Органикалық қосылыстардың табиғатттағы және адам өміріндегі маңызы. Органикалық химияның дамуындағы Қазақстандық ғалымдардың ролі. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Көмірсу, май, ақуыз және витаминдердің маңызы

 Көмірсулар тағамның негізгі массасын құрайды. Олар моносахаридтер (глюкоза, фруктоза, галактоза), дисахаридтер (лактоза, сахароза, мальтоза) және тағамдық (гликоген, крахмал) және тағамдық емес (клетчатка, пектин заттары) полисахаридтер.

 Көмірсулар негізгі энергия көзі, ағзаға энергия қажеттілігін 50-60 %-ға дейін қамтамасыз етеді. Ағзада 1 г көмірсулар тотығуы кезінде 4,1 кКал (16,7 кДж) энергия пайда болады. Дене жұмысы кезінде бірінші кезекте көмірсулар шығын болады, олардың қоры біткеннен кейін, ағза майларды пайдалана бастайды. Көмірсулар белоктарды сақтайды. Орталық жүйке жүйесі мен қаңқа еттері қызметтерін қалыпты атқаруы үшін көмірсулардың үлкен маңызы бар, себебі олар тез тотығады және жеткілікті деңгейде энергиялық потенциалды қамтамасыз етеді. Көмірсулардың майлар мен белоктардан айырмашылығы олардың ми қыртысын тыныштандыратын әсері бар.

 Көмірсулардың антитоксикалық қызметінің де маңызы үлкен: гиалурон қышқылының құрамында олар жасуша қабырғалары арқылы бактериялардың енуіне кедергі жасайды. Лактоза ішекте шіру үрдісін жүргізетін микрофлоралардың дамуын тежейтін сүт қышқыл бактерияларының дамуына ықпал етеді. Көкөністермен жемістердің құрамындағы пектин заттары мен клетчатка сияқты тағамдық емес көмірсулардың да детоксикациялаушы қасиеттері бар. Пектин заттары химиялық табиғаты жағынан гликополисахаридтерге, ағзаға сіңетін еритін заттарға жатады. Олар улы заттарды сорбциялайды, қорғасыннан, т.б. металдардан уланудың алдын алуда пайдаланылады, сондай-ақ, ішектегі патогенді шіріткіш микроорганизмдерінің өсуін тоқтатады.

 Көмірсулардың жетіспеушілігі денсаулық жағдайына теріс әсер етеді. Гипогликемия энергиялық метериаларды тез жеткізіп отыруды бірінші кезекте қажет ететін ми мен еттердің энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылуына әкеп соғады. Бұл жағдай жалпы әлсіздікпен, ұйқышылдықпен, есте сақтаудың нашарлауымен, бас ауруы, ой жұмысы мен дене жұмысына қабілетінің төмендеуімен білінеді.

 Майлар. Жануартекті және өсімдік азықтарымен ағзаға түсетін тағамдық майлардың құрамына негізінен нейтралды майлар, сондай-ақ, фосфолипидтер мен стериндер кіреді. Ағзаға сырттан түскен майлардан ішектің қабырғасында қайта синтезделуі (ресинтез) нәтижесінде ағзаның майына ұқсас май түзіледі.

 Майлар, көмірсулармен қатар негізгі энергия көзі – ағзада 1 г май тотыққан кезде 37,6 кДж (9 ккал) энергия береді. Майлар, сондай-ақ, құрылымдық элемент ретінде цитоплазманың және жасуша қабықшасының құрамына кіріп, гормондардың синтезделуіне қатысып белгілі бір дәрежеде пластикалық та роль атқарады.

 Майлармен бірге ағзаға майда еритін А, Д, Е және К дәрумендері түсіп отырады. Майлар осы дәрумендердің еріткіштері болып, олардың жақсы сіңуіне ықпал етеді

 Май жылуды нашар өткізеді, сондықтан ағзаны суықтан сақтайды, оның үстіне едәуір серпімділік қасиетінің болуына байланысты амортизациялық қызмет атқарады. Майлар тағамның дәмін жақсартады және ұзақ уақыт тоқтық сезімін береді.

 Майлармен бірге ағзаға маңызды роль атқаратын қосылыстар-фосфолипидтер және стериндер түседі.

Фосфолипидтер жасуша мембраналарының құрамына кіреді. Олардың гипохолестеринемиялық және липотроптық әсері бар. ОЖЖ дамуы үшін қажет. Ағзаға қажеттілігі тағамның құрамында түсетін алдыңғы өнімдерінен немесе фосфолипидтердің ыдырау өнімдерінен эндогенді снтез арқылы қанағаттандырылады.

Стериндер - жоғары молекулалы бір атомды спирттер. Олар бүйрек үсті және жыныс бездері гармондарының, өт қышқылдарының, Д-дәруменінің синтезделуіне қатысады. Ең маңыздысы холестерин. Ол жоғарыда айтылғандармен қатар, мембраналардың өткізгіштігін реттеуге қатысады. Холестерин бауырда синтезделеді. Зат алмасуы бұзылған кезде ол атеросклероздың дамуына қатысатын фактор ретінде болуы мүмкін.

 Майларды тұтыну нормалары. Майлардың орташа тәуліктік қажеттілігі белоктардың қажеттілік нормаларына жақын. Ер адамдар үшін ол 70-154 г/тәулік (1,0-2,2 г/кг) аралығында, әйел адамдар үшін 60-102 г/тәулік (1,0-1,8 г/кг).

 Ағзаға майлардың қажеттілігі негізінен майлардың өзі мен: өсімдік майларымен, сары маймен (сливоч.), малдың майларымен, сондай-ақ, тағамдық азықтардың (еттің, балықтың, бауырдың, жұмыртқаның, қаймақтың т.б.) құрамына кіретін майлармен өтеліп отырады. Дәнді дақылдардың құрамында майы көп емес (2 % дейін). Көкөністер мен тамыр тұқымдыларда тіпті жоқ деп айтуға болады (0,1 % және одан да кем).

 Ақуыз. Астың құрамындағы ақуыз ағзадағы ұлпаларды қайтадан қалпыны келтіруге негіз болып табылады. Ақуыздан жасушалар мен ұлпалар құралады және ферметтер мен кейбір гормондар түзіледі. Жасушалардың орнына басқа заттар (майлар, көмірсулар ) колдана алмайды. Ақуыз асқорту мүшелері жүйесінде аминқышқылдарда дейін ыдырайды және ол аш ішектен қанға өтеді.

 Осы әр түрлі аминқышқылдарынан жасушалар мен ұлпалардан адам ағзасына тән ескі ақуыз ағзада ыдырап отырады. Сөйтіп ағзада ақуыз үнемі жаңарып тұрады. Мысалы, бұлшықет жасушаларында – миозин, ал сүт бездерінде казеин деген ақуыз түзіледі. 1 г зат ыдрағанда 17,6 кДж энергия бөлінеді және ақуыздың ыдырау заттары – су, көміртегінің қостотығы, аммиак, мочевина және т.б. пайда болады. Бұлар қажетсіз заттар, олар сыртқы шықарылады. Бір тәуліктегі бір адамға қажетті ақуыз мөлшері 100-118 г.

 Балалар мен жас өспірімдерде ақуздың түзілуінен гөрі ыдырауы көп болада. Сондықтан оларға тамақтану мөлшерінен есептегенде мұны естен шығармаған жөн.

 Витаминдер. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ витаминсіз біздің организміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті витаминді алып отырады.

 А витамині (ретинол) организмнің өсуіне және дамып, жетілуіне әсерін тигізеді. А витамині жетіспесе,адам қараңғыда көзі көрмейтін ақшам соқыр ауруына шалдығады. Ол организмнің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жақсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А витамині – балық бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде, қызанда, т.б. болады.

 В витаминінің түрлері өте көп: В1, В2, В6, В12. Сондықтан оларды В витаминдер тобы деп атайды. В тобының витаминдері зат алмасу, көптеген ферменттік реакцияларды реттейді. В1 витаминінің(тиамин) жетіспеуі сал ауруы (бери-бери ),жүрек ауруына шалдықтырады. В2 (рибофлавин) жасушаның энергия алмасуын реттейді. Егер жетіспесе көз жанарының бұзылуына әкеліп соқтырады.В 6 (пиридоксин)нәруызбен майлар алмасуына қажет. В12 (цианокобаламин)витамині жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің жетіліп, қанға түсуіне және оттекті тасымалдауға әсер етеді. Бұл витамин жеткіліксіз болса, қаназдық ауруы пайда болады. В15 витамині – жүрек қан тамырларының жұмысына әсер етеді.

 С витамині(аскорбин қышқылы) организмнің түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тістің мықтылығын жақсартады. Ол организмге қыста және көктемде көбірек қажет. Бұл витамин организмде жеткілікті болу үшін – көкөніс пен жеміс – жидектерді , ашыған қырыққабатты тағамға көбірек пайдаланған жөн.

 Д витамині (кальциферол)организмде күн сәулесінің әсерінен түзіледі. Бұл витаминнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Мешел ауруымен ауырғанда – баланың ұйқысы нашарлап , қаңқасы дұрыс қалыптаспайды, аяқ сүйектері қисайып, басы мен іші үлкен болады. Бұл аурудан сақтану үшін бала таза ауада, күншуақта көбірек серуендеу керек.

 Біздің дәрі –дәрмек шығаратын өндірістеріміз тәтті қабықпен қапталған дайын витаминдер жасайды. Бірақ витаминдерді ауру және сау адамдардың дәрігердің рұқсатынсыз өз бетімен ішуге болмайды. Витаминді дұрыс пайдаланбай, мөлшерден көп пайдаланса, әр түрлі ауруларға ұшырап, денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.

 К витамині қанның құрамындағы қан ұюға қатысатын заттарға әсерін тигізеді. Сондықтан бұл витамин жетіспегенде – жарақаттанған адамның қаны ұйымай , қан көп кетеді. К витамині қырыққабатта, қызанда және бауырда болады. Оны ішектегі микроорганизмдер түзеді.

 Тамақта витаминдердің сақталуы. Тамақты сақтағанда және өңдегенде витаминдер бұзылады. С витамині бұзылмай сақталуы үшін - жемістер мен көкөністердің қабығын өте жұқа етіп аршу керек. Көкөністерді пісіру және пайдалану алдында ғана қабығынан тазартып, кеседі. Қабығы аршылған картопты қарайып кетпеу үшін суға салып қояды. Тамақты эмаль немесе іші тефлонмен жабылған ыдыста дайындайды. Көкөністі қайнап жатқан суға немесе сорпаға салып пісіреді. Бұл кезде судың көлемінің аз болғаны жөн. Піскен тамақта витаминдердің бұзылмай сақталуы қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу