Галогендер. Хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер. Адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық ролі. Йод жетіспеушілігінен туындайтын аурулардан Қазақстан тұрғындарын. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Күні ___________

«Бекітемін»

Химия ӘБ жетекшісі ______________

Бөлім:10.4А Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары

КҮНІ:

Мектеп: Орал қаласы ФМБ НЗМ

Мұғалім:

СЫНЫП: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Галогендер. Хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер.

Адам тіршілігіндегі йодтың биологиялық ролі. Йод жетіспеушілігінен туындайтын аурулардан Қазақстан тұрғындарын

Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты

10.2.1.41 топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;

10.2.1.42 тұз қышқылының химиялық қасиеттерін оқып білу және оның қолданылу аймағын білу;

10.4.1.12 адам ағзасындағы йодтың биологиялық ролін білу және Қазақстан территориясында йод жетіспеушілігіне байланысты туындайтын ауруларды түсіндіру және осы мәселелерді шешу жолын ұсыну;

Сабақ мақсаты

  • Алдыңғы білімдерін еске түсіре отырып хлор элементінің атом құрылысымен танысады;
  • Топтағы галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді
  • Тұз қышқылының химиялық қасиеттерін түсіндіріп, оны қолдану саласын біледі
  • Адам ағзасындағы йодтың биологиялық рөлін және Қазақстанда йод жетіспеушілігімен байланысты аурулардың пайда болуын түсіндіреді және осы мәселені шешу жолдарын ұсынады

Бағалау критерийі

Оқушылар:

БК1 Хлор элементінің атом құрылысымен талдайды;

БК2 Топтағы галогендердің физикалық және химиялық қасиеттеріндегі өзгерістердің заңдылықтарын түсіндіре алады;

БК3 Тұз қышқылының химиялық қасиеттерін біледі және оны қолдану саласын қарастырады;

БК4 Адам ағзасындағы йодтың биологиялық рөлін біледі және Қазақстанда йод жетіспеушілігімен байланысты аурулардың пайда болуын түсіндіреді.

Миссия, Ұстаным, Құндылықтар

Миссия

  • Шығармашылық дағдысын дамыту;

Ұстаным

  • Көшбасшылыққа бағытталған сапалы білім беру;
  • Сыни ойлау дағдыларын дамыту;

Құндылықтар

  • Құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Жауапкешілік

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылығын ауызша түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Галоген, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш, түсі, иісі, бөле температурасындағы агрегаттық қүйі, балқу, қайнау температуралары, екі атомды

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Топ бойынша жоғардан төмен қарай атомдық масса артқан сайын элементтердің.......... артады\кемиді

Меніңше, галогендердің физикалық қасиеттері/екі атомды молекулалық құрылым... болып табылады... өйткені...

Қатты заттар.... буланады... байқадық

Біздің байқағанымыз, егер біз топ бойынша (қасиет) төменге жылжыған кезде көбейеді/азаяды

Пәнаралық байланыс

Физика

Экология

Биология

Алдыңғы білім

Атом құрылысы (6.4C, 7.1A)

Зат күйінің өзгерісі (7.1C)

Химиялық реакциялар мысалдары (7.2C)

Атомдардағы электрондардың қозғалысы (8.2A)

Формулалар және химиялық реакциялар (8.3A)

Қосылыстардың құрылымдары (9.1B)

Жоспар

Жоспарланғанмерзімдер

Жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

0-1

1-2

2-7

(7 минут)

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың тақырыбы мақсаттары айтылады.

  •   Өткен сабақпен байланыс(W)

Мақсаты: Алдыңғы білімдерін еске түсіре отырып хлор элементінің атом құрылысымен танысу;

Сипаты: Кездейсоқ таңдау арқылы бір оқушы таңдалып алынып хлор атом құрылысын тақтаға жазып көрсетеді (протон, нейтрон, электрон саны, энергетикалық деңгей, конфигурация, графикалық формула, валентілігі, тотығу дәрежелері).

Оқушы іс-әрекеті: Бір оқушы тақтаға хлор атомының құрылысын жазады. Қалған оқушылар дұрыстығын қадағалап, толықтырады.

Мұғалім іс-әрекеті: Хлор атомының құрылысын жазуды ұсынады. Тапсырманың дұрыстығын қадағалайды. Оқушыларға көмек береді, толықтырады.

Бағалау критерийі:

Хлор элементінің атом құрылысымен талдайды;

Ортасы

7-23

23-40

40-60

60-75

  • Жаңа сабақты түсіну (G)

Мақсаты: Топтағы галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді

Сипаты: Оқушыларға слайд арқылы элементтердің физикалық және химиялық қасиеттері өзгеру заңдылықтары берілген кесте көрсетіледі. Сынып екі топқа бөлінеді. Топта кесте бойынша талдау жүргізеді. (галогендердің физикалық қасиеттерінің өзгеру тенденцияларын талқыланады (агрегаттық күйі,түсі, қайнау температурасы), галогендердің химиялық қасиеттерінің өзгеру тенденциялары).

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар екі топқа бөлініп галогендердің қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын талқылайды, келесі топ мүшелеріне таныстырып, қорғайды.

І-топ. Галогендердің физикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары

ІІ-топ. Галогендердің химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары.

Мұғалім іс-әрекеті: Мұғалім оқушыларға топтық тапсырма береді. Оқушылардың топта тапсырманы орындауын қадағалайды. Тапсырма бойынша түсінбеген сұрақ бойынша толықтырады.

Бағалау: Топтар өзара бағалайды.

Бағалау критерийі:

Топтағы галогендердің физикалық және химиялық қасиеттеріндегі өзгерістердің заңдылықтарын түсіндіре алады;

  • «Мәліметпен жұмыс» (Р)

Мақсаты: Тұз қышқылының химиялық қасиеттерін түсіндіріп, оны қолдану саласын біледі.

Сипаты: Оқушыларға тұз қышқылының химиялық қасиеттері, қолану саласы туралы жазылған теориялық материал беріледі. Олар материалмен жұпта танысады, талдайды. Берілген кестені толтырады.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар жұпта материалдармен танысады, талдайды, кестені толтырады. Толтырған кестелерін берілген дұрыс жауап бойынша бағалайды. Кеткен қате бойынша қатемен жұмыстанады.

Мұғалім іс-әрекеті: Мұғалім оқушыларға теориялық мәліметтер таратады, бақылайды, қадағалайды, бағыт береді, қажет болған жағдайда оқушы жауаптарын толықтырады.

Бағалау: Өзіндік бағалау.

Бағалау критерийі:

Тұз қышқылының химиялық қасиеттерін біледі және оны қолдану саласын қарастырады;

  • Бейнематериал (W, G)

Мақсаты: Адам ағзасындағы йодтың биологиялық рөлін және Қазақстанда йод жетіспеушілігімен байланысты аурулардың пайда болуын түсіндіреді және осы мәселені шешу жолдарын ұсынады

Сипаты: Оқушыларға адам ағзасындағы йодтың биологиялық рөлі туралы ақпарат беру үшін бейнематериал көрсетіледі, Қазақстандағы йод жетіспеушілігімен байланысты аурулардың түрлерімен таныстырылады және оқушылар интернет көзін қолдана отырып осы мәселені шешу жолдарын ұсынады.

Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар бейнебаянды көреді. Өздеріне қажетті мәліметтерді жазып алады, Қазақстандағы йод жетіспеушілігімен туындатын ауру түрлерімен танысады. Содан кейін сынып үш топқа бөлінеді. Әр оқушы көрсетілген ақпараттарды жинақтап, топ ішінде талдайды. Интернет көзі арқылы осы мәселені шешу жолдарымен танысады, топта талдайды. Әр топта бір спикер басқа топ оқушыларына өз жұмыстарын таныстырады, қорғайды.

Мұғалім іс-әрекеті: Бейнематериалды көрсетеді, йод тапшылығынан туындайтын аурулар туралы ақпарат айтады, оқушылардың жұмысын бақылайды, қажет жерде көмек береді.

Бағалау: бірін-бірі бағалау

Бағалау критерийі:

Адам ағзасындағы йодтың биологиялық рөлін біледі және Қазақстанда йод жетіспеушілігімен байланысты аурулардың пайда болуын түсіндіреді.

  • «Бекіту тапсырмасы» (I)

Мақсаты: Галогендер туралы білімдерін жүйелеу

Сипаты: Бүгінгі оқу мақсаттары бойынша сараланған тапсырмалар орындалады.

Оқушы іс-әрекеті: өз бетінше, жекелей тапсырмаларды орындайды.

Мұғалім іс-әрекеті: Бақылаушы, бағалайды.

Бағалау: бағалау критерийлері.

Power point бағдарламасы бойынша жасалған презентация

Постер, маркер

Оқу материалдары

Жұмыс парағы 1

https://www.youtube.com/watch?v=yyUintyrokI

Планшет, плакат, маркер

Жұмыс парағы 2

Соңы

75-80

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Блум кубигі

Мақсаты: Бүгінгі тақырып бойынша білімдерін анықтау.

Сипаты: алты қырына оқу дағдысының деңгейін анықтайтын 6 сұрақ жазылған кубикті қолданып оқушылардың материалды қабылдау деңгейін анықтау.

Оқушы іс-әрекеті: оқушы кубикті лақтырып, түскен деңгейге қарай тақырып бойынша сұрақ құрастырады және өзге оқушының біреуіне бағыттайды. Жауабын бағалайды.

Мұғалім іс-әрекеті: бақылайды, бағыттайды.

Кері байланыс: оқушы-оқушы.

Блум кубигі

Қосымша ақпарат

Дифференциация – кең қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Барынша қабілетті оқушылар үшін қандай жұмыс түрлерін жоспарлап отырсыз?

Бағалау- Оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлай-сың?

Айқаспа оқу сілтемелері

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

АТ-сілтемелер

Шамаларға сілтемелер

БК1 Хлор элементінің атом құрылысымен талдайды;

БК2 Топтағы галогендердің физикалық және химиялық қасиеттеріндегі өзгерістердің заңдылықтарын түсіндіре алады;

БК3 Тұз қышқылының химиялық қасиеттерін біледі және оны қолдану саласын қарастырады;

БК4 Адам ағзасындағы йодтың биологиялық рөлін біледі және Қазақстанда йод жетіспеушілігімен байланысты аурулардың пайда болуын түсіндіреді.

Топты өзара бағалау

Жұптар өзіндік бағалау

Мұғалімнің бағалауы

Қарастырылмайды

Рефлексия

Сабақ мақсаты/зерттеу мақсаты дұрыс қойылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды? Менің жоспарлаған дифференциациям жақсы жұмыс істеді ме? Берілген уақытты тиімді, дұрыс пайдалана алдым ба? Менің жоспарым бойынша қандай өзгерістер болды және неге?

Сабақ бойынша ой жүгірту үшін бос бағананы пайдалану керек. Сол жақтағы бағанадан сабақ туралы анағұрлым маңызды сұрақтарға жауап беру керек.

Қысқаша бағалау

Қандай екі зат барынша жақсы болды (сабақ беру мен игеруді қарастыру)?

1:

Қандай екі зат сабақты жақсартты (сабақ беру мен игеруді қарастыру)?

1:

Менің келесі сабағым өтетін сынып пен жеке тұлғаларға қатысты осы сабақта мен не игердім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?