Галогеналкандарды алу. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Галогеналкандар | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: 10 сынып ЖМБ | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Галогеналкандарды алу | |||||||
Сабақ типі | Жаңа тақырыпты игеру | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: | 10.4.2.31 галогеналкандарды алу реакциясының радикалды механизімін түсіндіру; | |||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар
| - радикалды механизімін түсіндіру Пәнге қатысты лексика мен терминология: - орынбасу реакциясы, галогеналкандар, хлорфторланған, озон, синтез, хлорфторкөміртек, хладагендер, фреондар, хлорфторкөмірсутектер (СFCl3). Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Еріткіштің маңыздылығы ... болып табылады. Этанолдың құрамы жоғары/ төмен болған сайын, жоғары/төмен .../ көп/аз ... (жүреді). Егер галогеналкан біріншілік болса, онда … Жоғарғы температуралар … тудырады | |||||||
Құндылықтарды дамыту
| Ынтымақтастық: бір- бірін сыйлау Құндылықтар: қоршаған ортаға қамқорлық және тұрақты даму үшін міндеттеме Дағдылар : критикалық және шығармашылық даму сенім мен көрініс, диалог, оқу және рефлексия қызметінің дағдыларын дамыту | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, география | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны қолдану | |||||||
Бастапқы білім | 9.4В Көмірсутектер. Отын. 10.2А Органикалық химияға кіріспе | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 0 – 10 мин | Сәлемдесу. Психологиялық дайындық. Бір бірімізге күлімсірейік. Бүгінгі сабақ бәрімізге қарым-қатынас қуанышын әкелсін. Оқушылармен бірге: мен саған жақсылық тілеймін! Мен өзіме жақсылық тілеймін! Біз бір-бірімізге жақсылық тілейміз! Егер саған қиын болса, Мен саған көмекке келем! Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбын және сабақ мақсаттарын айтады. Оқушылар өзі бағалау критерийлерін шығарады. Сабақ басында мұғалім келесі тапсырманы ұсынады:
Оқушылар галогеналкандарды формуласы мен атауын сәйкес келтіріп, дәптерге жазып алады. | Химия 10 сынып ЖМБ Галогеналкандарды алу. Презентация 1-4 слайд Химия 10 сынып ЖМБ Галогеналкандарды алу. Презентация 5 слайд | ||||||
Сабақтың ортасы 10 - 15 мин 15 - 20 мин 20 - 30 мин 30 - 38 мин | Жаңа материалды игеру Галогеналкандардың анықтамасы: Орынбасушы радикалы бар органикалық қосылыстар: −F, −Cl, −Br немесе −I барлығы бірге галогеналкандар ретінде белгілі. Сондай-ақ бұл қосылыстарды көмірсутектердің галоген туындысы, галогенденген көмірсутектер немесе алкилгалогендер (фторидтер, хлоридтер, бромидтер немесе йодидтер) деп те атайды. Көмірсутектердің галогентуындылары — көмірсутек молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомдарының орнын галоген атомдарына алмастырғанда түзілетін қосылыстар екендігімен таныссыңдар. Химиялық белсенді болғандықтан, галогеналкандар органикалық синтезде кең қолданылады.
(Ж) (Б) Метанды хлорлау реакциясының механизмін сипаттауды оқушыларға ұсыныңыз. Олардан осы реакциядағы жарықтың ролі, сонымен қатар реакцияға қатысатын заттардың табиғаты жайлы сұраңыз. Галогеналкилдерді алкандарды галогендеп алуға болады Жарықтың немесе температураның әсерінен сутек атомдары галогенге алмасатындығымен сендер алкандардың химиялық қасиеттерін өткенде таныстыңдар: CH4 + Cl2 -> СН3Сl + HCl Реакция радикалды механизм бойынша жүреді және оның жағдайына байланысты моно-, ди-, три-, тетрахлортуындылардың қоспалары түзіледі. Қоспадан жеке заттарды айдау арқылы бөліп алуға болады. Метан сияқты оның гомологтарының сутектерін де галогендерге алмастыруға болады. Галогеналкандарды бірнеше алу әдістері бар, олар мәтінде қарастырылған. Ал біз метанды хлорлау реакциясының механизмімен жақын танысамыз. (Т немесе С) Оқушыларды топтарға біріктіріп, үш сатымен: иницирлеу, тізбектің өсуі және үзілуі арқылы жүретін реакциялардың механизмін қарастыруды ұсыныңыз. Алканды хлорлау реакциясы өз бетімен тоқтап қалуы мүмкін бе? Мұғалім оқушыларды топқа random team generator бағдарламасын қолданып 3 топқа бөледі. Оқушылар үш топта мәтін бойынша жұмыс жасайды. Галогеналкандарды алкандар мен галогендерді тікелей әрекеттестіру арқылы алуға болады. Атомдық массасының өсуімен галогендердің алкандарды алмастыра алу қабілеттері азаяды, бұл алканды газтектес хлор мен бром қоспасымен әрекеттестіргенде, өзіне тән хлор туындыларының түзілуімен жалғасын табады. Метанның галогендену реакциясы тізбекті бос радикалды механизмі бойынша жүреді. Жұптаспаған дара электрондары бас белсенді бөлшектер бос радикалдар деп аталады. (Ж немесе Т) Органикалық химия курсында кездесетін бос радикалды механизм бойынша жүретін орынбасу реакцияларын анықтауға оқушыларға тапсырма беріледі. Оқушылар топтық жұмысты аяқтаған соң, мұғалім балалар арасында өзара бағалау жүргізеді. Оқушылар бір-біріне баға қойып, ұсыныс жасау мүмкін. Мұғалім сабақты қорытындылайды. | Химия 10 сынып ЖМБ Галогеналкандарды алу. Презентация 6 слайд «Галогеналкандар» тақырыбына материалдар: http://distant-lessons.ru/galogenalkany.html Химия 10 сынып ЖМБ Галогеналкандарды алу. Презентация 7-9 слайд Бейнелекция: галогеналкандарды алу https://www.youtube.com/watch?v=iRb84ZJXMX8 Галогеналкандардың реакциялары http://himlicey.narod.ru/chem/org_chem_8.pdf Химия 10 сынып ЖМБ Галогеналкандарды алу. Презентация 10 слайд https://www.jamestease.co.uk/team-generator/ Химия 10 сынып ЖМБ Галогеналкандарды алу.Мәтін.docx Химия 10 сынып ЖМБ Галогеналкандарды алу. Қосымша тапсырма ағылшын.pdf | ||||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Сабақтың соңында оқущылар «Тірек сөздер» әдісі бойынша рефлексия өткізеді.
| Химия 10 сынып ЖМБ Галогеналкандарды алу. Презентация 11 слайд | ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Сабақ барысында дарынды оқушылар қолдау қөрсетеді, ал барынша үлгеретіндерге метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейту қажет. Сонымен қатар ол оқушыларға қосымша күрделі тапсырма беруге болады. | Мұғалім ауызша жауаптары, тапсырмалар бойынша бағалайды. Зертханалық жұмыс бойынша бағалау | Партада дұрыс, ыңғайлы отыруы; Практикалық жұмыстың қауіпсіздік шараларының орындалуы (қорғағыш көзілдірік, қолғап, ақ халат). | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 1: 2: |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?