алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы туралы түсінік. Химия, 11 сынып, презентация.


11.2С Синтетикалық полимерлер

Сабақтың тақырыбы:

Жоғары молекулалы қосылыстар химиясы туралы түсінік

Нұр-Сұлтан қаласындағы ФМБ НЗМ

11.4.2.19 «мономер», «құрылымдық буын», «олигомер», «полимер», «полимерлену дәрежесі» түсініктерін ажырату.

Оқу мақсаты:

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

- «мономер», «құрылымдық буын», «олигомер», «полимер», «полимерлену дәрежесі» түсініктерін бір-бірінен ажырата алса;

Бағалау критерийлері:

Терминология

Жоғары молекулалық қосылыстар деп қандай қосылыстарды айтамыз?

Жоғары молекулалы қосылыстар немесе полимерлер деп

(гр. πολύ- — көп μέρος — бөлік, бөлігі) — молекула құрамында

өзара химикалық немесе координаттық байланыстармен қосылған

жүздеген, мыңдаған атомдары бар және өздеріне ғана тән

қасиеттермен ерекшеленетін заттар тобы. Мысалы:

( - CH2 – CH2 - ) полиэтилен

( - C6H10O5 - )n крахмал

https://bilimland.kz/ru/subject/ximiya/11-klass/polimery?mid=e97805c0-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe

Құрылымдық буын дегеніміз не деп ойлайсыздар ?

Жоғары молекулалы қосылыстарды қысқаша ЖМҚ деп стандартты атауға немесе "полимерлер" деуге болады. Полимерлер (грек. "поли"—көп, "мерос"—бөлшек) ондаған және жүздеген мың, кейде миллиондаған атомдардан тұратын үлкен молекулалар.

Атомдар санының өзгеруіне қарай макромолекулалардың сапалық қасиеттерінде де ерекшеліктері болады. Химиялық таза полимерлердің макромолекулалары қайталанып отыратын құрылым буындарынан құралады.

Құрылым буындарының саны полимерлену дәрежесі – n деп аталады, оның сан мәні 1000-нан 1 млн-ға жуық болуы мүмкін. Іс жүзінде кез келген полимерлерқұрамы және химиялық құрылысы бірдей, тек құрылым буын саны әр түрлі бірнеше макромолекуланың қоспасы. Егер құрылым буындары әр түрлі болса, онда сополимер деп атайды.

Полимерлену дәрежесі

https://bilimland.kz/ru/subject/ximiya/11-klass/polimery?mid=e97805c1-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe

Полимер синтезделетін кіші молекулалы зат мономер деп аталады. ЖМҚ кұрамының күрделілігі оның молекулалық массасының да өте үлкен болуын қамтамасыз етеді.

Мономер

"Үлкен", "кіші" деген сөздер салыстырмалы шартты түрде қолданылады. Сондықтан Мr < 500 болса, кіші молекулалы, Мг >5000 болса, жоғары молекулалы қосылыс деп саналады.

Ал 500 < Мг<5000 болса, онда олигомер (грек. "олигос" — "көп емес, шамалы" деген мағынаны білдіреді) деп аталады. Бұлай бөлудің негізі молекула шектен тыс көп атомнан тұратын жағдайда олардың сандарының шамалы өзгеруі қасиеттеріне аса көп әсерін тигізбейді, кейде тіпті өзгермейді.

Олигомер

Мономер дегеніміз не?

Полимерлер деп қандай заттарды айтамыз?

Полимерлену дәрежесі дегеніміз не?

Мономер мен құрылымдық буынның айырмашылығы неде?

Қорытынды сұрақтар

Сабақ материалын білу.

Жоғары молекулалы қосылыстарды синтездеу әдістерін қарастырып келу.

Үй жұмысы


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨‍🎓 02.03.2023


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы