Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы туралы түсінік. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ: 11.2С Синтетикалық полимерлер.

Күні:

Сынып: 11

Мектеп: ФМБ НЗМ Нұр-Сұлтан қаласы

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы туралы түсінік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 11.4.2.19 «мономер», «құрылымдық буын», «олигомер», «полимер», «полимерлену дәрежесі» түсініктерін ажырату.

Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетті, егер:

  • «мономер», «құрылымдық буын», «олигомер», «полимер», «полимерлену дәрежесі» түсініктерін бір-бірінен ажырата алса;

Тілдік мақсаттар

Білім алушылар міндетті түрде:

- «мономер», «құрылымдық буын», «олигомер», «полимер», «полимерлену дәрежесі» туралы жалпылама және жазбаша түрде жаза білу

Пәндік лексика және терминология:

- полимерлену дәрежесі, құрылымдық буын

мономер

мономер

monomer

құрылымдық буын

элементарное звено

structural link

олигомер

олигомер

oligomer

полимер

полимер

polymer

полимерлену дәрежесі

степень полимеризации

degree of polymerization

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларда негізгі адами құндылықтар: кез келген жағдайда сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болу, әділ болу, шешім қабылдау кезінде бастамашыл болуды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Экология, ағылшын және қазақ тілі

Бастапқы білім

Органикалық химияның алдыңғы тақырыптары

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

-Амандасу

-Сабақ тақырыбымен, барысымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

- Жоғары молекулалық қосылыстар деп қандай қосылыстарды айтамыз?

Жоғары молекулалы қосылыстар

 немесе  полимерлер деп (гр. πολύ- — көп,  μέρος — бөлік, бөлігі) — молекула құрамында

өзара химикалық немесе координаттық байланыстармен қосылған жүздеген, мыңдаған атомдары бар және өздеріне ғана тән қасиеттермен ерекшеленетін заттар тобы. Мысалы: ( - CH2 – CH2 - ) полиэтилен

( - C6H10O5 - )n крахмал

- Құрылымдық буын дегеніміз не деп ойлайсыздар ?

Жоғары молекулалы қосылыстарды қысқаша ЖМҚ деп стандартты атауға немесе "полимерлер" деуге болады. Полимерлер (грек. "поли"—көп, "мерос"—бөлшек) ондаған және жүздеген мың, кейде миллиондаған атомдардан тұратын үлкен молекулалар.

Атомдар санының өзгеруіне қарай макромолекулалардың сапалық қасиеттерінде де ерекшеліктері болады. Химиялық таза полимерлердің макромолекулалары қайталанып отыратын құрылым буындарынан құралады.

Полимерлену дәрежесі дегеніміз не?

- Құрылым буындарының саны полимерлену дәрежесі – n деп аталады, оның сан мәні 1000-нан 1 млн-ға жуық болуы мүмкін. Іс жүзінде кез келген полимерлер — құрамы және химиялық құрылысы бірдей, тек құрылым буын саны әр түрлі бірнеше макромолекуланың қоспасы. Егер құрылым буындары әр түрлі болса, онда сополимер деп атайды.

Мономер дегеніміз не?

- Полимер синтезделетін кіші молекулалы зат мономер деп аталады. ЖМҚ кұрамының күрделілігі оның молекулалық массасының да өте үлкен болуын қамтамасыз етеді.

Олигомер дегеніміз не?

"Үлкен", "кіші" деген сөздер салыстырмалы шартты түрде қолданылады. Сондықтан Мr < 500 болса, кіші молекулалы, Мг >5000 болса, жоғары молекулалы қосылыс деп саналады.

Ал 500 < Мг<5000 болса, онда олигомер (грек. "олигос" — "көп емес, шамалы" деген мағынаны білдіреді) деп аталады. Бұлай бөлудің негізі молекула шектен тыс көп атомнан тұратын жағдайда олардың сандарының шамалы өзгеруі қасиеттеріне аса көп әсерін тигізбейді, кейде тіпті өзгермейді.

Сабақты қорытындылау.

  • Мономер дегеніміз не?
  • Полимерлер деп қандай заттарды айтамыз?
  • Полимерлену дәрежесі дегеніміз не?
  • Мономер мен құрылымдық буынның айырмашылығы неде?

-Сабақты қорытындылау

-Үй тапсырмасы.

  • Сабақ материалын білу.
  • Жоғары молекулалы қосылыстарды синтездеу әдістерін қарастырып келу.

- Сабақ бойынша рефлексия

Power point-тегі

слайдтар

№ 1-8

№9-11

№12

№13

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топта жұмыс жасағанда белсенді оқушылар қалған оқушыларға көмектесіп отырады.

Оқушылардың арасындағы ақпарат алмасу қалған оқушыларға үнемі пайдасын тигізіп отырады.

Жұздызшамен белгіленген тапсырмалар- күрделі тапсырмалар

Сабақты бағалау ретінде оқушылар рефлексияны көрсетеді. Сондай-ақ практикалық жұмыс барысында оқушылар сабақ материалын қалай меңгергендігі белгілі болады.

Тәжірибелік жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы.

Қоңырау уақытында терезені ашып, бөлменің ауасын тазарту.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз.

Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?