакциялар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.2.29 Бензол және оның гомологтарына тән қасиеттерді сипаттау;

- электрофильді орынбасудың жалпы механизмін түсіну және алған білімді бензол мен оның сәйкес қосылыстарының қасиеттерін талқылауда қолдана білу

 Сабақ мақсаттары

Бензол молекуласының негізінде ароматты көмірсутектердің электрофильді реакцияларға түсетіндігін түсіну және түсіндіре білу.

электрофильді орынбасудың жалпы механизмін түсіну және алған білімді бензол мен оның сәйкес қосылыстарының қасиеттерін талқылауда қолдана білу

 Бағалау критерийлері

Электрофилді механизм арқылы жүзеге асатын реакциядағы әр бөлшектің рөлін түсінеді.

Электрофилді механизмнің әр сатысын түсіндіре алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Окушылар тақырыпқа қатысты терминология мен лексиканы қолданып, мазмұның түсіндіреді, сұрақтарға жуап береді, сұрақтар қояды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бензол, гибрид, будандастыру, делокализаця (d), электрофилдер, электрофилді (реакция), қосылу, орынбасу, карбкатиондар, ацилдеу, алкилдеу, ароматты, π-электрондық жүйе, тарту және тебісу.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бензолдың құрылымы бірегей, себебі ...

Таралмаған электрондар …

Жүйенің π-электрондық түрлері...

π-электрондық жүйе, молекула... тартады және ... көрсететінін білдіреді.

… үшін себебі қандай? / … қалай түсіндірер едіңіз?

… себебі./Бір … … неліктен екенінің себебі

Шабуылға сезгіш, себебі …

Қалай ойлайсыз?

 Құндылықтарды дарыту

Академикалық шындылық

Бірін – бірі құрметтеу

Өмір бойы білім алу

 Пәнаралық байланыстар

 АКТ қолдану дағдылары

https://www.bilimland.kz

Бастапқы білім

Атом құрылысы

Байланыс

Органикалық химияға кіріспе

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Амандасу,

Сабақтың тақырыбын анықтау.

  • Неге көбінесе ароматты көмірсутектерге электрофилді орынбасу реакциялары тән?
  • Қалай түсіндіруге болады?
  • Электрофилді орынбасу реакциясы қалай жүзеге асады?
  • Ароматты көмірсутектерге тән реакцялардың қайсысы электрофилді орынбасу механизмі арқылы жүзеге асады?

Сабақтың мақсатын анықтау. (Осы сұрақтарға жауап алу)

Бензол және оның туындыларын реакция механизм туралы нені білу керек?

Тақырып бойынша презентация

Сабақтың ортасы

4-38 минут

Тақырыпты түсіндіру. 5 минут

Ароматты қосылыстардағы электрофильді орынбасу (SE Ar) – сыртқы электрондық деңгейде бос орбиталі бар, электрон жетіспейтін бөлшекпен, яғни электрофильді бөлшекпен әрекеттесу кезіндегі бензол сақинасындағы орынбасу реакцияның механизмі.

Электрофидльді бөлшектер

1-ші саты: π – комплекстің түзілуі. Осында Х + электрофильді бөлшек бензол сақинасындағы π-электрондық бұлтқа тартылады.

2-ші саты: δ – комплекстің түзілуі.

π – жүйесіндегі екі электрон С-Х π –байланыстың түзілуіне қатысады. Бұл кезде сақинаның ароматтылығы бұзылады.

Х – электрофилмен байланысқан көміртек атомы sp2 - гибридтенген күйден sp3 - гибридтенген күйге ауысады. Және будандасу (сопряжение) жүйесінен шығады. Будандасу жүйесінде сақинаның бес көміртек атомында делокализацияланған төрт π – электрон қалады.

3-ші саты: Н+ протон үзіледі және сақинаның ароматтылығы қалпына келеді. Бұл С-Н байланысын үзетін екі электрон сақинаның π – жүйесіне аусу себебінен жүзеге асады.

Бензолдың хлорлау реакция механизмінің сызбасы

Тапсырма№1. 7 минут

Бензолдың хлорлау реакциясы теңдеуі берілген.

1. Берілген реакция теңдеуінде әрбір бөлшектің рөлін анықта

Катализатор рөлін атқаратын молекуланың формуласы

Электрофильді бөлшектің түзілу схемасы

Электрофильді бөлшекті қосып алатын молекуланың формуласы

электрофильді бөлшек болып табылатын сутек протонын қосып алатын бөлшек

2. Берілген реакцияның механизмін сатылап көрсетіп, түсіндір

1-ші саты:

2-ші саты:

3-ші саты:

Бағалау критерийлері:

1.Электрофилді механизм арқылы жүзеге асатын реакциядағы әр бөлшектің рөлін түсінеді.

2. Электрофилді механизмнің әрбір сатысын түсіндіре алады.

Бекіту тапсырмалары орындау: 20минут

1.Бензол және оның туындыларын нитрлеу реакция теңдеуін жазып, оның механизм сызбасының сатыларын көрсете отырып, жүру жағдайын және қолданылатын катализатордың рөлін түсіндір.

2. Бензол және оның туындыларын ацилдеуреакция теңдеуін жазып, оның механизм сызбасының сатыларын көрсете отырып, жүру жағдайын және қолданылатын катализатордың рөлін түсіндір.

Қорытындылау 3 минут

(сабақтың басында қайлған сұрақтарға жауап беру)

  • Неге көбінесе ароматты көмірсутектерге электрофилді орынбасу реакциялары тән? Қалай түсіндіруге болады?
  • Электрофилді орынбасу реакциясы қалай жүзеге асады?
  • Ароматты көмірсутектерге тән реакцялардың қайсысы электрофилді орынбасу механизмі арқылы жүзеге асады?

Маркер, тақта, бензол молекуласының макеті

https://www.bilimland.kz/kk/content/structure/976-chemistry#lesson=10302

Ақпарат парағы

Тақырып бойынша презентация жауаптары көрсетілген

Тапсырма парағы

орындау

Сабақтың соңы

39-40 минут

Рефлексия

Қандай мәлімет таныс болды?

Қандай мәлімет жаңа, әрі қиыншылық тудырған жоқ?

Қандай мәлімет жаңа, сонымен қатар өте қиын болды?

Қайталауды қажет етеді.

Тақырып бойынша презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Бензол және оның туындыралына тән кезкелген электрофилді реация механизмін түсіндіру

Бағалау критерийлерін қолдану

1.Электрофилді механизм арқылы жүзеге асатын реакциядағы әр бөлшектің рөлін түсінеді.

2.Электрофилді механизмнің әр сатысын түсіндіре алады.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Жұптық және топтық жұмыстары, АКТ- пайдалану

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Интербелсенді тақтаны 20минут қана қолдану

Бензол- өзіне тән иісті зат болғандықтан тартпа шкафта қасиеттерін қарастыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді