Иіс газымен улану. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.
Көміртек монооксидімен улану
(қосымша ақпарат, twig-bilim.kz)
Неліктен көміртек монооксиді адам ағзасына зиян, оны анықтау неліктен қиын?
Маңызды деректер
- Көміртек монооксиді бір оттегі атомымен үш еселі ковалентті байланыс түзеді.
- Ол қалыпты жану кезінде көміртек диоксидін түзетін материалдардың толық жанбауынан түзіледі.
- Дем алған кезде, ол гемоглобинмен байланысып, карбоксогемоглобин түзеді.
- Ағзадағы айналатын оттектің мөлшері аз болғанда, маңызды дене мүшелері зардап шегеді.
Жер бетіндегі ең улы газдардың бірі өте кең таралған басқа бір газға қатты ұқсайды.
Көміртек монооксиді кез келген материалдың толық жанбауынан түзілсе, толық жану кезінде көміртек диоксиді түзіледі.
Мұндай материалдарға ағаш, бензин және табиғи газ секілді жанғыш пайдалы қазбалар да жатады.
Отындағы көміртегімен байланысатын оттегі жеткіліксіз болғанда ол толық жанбай қалады, сондықтан іштен тұтанатын двигатель немесе үйді жылытатын пеш сияқты ауа алмасуы төмен ортада көміртек монооксиді түзіледі.
Көміртек диоксиді = CO2
Көміртек диоксиді көміртегі атомы мен екі оттегі атомдарының коваленттік қос байланысынан түзілсе, көміртек монооксиді көміртегі атомдарының тек бір оттегі атомымен өте күшті коваленттік үштік байланыс түзуінен пайда болады.
Көміртек монооксиді = CO
Көміртек монооксиді көміртек диоксидіндей түссіз және иіссіз болғанымен, адам үшін өте зиянды.
Ол қызыл қан жасушаларына оттегін тасымалдайтын гемоглобинмен байланыс түзе алады, сондықтан өте қауіпті.
Әдетте, өкпеге түскен оттегі гемоглобинмен байланысып, оксигемоглобин түзеді.
Оксигемоглобин
Ал көміртек монооксиді оттегіге қарағанда гемоглобинмен күштірек байланыс түзе алады, сондықтан дем алған кезде ол оттегінің орнын басып, карбоксигемоглобин түзеді.
Карбоксигемоглобин
Нәтижесінде, оттегін өте аз мөлшерде сіңірген қан ағзаны айнала бастап, маңызды дене мүшелерінің жұмысын тоқтатады.
Көміртек монооксидінің әсерінен бас айналып, дене қалжырап, жүрек айнуы мүмкін. Улану қатты болса, адамның сіңірі тартылып, өліп те кетуі ықтимал.
Жандыру қондырғыларының жұмысын қадағалап, көміртек монооксидінің мөлшерін бақылайтын, керек болса, газдың шығуын тоқтататын амалдар көп.
Көміртек монооксиді біз күнделікті жұтатын газға ұқсас, әрі оның молекулалық құрылысы өте қарапайым. Осы ерекшеліктер оның “үнсіз өлім” деп аталуына себеп болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?