Практикалық жұмыс №1 «Этиленді алу және қасиеттерін зерттеу». Химия, 11 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқаулық
Бұл сабақ «Көмірсутектер және олардың табиғи көздері» бөлімі бойынша №1 практикалық жұмыс «Этиленді алу және қасиеттерін зерттеу» сабағының жалғасы болып табылады. Сабақта алынған этиленнің сапалық реакциялары зерттеледі. Бұл практикалық жұмыста оқушылардың алған білімдері тереңдетіліп, іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдылары қалыптасады.
Сабақтың уақытын үнемдеу үшін алдыңғы сабақта этиленді зертханада алынуын қарастырғанда жабық сынауықтарға жинап қоюға болады немесе «Этиленді алу және қасиеттерін зерттеу» практикалық жұмысын «Этиленнің сапалық реакцияларын зерттеу» жұмысымен бір сабақта немесе кезек-кезек жұптасқан сабақта орындалғаны талап етіледі.
Практикалық жұмысты орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қатаң талап етіледі.
Оқушы мақсатқа жетеді, егер:
- қауіпсіздік ережесін сақтаса;
- тәжірибені дұрыс жүргізсе;
- реакция теңдеуін дұрыс жазса;
- реактивтер мен зертханалық құрал-жабдықтарды орынды қолдана білсе, жеке тәжірибелерді орындау барысында икемді болса;
- жұмыс барысында ұқыпты және іскер болса;
- жұмыстың қорытындысын дұрыс жазса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру