Спирттердің жіктелуі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


4.2 Көміртек және оның қосылыстары

Сыныбы: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Спирттердің жіктелуі

Оқу мақсаты:

-10.4.2.25 спирттерді функционалдық топтардың орналасуы және гидроксил тобының саны бойынша жіктеу

Сабақтың мақсаты

- органикалық қосылыстардың арасынан спирттерді дұрыс анықтап, зат құрылысына сәйкес дұрыс жіктейді.

Тілдік мақсат:

Оқушылар:

- спирттерді функционалдық топтың орналасуы мен гидроксил тобы саны бойынша дұрыс жіктейді

Пәнге қатысты лексика мен терминология: спирт, метил спирті, көмірсутек радикалы, номенклатура, изомер, жіктеу, функционалдық топ, гидроксил тобы, біріншілік спирт, екіншілік спирт, үшіншілік спирт,

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Біратомды және көпатомды спирт... ; қаныққан ..., қанықпаған ..., ароматты...;

... гидроксил тобымен байланысқан көмірсутек радикалына сәйкес ...;

функциональдық топтың болуы мүмкін изомерлер санын елеулі ұлғайтады.

Бағалау критерийі

Білу және түсіну, қолдану:

- Спирттерді басқа органикалық қосылыстардан ажыратады, оларды дұрыс жіктейді және IUPAC номенклатурасы бойынша дұрыс атайды

Дескрипторлар

  • Қосылыста көміртегі атомына байланысқан –ОН «функционалдық тобы» болса, онда ол спирт болып табылатынын түсінеді
  • Функциональдық топ - мүмкін изомерлер санын елеулі ұлғайтатынын түсінеді.
  • Топтың бірінші он мүшесінің формуласын дұрыс құрастырып, атау береді.
  • Спирттердің гомологтық қатарын құрастырады және оларға IUPAC номенклатурасы бойынша дұрыс атау береді

Құндылықтармен байланыс

Сабақта жұптық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізу арқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы

1-6 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Тапсырма №1 Сұрақ - жауап

(W, I)

  • Оттекті органикалық қосылыстар қалай жіктеледі?
  • Құрамында гидроксил тобы бар қандай органикалық қосылыстарды білесіздер?
  • Спирттер дегеніміз не?
  • Спирттерге тән жалпы формуланы естеріңізге түсіріп көріңіздер.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбы нақтыланады.

Слайд 1-2

Слайд 3

Ортасы

07-16 мин

17-19 мин

20 -25 мин

26-30 мин

31-37 мин

Тапсырма №2 Мәтінмен жұмыс

Жеке (І) (5 мин) жұмыс – жұптық(Р) (2 мин) жұмыс – сынып(W)форматы

«Ыстық орындық» стратегиясы

(4-7 слайдтағы ақпаратты қолдана отырып, оқушыларда туындаған сұрақтарға жауап береді)

Тапсырма №3 (Р) Спирттердің гомологтық қатарын құрыңыз (топтағы жұмыс)

1-топ: C2 – C4.

2-топ: C5 – C7.

3-топ: C8 – C10.

Топ аралық бағалау

Дұрыс жауабы 9-слайдта берілген

Тапсырма №4 (Жұптық жұмыс) С4Н9ОН

Зат қандай гомологтық қатарға жатады?

Функционалдық тобы

Жалпы формуласы

Берілген затқа сәйкес келетін 2 изомер құрыңыз және оларды атаңыз

Құрылымдық

Функционалдық топтың орналасуына байланысты

Класаралық

Бейнелеңіз:

эмпирикалық формуласы

молекулярлық формуласы

құрылымдық формуласы

қаңқалық формуласы

Жұп аралық бағалау

Тапсырма №5

Берілген 5 затты ИЮПАК номенклатурасы бойынша атаңыз

Топ аралық бағалау

Дұрыс жауабы 12-слайдта берілген

Тапсырма №6 (І), (Р)

Спирттердің аталуы жүйелеу номенклатурасы бойынша берілген. Олардың құрылымдық формуласын жазыңыз:

а) 2,3-диметилбутандиол-2,3

ә) 2,2,3,4-тетраметилгексанол-3

б) 2-метил-3,3-диэтилгексантриол-1,2,4

в) 3,3-диметил-4-этилгексанол-2

г) пропантриол- 1,2,3

Слайд 4-7

Тіркеме-1

Слайд 8-9

Слайд 10

Слайд 11-12

Слайд 13

Соңы

38-40 мин

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақта мен білдім....
  • Мен білгім келеді....
  • Мен ... түсінбедім

Слайд 14

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен

байланыс

Жұптағы және топтағы жұмысты дұрыс ұйымдастырады

-Қалыптастырушы бағалау бағалау критерийіне, дескрипторға сай

-топ аралық бағалау

- жұптағы бағалау

жұптағы жұмыс барысында бір-бірін құрметтеу, адалдық, жауапкершілік

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

W = сыныппен жұмыс P = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау  = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?