Алмасатын және алмаспайтын аминқышқылдарының биологиялық маңызы. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар:

11.2А Аминдер және аминқышқылдары

Мектеп:

Күні:

Мүғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Алмасатын және алмаспайтын аминқышқылдарының биологиялық маңызы

Сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

Алмасатын және алмаспайтын аминқышқылдарының биологиялық маңызын түсіндіру

 Сабақтың

  мақсаты

Оқушылар:

  • Аминқышқылдары туралы түсінік беру
  • Олардың биологиялық қызметін түсіндіру

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Олар тиесілі болатын жалпы өнімдер, топтар атауының тізілімін анықтайды, сондай-ақ тамақтану тұрғысынан топқа кіретін әр өнімнің үлесін бағалай алатын болады.

Құндылықтарды дарыту

 

 

Мектеп құндылықтары мен Мәңгілік Ел идеяларын сабаққа енгізу сабақтың ажырамас бөлігі. Ол құндылықтар сабақ барысында туындаған жағдайға және оқу мақсаттары мен оқушылардың жауаптарына сай қолданылып барылады.

Білім құндылықтары:

  • Құрмет.
  • Ашықтық.
  • Өмір бойы білім алу.

Сабақ барысында тек осы жоғарыдағы құндылықтар ғана емес, сонымен қатар мектебіміздің басқа да құндылықтары қажет болған кезде кіріктіріліп барылады.

Пәнаралық байланыстар

Биология

АКТ қолдану дағдылары

Презентация. Анимациялар.

Бастапқы білім

10.2A Органикалық химияға кіріспе

10.3А Тепе-теңдік

11.1B Азот пен күкірт

11.2C Ароматты қосылыстар қатары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

4-12

Activity 1

a) 2-аминобутан қышқылының құрылысын сызыңыз

b) 2-аминобутанқышқылының екі оптикалық изомериясының формуласын салыңыз

Activity 2

2-аминоқышқылының келесі заттармен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазыңыз:

i) тұз қышқылы

ii) натрий гидроксиді

Төмендегі қосылыстардың конденсациялануы нәтижесінде түзілетін полипептид формуласын салыңдар

i) 2-аминобутанқышқылының екі молекуласы

ii) 2-аминобутанқышқылының үш молекуласы

iii) 2-аминобутанқышқылының төрт молекуласы

презентация

Ортасы

13-20

Activity 3

Зертханалық жұмыс № 5:

Аминқышқылдарының молекуласын модельдеу және ондағы ассиметриялық көміртегі атомдарының санын анықтау. Ол үшін сізге үлкен топта жұмыс жасау қажет. Аминқышқылы молекуласын эасау үшін сіздерге сутек атомдары (ақ), көміртек атомдары (қара), оттек атомдары (қызыл), азот атомдары (көк) және көптеген байланыстар қажет болады.

Алмасатын әне алмаспайтын аминқышқылдары

Сізге шоколад печеньелерін жасау қажет болды деп ойлайық. Ол үшін сіздің асүйіңізде табылатын ұн, қант, тұз болғанымен шоколад үшін сіздің дүкенге баруыңызға тура келеді әйтпесе жоспарланған печеньеңіз толық шықпауы мүмкін. Осы печенье құрамы сіздің денеңіздегі ақуыз түзуге қатысатын аминқышқылына ұқсайды. Асүйіңіздегі дайын ингридиенттер алмаспайтын аминқышқылы болып табылады.

Алмаспайтын аминқышқылдары

Сіздің денеңіз 20 түрлі аминқышқылын қабылдап оны ұзындығына және ретілігіне қарай топтастыратын миксерге ұқсайды. Осы 20 аминқышқылдарының 10ы алмаспайтын аминқышқылдары болып табылады, оларды сіз ақуыз тағамдарының (ет, балық, сүт) құрамынан ала аласыз. Бұл тағамдар сіздің ағзаңызда аминқышқылдарына ыдырай отырып, содан соң олар ағзаңызда қажетті ақуыздардың кең спектрін түзу үшін қайта топтасады.

Алмасатын және алмаспайтын аминқышқылдарының айырмашылығы

  • Ағзада ақуыздың барлық түрін түзетін 20 түрлі аминқышқылы кездеседі
  • Бұл аминқышқылдары ұлпалардың, эритроциттердің, ферменттердің және де басқа заттардың түзілуіне қажет болып табылады.
  • Олардың 9-12 тағамнан емес, ағзада өздігінен түзіле алады
  • Қалған 8-11 тағам рационымен бірге қабылданады

презентация

21-30

Activity 4 Мәтінді оқып бос орындарды толтырыңыз

9 түрлі аминқышқылдары сіздің ағзаңыздағы маңызды қызметті атқарады:

1 фенилаланин

2 валин

3 треонин

4 триптофан

5 метионин

6 лейцин

7 изолейцин

8 лизин

9 гистидин

презентация

31-38 min

Видеоны көріп шығып келесі сұрақтарға жауап беріңіз

Оқушылардан сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар:

І деңгейлі тапсырмалар (білу мен түсіну):

1. Амин қышқылдары дегеніміз не?

2. Адам ағзасының дұрыс өсуі үшін қанша амин қышқылы қажет.

3. Алмастырылмайтын аминқышқылдарының саны қанша?

4. Алмастырылмайтын аминқышқылдарын атаңыз.

5. Шартты алмастырылмайтын амин қышқылдары дегеніміз не?

ІІ деңгейлі тапсырмалар (қолдану):

1. Алмастырылмайтын аминқышқылдарының әрбірінің маңызды деген қолданылу салаларын айтып шығыңыз.

https://www.youtube.com/watch?v=x5ZXQo-xeMo

ppt

39-40

Кері байланыс

Бүгінгі тақырыпқа қатысты қорытынды 5 сөйлем жазыңыз

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Алмастырылатын және алмастырылмайтын амин қышқылдарының не екенің біледі және түсінеді. Маңызды дегендерінің әрбірінің биологиялық ролі туралы біледі.

Кейбір оқушылар:

Оқу мақсатын жете түсініп, оған жету жолында алға қойылған критерийлерді толықтай меңгереді. Оқу мақсатына толық жетіп, сабақ барысында өзінің үйренгенің өзге бөлісе алады.

Оқушылардың оқу жетістігін бағалау үшін олардың берілген сұрақтар мен тапсырмаларға жұрыс және анық жауап беруі, практикалық жұмысты сауатты орындауы басты назарда болады. Сондай-ақ олар өз ойларын ашық түрде жеткізе алулары керек.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?