Органикалық қосылыстардың синтезі. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Бірінші типтегі есептер – Реакцияға алынған заттың массасы (көлемі) және өнімнің массасы (көлемі) белгілі болатын жағдай. Реакциядағы өнімнің шығымын % анықтау керек.

Есеп 1. Массасы 1,2 г магний күкірт қышқылының ерітіндісімен әрекеттескенде, массасы 5,5 г тұз түзілген. Реакция өнімінің шығымын анықтаңыз (%).

1. Есептің қысқаша шартын жазамыз

Берілгені:

m (Mg) = 1,2 г

прак. (MgSO4) = 5,5 г

_____________________

Табу керек:

=?

2. Реакция теңдеуін жазып, теңестіру керек.

Реакция теңдеуінде есеп шарты бойынша заттар қатынасын көрсету

3. ХЭПЖ қолданып заттың молекулалық массаларын табу керек

M(Mg) = 24 г/моль

M(MgSO4) = 24 + 32 + 4 · 16 = 120 г/моль

4. Заттардың зат мөлшерін табу керек

ν(Mg) = 1,2 г / 24(г/моль) = 0,05 моль

5. Реакция теңдеуін қолданып, өнімнің теориялық массаны анықтау керек

(mтеор)

m = ν · M

mтеор (MgSO4) = M(MgSO4) · νтеор (MgSO4) =

= 120 г/моль · 0,05 моль = 6 г

6. Өнімнің шығымын формула бойынша анықтау керек

(MgSO4)=(5,5г ·100%)/6г=91,7%

Жауап: Магний сульфатының шығымы теориялықпен салыстырғанда 91,7%

Екінші типтегі есеп – Реагенттің массасы (көлемі) және өнімінің шығымы берілген.. Реакцияның практикалық массасын анықтау керек

Есеп 2. Массасы 16,8г кальций оксидіне көмірмен әсер еткенде түзілген кальций карбидінің массасын есептеңіз, егер оның шығымы 80% болса.

1. Есептің шарты жазылады

Берілгені:

m(CaO) = 16,8 г

=80% немесе 0,8

__________________

Табу керек:

практ (CaC2) = ?

2.Реакция теңдеуін жазып теңестіреміз.

Реакция теңдеуі бойынша қажетті заттардың зат мөлшерін көрсетеміз

3. ХЭПЖ пайдалана отырып, заттардың молекулалық массаларын көрсетеміз

M(CaO) = 40 + 16 = 56 г/моль

M(CaC2) = 40 + 2 · 12 = 64г/моль

4. Формулалар бойынша реагенттің зат мөлшерін есептейміз

ν(CaO)=16,8 (г) / 56 (г/моль) = 0,3 моль

5. Өнімнің теориялық массасын реакция теңдеуі бойынша анықтаймыз

Реакция теңдеуі бойынша

6. Формула бойынша формула бойынша зат массасын есептейміз

m практ (CaC2) = 0,8 · 19,2 г = 15,36 г

Жауап: m практ (CaC2) = 15,36 г



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?