Бензолдың органикалық синтезде қолданылуы. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

11.2А Көмірсутектер және олардың табиғи көздері

Мектеп: ФМБ НЗМ Көкшетау қ,

Сынып: 11 (ГҚБ)

Мұғалімнің аты-жөні: Абильмажинова Т.Т.

Күні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

  • Бензолдың органикалық синтезде қолданылуы

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.2.30 - бензолдың органикалық синтезде қолданылуын білу

Сабақ мақсаттары

Сабақтың соңында барлық оқушылар орындай алады:

  • бензол және оның гомологтарына тән реакцияларды атай алады
  • бензол және оның гомологтары қатысатын реакциялардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіреді
  • бензолдың органикалық синтезде қолданылуын түсіндіреді

Бағалау критерийлері

Оқушылар орындай алады:

  • бензол және оның гомологтарына тән реакцияларды айыра алады
  • бензол және оның гомологтарының реакцияға қабілеттерін салыстырады
  • реакция өнімдерін атайды
  • реакция өнімдерінің қолданылуын түсіндіреді
  • ментальдық картаның негізінде бензолдың органикалық синтездегі рөлін түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат: пәнге қатысты арнайы лексиканың көмегімен бензолдың органикалық синтезде қолданылуын ауызша сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

галогендеу, нитрлеу, гидрлеу, анилин, тротил, бүйір тізбек, гексахлорциклогексан, гексахлоран, бензой қышқылы.

Диалог пен жазуға арналған сөздердің пайдалы жинағы:

Бензолда орынбасу ......, ал оның гомологында бромдау реакциясы ............

Бензолдың гомологтары аса ......., бромдау реакциялары ....... жүреді.

Бензол және оның гомологтарында нитрлеу ......... жүреді, себебі ...........

Барлық арендерді гидрлеу кезінде ......... түзіледі.

....... тән болатын тотығу реакциясы ....... үшін жүрмейді.

Бензол органикалық синтезде ..... рөл атқарады, өйткені .......

Құндылықтарды дарыту

Когнитивті компонент: түрлі деңгейдегі сұрақтарды құрастырып, талқылайды (ұлттық, жаһандық) сыни талдау жасайды;

Әлеуметтік-эмоциональдық: өз пікірін ашық, еркін, сенімді жеткізеді; жұптық, топтық жұмыста өзара қолдау көрсетеді;

Танымдық: сынып ережесіне бағынады; өз іс-әрекетіне жауап береді.

Пәнаралық байланыстар

Математика: реакция теңдеулерін теңестіру.

Физика: бензолдың физикалық қасиеттері.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Алкандардың химиялық қасиеттері

Алкендердің химиялық қасиеттері

Бензолдың құрылысы

Сабақбарысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

2 минут

Оқушылардың білімдерін өзектендіру.

Бензол және оның гомологтарына тән реакциялар.

Оқушыларға бензол және оның гомологтары қатысқан әртүрлі реакциялар ұсынылады. Олар бензол және оның гомологтары үшін реакциялардың түрлерін анықтайды.

Бұл тапсырманы әрбір оқушы жеке орындайды, содан кейін өзара бағалау жұмысы ұйымдастырылады.

Мұғалім оқушылардың жауаптарын тексереді, олар жалпы қорытынды жасайды:

бензол және оның гомологтарына орынбасу және қосып алу реакциялары тән.

Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбы мен мақсаттары анықталады.

Бензол және оның гомологтарына тән реакциялар

Презентация

слайд №1

слайд №2

Сабақтың ортасы

5 минут

Топтағы жұмыс: Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әрбір топта бензол және оның гомологтары қатысатын реакциялар қарастырылады.

  • Бензол және оның гомологтарын галогендеу.
  • Бензол және оның гомологтарын нитрлеу.
  • Бензол және алкилбензолдарды гидрлеу.

Оқушылар топтарда берілген реакцияларды салыстырады,олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды, қорытындылар жасайды.

10 минут

Әрбір топ сыныптың алдында жауаптарын талқылайды..

Бензол және оның гомологтарын галогендеу.

Тапсырма: Бензол және оның гомологтарын бромдау реакцияларын салыстырыңдар. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңдар.Қорытынды жасаңдар.

Оқушылардан күтілетін жауаптар:

  • Ұқсастықтары: реакцияның екеуі де орынбасу
  • Айырмашылықтары: реакция жағдайлары әртүрлі, бензолда орынбасу бензол сақинасында жүреді, ал оның гомологында бром бүйір тізбекке барады.

Бензолды жарықта хлорлау.

Реакция түрі: қосып алу.

Оқушылар реакция теңдеулерін дәптерлеріне жазып алады.

Қорытындылар: бензол гомологтарының реакцияға қабілеттері жоғары, бромдау реакциялары әртүрлі жүреді.

Бензол және оның гомологтарын нитрлеу.

Тапсырма: Бензол және оның гомологтарын нитрлеу реакцияларын салыстырыңдар. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңдар.

Қорытынды жасаңдар.

Оқушылардан күтілетін жауаптар:

  • Ұқсастықтары: реакцияның екеуі де орынбасу, реакция жағдайлары бірдей.
  • Айырмашылықтары: азот қышқылының мөлшерлері әртүрлі, бензолда моноорынбасу, ал оның гомологында үш есе артық.

Оқушылар реакция теңдеулерін дәптерлеріне жазып алады.

Қорытындылар: бензол гомологтарында нитрлеу жеңіл жүреді.

Бензол және алкилбензолдарды гидрлеу.

Тапсырма: Екі реакцияны салыстырыңдар. Реакция өнімдерін атаңдар.

Оқушылардан күтілетін жауаптар:

  • Ұқсастықтары: реакцияның екеуі де қосып алу, реакция жағдайлары бірдей, сутек сандары бірдей, циклогексан түзіледі.
  • Айырмашылықтары: өнімдер әртүрлі

( циклогексан, метилциклогексан).

Оқушылар реакция теңдеулерін дәптерлеріне жазып алады.

Қорытындылар: барлық арендерді гидрлеген кезде циклогександар түзіледі.

слайд №3

слайд №4

слайд №5

слайд №6

3 минут

Мұғалім оқушылармен бірге бензол және оның гомологтарының тотықтырғыштарға әсерлерін (калий перманганатының ерітіндісі) талқылайды.

Сұрақ: Бензол калий перманганатының ерітіндісімен тотығады ма? Жауаптарыңды түсіндіріңдер.

Күтілетін жауап: бензол KMnO4 қызғылт ерітіндісін түссіздендірмейді.

Тотығу: алкилбензолдарға тән реакция, ал бензолдың өзіне тән емес.

 С6H5CH3 + [O] → C6H5COOH — бензой қышқылы

Қорытынды: бензол тотықпайды, ал оның гомологтары бензой қышқылына дейін тотығады.

слайд №7

7 минут

«Бензолдың органикалық синтезде қолданылуы» атты ментальдық картаны (майндмэп) құру.

Оқушылар алынған білімдерін негізге ала отырып, тақтада ментальдық картаны бірлесіп құрады. Ортада басты қосылыс – бензол, одан әртүрлі бағыттар (реакциялар) шығады, онда қажетті жағдайлар, реагенттер мен реакция өнімдері көрсетіледі.

Оқушылар кезекпен тақтаға шығып, жүретін реакцияларды ауызша сипаттайды және ментальдық картаны толықтырады. Ментальдық картаны негізге ала отырып, оқушылар бензолдың органикалық синтездегі қолданылуын сипаттайды және оның маңызын атап көрсетеді.

Тақта, маркерлер

5 минут

Дұрыс/ Бұрыс стратегиясы

Оқушыларға бензол және оның гомологтарының химиялық қасиеттері туралы бірнеше тұжырымдар ұсынылады. Берілген тұжырымдардың дұрыстығы тексеріледі, егер бұрыс болса, онда жауаптың дұрыс нұсқасы берілуі керек. Тұжырым дұрыс болса, оқушылар жасыл белгіні көтереді, ал кері жағдайда – қызыл белгі.

Дұрыс/ Бұрыс

слайд №8

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақтың соңында оқушылар Блоб ағашы бойынша рефлексия жасайды.

Оқушылар өздерін осы ағашта белгілейді және алған орнын түсіндіреді. Мұнда оқушылар сабақ барысындағы белсенділігін бағалайды.

Блоб ағашы

слайд №9

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырма бойынша дифференциациялау:

Сабақтың басында қабілеті жоғары оқушылар басқаларын оқытады.

Топтарда қиындық деңгейлері әртүрлі тапсырмалар талқыланады (гидрлеу< нитрлеу<галогендеу).

Реакцияларды талқылау барысында қабілеті жоғары оқушылар дұрыс қорытындылар жасайды.

Өзара бағалау.

Топтық тапсырмаларды талқылау барысында бағалау.

Дұрыс/ Бұрыс.

Өзін-өзі бағалау.

Денсаулықты сақтайтын технологиялар.

Топтық тапсырмалар кезінде оқушылар еркін қозғалады.

Ментальдық картаны құру кезінде еркін қозғалыс болады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы ненібілдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?