Жоғары молекулалы қосылыстар. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.2C Синтетикалық полимерлер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жоғары молекулалы қосылыстар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.2.19 "мономер", " құрылымдық буын ", "олигомер", "полимер", "полимерлену дәрежесі" ұғымдарын ажырата білу”;

Бағалау критерийлері

"мономер", "құрылымдық буын", "олигомер", "полимер", " полимерлену дәрежесі”; ұғымдарын ажыратады

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология: полимер, мономер,олигомер, полимерлену, синтетикалық полимер.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Полимер дегеніміз ........... .

Мономер дегеніміз ........... .

Олигомер дегеніміз

Полимерлену реакциясы ..................... нәтижесінде пайда болады..

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларда негізгі адами құндылықтар: кез келген жағдайда сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болу, әділ болу, шешім қабылдау кезінде бастамашыл болуды қалыптастыру.

Бастапқы білім

Органикалық химия. Алкендер.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 минут

Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру.

Ой шақыру. жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға ррезентацияда белгілер көрсетіліп келесідей сұрақтар қойылады.

  • Сізге осындай белгілер таныс па?
  • Бұл белгілерді қайдан көрдіңіз?

Осындай сұрақтарды талқылай отырып, сабақ тақырыбы ашылады

Сабақтың тақырыбына қарап отырып, оқушылар сабақтың оқу мақсаты мен күтілетін нәтижені өздеріне құрастыру сұралады. Одан кейін бағалау критерийлерімен танысады.

презентация

7 минут

7 минут

20 минут

Жаңа сабақ. Бірлескен талқылау.

полимерлеу реакциялары деп қандай реакцияларды айтамыз?

Этиленнен басқа тағы қандай қосылыстар полимерлену реакциясына түсуі мүмкін?

Заттардың полимерлеу реакциясының жалпы формуласын шығаруға бола ма?

Мономерлерге қандай талаптар қойылады? Полимерлеу реакциясы үшін шикізат қайда және қалай өндіріледі? Сұрақтарды талқылай отырып"мономер"," құрылымдық буын"," олигомер"," полимер", " полимерлену дәрежесі” ұғымдарына түсінік беріледі

Аддитивті (қосылу) полимеризация

Поликонденсация

Молимодтармен жұмыс.

Оқушыларға полиэтилен, полипропилен молекулаларының моделін,сонымен қатар этандиол-1,2 (НО-СН2-СН2-ОН) және пропандикарбон (НООС-СН2-СООН) молекулаларының шар-өзекті моделін құру ұсынылады.

Жеке жұмыс.

Оқушылар полимердегі "мономер"," құрылымдық буын", полимер" ұғымдарын бір-бірінен ажырата білу мақсатында үлестіру материалымен жұмыс істейді, , көрсетілген қосылыстар полимерлерінің формулаларын құратырып, тапсырмалар орындайды

Жеке жұмыс.

Әр оқушы белгілі бір полимерді таңдайды және полимеризацияның тиісті теңдеуін құрайды.

ЖМҚ кұрамының күрделілігі оның молекулалық массасының да өте үлкен болуын қамтамасыз етеді. "Үлкен", "кіші" деген сөздер салыстырмалы шартты түрде қолданылады. Сондықтан Мr < 500 болса, кіші молекулалы, Мг >5000 болса, жоғары молекулалы қосылыс деп саналады. Ал 500 < Мг<5000 болса, онда олигомер (грек. "олигос" — "көп емес, шамалы" деген мағынаны білдіреді) деп аталады. Бұлай бөлудің негізі молекула шектен тыс көп атомнан тұратын жағдайда олардың сандарының шамалы өзгеруі қасиеттеріне аса көп әсерін тигізбейді, кейде тіпті өзгермейді

Полимерлену дәрежесін анықтау мақсатында тапсырмалар орындау. Полимерлердің полимерлену дәрежесін анықтаңыз:

А) Мг=500 полиэтилен Б) Мг=800 полипропилен

Жауаптарды талқылау, қателерді толықтыру және түзету

Макромолекуланың құрамына кіретін буындар саны жоғары молекулалық қосылыстардың полимерлену дәрежесін көрсетеді, оны Р әріпімен белгілейді.

Полимерлену дәрежесі (Р) жоғары молекулалық қосылыстың молекулалық массасымен (Мr) мынандай қатынаста болады:

Р= Мr/ m

мұнда, m – буынның молекулалық массасы.

Презентация

Молимодтар

Қосымша (1),(2)

Үлестірмелі материалдар

Қосымша (3)

Үлестірмелі материалдар

Қосымша (4),(5)

презентация

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия. Сабақ мақсатына, бағалау критерийлеріне қайта оралу. Кері байланыс.

Үй жұмысы: Жұмыс парағындағы 2-ші тапсырманы орындау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?