Металды және құйманы алу. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Атырау қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі

Nazarbayev Intellectual School, Atyrau

Subject Name

Lesson Plan

Мұғалім:

Тақырыбы:

Металды және құйманы алу

Сабақ кезеңдері

Класс: 11

Өткізілу уақыты: 1 сағ

Сабақ барысында жететін оқу мақсаты:

11.2.3.2. Ғылымда, техникада, тұрмыста қолданылатын маңызды құмалардың: шойын, болат, жез, қола, мельхиор, дюралюминийдің құрамын білу

Тілдік мақсат:

Оқушылар біледі:

«егер...., онда …..» сөздер тізбегін пайдаланып құймалардың құрамын атап, олардың қолданылуын ауызша айту.

Пәнге қатысты пәндік лексика және терминология: шойын, болат, жез, мельхиор, дюралюминий, темір, мыс, алюмний және т.б.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар құймалардың құрамын атай алады

Құймалардың қолданысын құрамымен байланыстырып айта алады

Жетістік критериясы:

Құмалардың қолданыс аяларын атайды

Құймалардың құрамын біледі

Дескрипторлар

Құйманың анықтамасын жаза алады

Құймалардың құрамына кіретін элементтерді пайызын көрсетіп атай алады

Әр құйманың кем дегенде екі қолданысын жазады

Құндылықтарды дамыту:

  • өмір бойы білім алу
  • ынтымақтастық

АКТ қолдану дағдылары:

Ұсынылған презентация мен видео роликтен керекті мәліметтерді таңдап алу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басталуы

Сабақтың басталуы

0-1 мин

1 -5 мин

5 – 8 мин

Сабақтың ортасы

8-13 мин

13-20 мин

20-35 мин

35-40 мин

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Тақырыпты өз беттерімен анықтаулары үшін оқушыларға миға шабуыл жасап, тақтаға «Құйма» сөзі презентация арқылы шығарылады, әр оқушы бұл сөзге кем дегенде бір ассоциация стикерге жазып, тақтаға жабыстырады.

Бұл тапсырма арқылы оқушылардың өткен білімін бір жаңғыртып, қалған білімдеріне бағалау жасаймыз.

Осылайша оқушылар бүгінгі күннің сабақ тақырыбын анықтап, дәптерлеріне жазады.

Ал оқу мақсатын анықтау үшін жұптық жұмыс беріледі. Жұпқа бірнеше сұрақтар презентация арқылы таныстырылады:

  • Алғаш алынған құйма қалай аталады?
  • Оның құрамы қандай?
  • Оның қолданысына кем дегенде бір мысал келтіріңіз

Оқушылардың жауабын тыңдау үшін мұғалім есімдері жазылған таяқшаны қолданады.

Жауаптарын тыңдаған соң оқу мақсаты мен жетістік критерийлерін өздеріне құрғызып, сыныпта талқылау жүргізу.

Жетістік критерийін анықтап алған соң, енді осы жетістік критерийіне жету үшін жұпта жұмыс жасайтындықтары ескертіледі. Әр жұпқа бір құйма беріледі, сол бойынша жұмыс парағын толтыру керектіктері айтылады, кейін жұптар бір-бірімен байланыс жасап, үлкен екі топ құратындықтары айтылады. Әр жұптағы оқушы жұпта жұмысты жауапкершілікпен орындап, өзге оқушыларға жеткізу үшін спикер болатынын ескерту. Жұпта жұмыс жасауға 7 минут, ал уақыт аяқталғасын топта 15 минут

жұмыс жасайтындықтары айтылады. Дескриптор бойынша кестені толтыру керектігі ескертіледі.

Құйманың атауы

Құрамы

Қолданысы

Шойын

Болат

Жез

Қола

Мельхиор

Дюралюминий

Дескрипторлар

Құймалардың құрамына кіретін элементтерді пайызын көрсетіп атай алады

Әр құйманың кем дегенде екі қолданысын жазады

Бекіту. Әр оқушы жеке орындап, шығу билетін мұғалімге тапсырады.

  • Құймаларды металдардан қалай ажыратуға болатынын түсіну үшін құймаларға анықтама беріңіз
  • Темірдің құймалары болат пен шойынның қолданыс аясы әр түрлі, бұны құрамына негізделе отырып түсіндіріңіз.
  • Қола мен мельхиордың құрамындағы айырмашылықты салыстырыңыз және олардың қолданысында айырмашылықтың болуын құрамымен байланыстырып түсіндіріңіз

Презентация

Есімдері жазылған таяқшалар

Ноутбук

Шығу билеті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?